2021 жылдың 26-мамырында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы №69 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманиязова Сара Советовнаның жетекшілігімен «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастыру жолдары» шебер-класс жұмысының қорытынды отырысы zoom платформасы арқылы өткізілді.

               Шеберхана отырысы облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.О.Жубаеваның, Ақтөбе қаласы, №69 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры А.Әбдіжәлелованың сөзімен жалғасты.

              Шеберхана жетекшісі С.Иманиязова бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту жолдары туралы  «Бастауыш сынып оқушыларымен зерттеу  жұмысын жүргізудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында теориялық мәлімет беріп, зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері туралы, баланың зерттеушілік әрекетінің жетекшісі ұстанатын ережелер туралы айтып, іс-тәжірибесімен бөлісті және оқушыларының жүргізген зерттеу жұмыстарымен қорытынды жасады.

  Мектеп психологі А.Саин мұғалімнің құзіреттілігін арттыруда отырыс мүшелерімен «Өз өміріңнің қожайыны» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

               Қашықтан өткізілген отырысқа қатысушы мұғалімдер белсенділік танытып, жұмыс соңында кері байланыс жасалды.

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері   С.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1