https://bilimaktobe.kz/kz/2-uncategorised/489-pedagogikaly-sheberl-k-pen-innovatsiya-ala-y-zd-kter-any-taldy#sigFreeId97260cea4a
2026 жылғы 10 қараша күні ТжКББ ұйымдарының арнайы пән оқытушылары арасында «Үздік арнайы пән оқытушысы – 2026» облыстық байқауы өтті.
Байқау арнайы пән оқытушыларының кәсіби шеберлігін, шығармашылық әлеуетін, инновациялық педагогикалық тәжірибесін және жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді қолдану дағдыларын анықтауға бағытталды.
Байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде қатысушылар «Менің инновациялық сабағым» тақырыбында панорамалық сабақ үзінділерін ұсынып, өздерінің тиімді әдіс-тәсілдері мен педагогикалық шешімдерін көрсетті. Екінші кезеңде «Интерактивті ресурс» тапсырмасы аясында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, интерактивті оқу ресурстарын әзірлеп, қорғады.
Байқау жұмыстарына білім беру саласында кәсіби тәжірибесі мол, педагогикалық шеберлік пен кәсіби жетістіктері жоғары деңгейде танылған сарапшылардан құралған әділқазылар алқасы баға берді.
Байқау қорытындысы бойынша:
I орын - Сарсембаева Жадыра Косбергеновна, Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжі.
Изтеуов Бахитбек Махсутович, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі.
II орын - Султанова Гульмира Нуртазаевна, Ақтөбе автожол колледжі
Даримова Роза Амангельдиновна, Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі
Омарова Венера Утегеновна, Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі.
III орын - Смагулова Айым Нуржаубаевна, Шалқар көпсалалы колледжі
Телмаганбетов Тұрар Боранбайұлы, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
ШакусоваГульжан Калдыбаевна, Ақтөбе сервис колледжі
Сагинтаева Манзира Сериккалиевна, «ДҮНИЕ колледжі
Амитова Галина Дабыловна, Ақтөбе техникa-технологиялық колледжі.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!



