«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» облыстық конкурсы туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Осы Ереже «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» облыстық конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) мақсатын, міндеттерін, күтілетін нәтижелерін, қатысушылар санатын, ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы №914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 — 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде өткізіледі.
- Конкурс техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ТжКОБ) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтардың студенттеріне қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемелерін тануға бағытталған.
- Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1) облыстық конкурстық комиссия - облыстық деңгейде қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемелерін айқындау және Конкурстың республикалық кезеңінде қатысуға ұсынылатын авторлардың тізімін айқындау үшін облыс деңгейінде кұрылатын комиссия (бұдан әрі - Комиссия).
2) Конкурсқа қатысушы - осы Ережеге сәйкес Конкурсқа қатысуға құжаттарды ұсынған ТжКОБ ұйымдарының штаттық педагогі.
3) Республикалық конкурстық комиссия - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемелерін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
құратын комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия).
- Конкурстың мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері
- Конкурс ТжКОБ ұйымдарында оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтардың студенттеріне қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемелерін анықтау, тарату және көпшілікке тарату мақсатында өткізіледі.
- Конкурстың міндеті ТжКОБ ұйымдарында оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтардың студенттеріне қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемелерін анықтау, көтермелеу және ілгерілету болып табылады.
- Күтілетін нәтижелер:
- оқу-әдістемелік кешендерді қазақ тілінде оқытпайтын топтардың студенттеріне олардың тәжірибесін курстарда, мастер-класстарда, тренингтерде пайдалану мақсатында оқытатын үздік қазақ тілі мұғалімдерінің мәліметтер базасын құру;
- қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемелері туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ), әлеуметтік желілерде және интернет-ресурстарда жариялау;
- Конкурстың қатысушылары
- Конкурсқа Ақтөбе облысының ТжКОБ ұйымдарында оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтардың студенттеріне сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысады.
Авторлық топтың құрамы үш педагогтен аспауы керек.
Соңғы үш жыл ішінде өткізілген конкурс жеңімпаздары конкурсқа қайта
жіберілмейді.
- Конкурсты өткізу тәртібі
- Конкурсты ұйымдастырушы: Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы.
Конкурс 2026 жылғы 13 қараша күні сырттай өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін ТжКОБ ұйымдарының оқытушылары келесі құжаттар мен материалдарды ұсынады:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім;
2) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген талаптар мен құрылымға
сәйкес қазақ тілін оқытудың авторлық әдістемесінің мәтіндік баяндалуы;
5) бейнеролик (осы Ереженің 3-қосымшасында баяндалған техникалық
шарттарға сәйкес жазылған бір сабақтың бейнесі);
6) қазақ тілін оқытудың авторлық әдістемесінің презентациясы (5 слайдтан
артық емес).
Қазақ тілін оқытудың авторлық әдістемесі осы Ереженің 4-қосымшасындағы Қазақ тілін оқытудың авторлық әдістемесін бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазға осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі сертификаты беріледі.
Облыстық «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» сертификатын беру туралы облыстық комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
Конкурстың I кезеңінің нәтижелері бойынша П кезеңге қатысу үшін Министрлікке Ақтөбе облысының қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі бойынша материалдар жіберіледі.
Конкурстың II кезеңі - республикалық - жыл сайын қараша-желтоқсан айларында өткізіледі және оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ТжКОБ ұйымдарында қазақ тілін окытудың үздік авторлық әдістемелері анықталады.
Конкурстың республикалық кезеңін Республикалық комиссия өткізеді.
Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарында қазақ тілін
оқытудың үздік авторлық
әдістемесі» облыстық
конкурсы туралы ережеге
1-қосымша
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында
қазак тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» конкурсына катысуға
ӨТІНІМ
Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
1
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
2
Жұмыс орны
3
Туған күні (күні, айы, жылы)
4
Лауазымы
5
Педагогикалық өтілі
6
Лауазымдағы жұмыс өтілі
7
Білімі (оқу орны, факультет, бітірген жылы)
8
Біліктілік санаты
9
Байланыс телефоны (үй, ұялы),
электрондық пошта
10
Студенттердің олимпиадалардағы,
конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері;
ғылыми-практикалық конференцияларға
қатысу
11
Марапаттар, ынталандырулар
12
YouTube сайтына жарияланған бейнеролик
сілтемесі
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар________ парақта.
Өтінімді толтыру күні ________________________________
Конкурсқа қатысушының жеке қолы_____________________
Білім беру ұйымы басшысының қолы____________________
М.О.
Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарында қазақ
тілін оқытудың үздік
авторлық әдістемесі»
облыстық конкурсы
туралы ережеге
2-қосымша
Қазак тілін оқытудың авторлық әдістемесінің құрылымы және оны
ресімдеуге қойылатын талаптар
Кіріспе
Негізгі бөлім (бар болса, оқыту әдістерін құрылымы бойынша көрсетіңіз:
жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу)
Қорытындылар
Нәтижелер (бар болса)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ресімдеуге қойылатын талаптар
Беттер саны – 50-ден аспайды, Тімеs New Roman қарпі, кегль 14, жоғарғы, төменгі, сол жақ жиектері-2,5 см, оң жақ-1,5 см)
Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарында қазақ
тілін оқытудың үздік
авторлық әдістемесі»
облыстық конкурсы
туралы ережеге
3-қосымша
Бейнероликтің техникалық шарттары
- Техникалық шарттар:
- бейнеролик YouTube сайтында жариялануы кажет;
- ең төменгі бейне ажыратымдылығы - 720х480;
- бейнероликтің ұзақтығы - 3 минут;
- педагогтің аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) бар ақпараттық экранды
ресімдеу.
Конкурсқа тақырыпқа сай келмейтін жарнамалық сипаттағы роликтер, басқа адамдардың қадір - қасиетін және сезімдерін қорлайтын роликтер қабылданбайды.
- Бейнероликтің мазмұны авторлық оқыту әдістемесінің теориялық және практикалық құралдарын қысқаша ашатын бір сабақтың жазбасын қамтиды.
Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарында қазақ
тілін оқытудың үздік
авторлық әдістемесі»
облыстық конкурсы
туралы ережеге
4-қосымша
Қазақ тілін оқытудың авторлық әдістемесін бағалау критерийлері
Бағалау критерийлері
Балдар
Заманауи сабақты жобалау (әзірленген сабаққа әдістемелік түсініктемелер, сабақтың технологиялық картасы, дидактикалық материалдар жиынтығы)
1-10
Үздік халықаралық тәжірибелерді бейімдеу және қолдану
1-10
Білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу дәрежесі
1-10
Оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларын пайдалану (негізділігі, орындылығы, әртүрлілігі)
1-10
Оқыту нәтижелерін диагностикалау және бағалау және кері байланыс құралдарының болуы (ауызша, жазбаша, практикалық бақылау және өзін-өзі бақылау әдістерінің болуы және т. б.)
1-10
Студенттің оқу-танымдық қызметіне қызығушылығын ынталандыру әдістерінің болуы
1-10
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін шығармашылық және практикалық тапсырмалардың болуы
1-10
Оқыту әдістерін қолданудың кешенділігі (әртүрлі технологияларды, оқыту нысандары мен әдістерін қолдану тәртібі, толықтырылуы)
1-10
Нәтижелерінің болуы (студенттердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы)
1-10
Оқытудың құрылымдық әдістері (жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу)
1-10
Жиыны
10-100



