https://bilimaktobe.kz/kz/2-uncategorised/484-orys-t-l-men-debiet-p-n-m-al-mder-n-arasynda-tk-z-let-n-zd-k-tsifrly-saba-oblysty-baj-auyny-erezhes#sigFreeId8671225398
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында өткізілетін
«Үздік цифрлық сабақ» облыстық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
I. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында өткізілетін «Үздік цифрлық сабақ» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
ІІ. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық білім беру технологиялары мен жасанды интеллект құралдарын тиімді қолданатын үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтау, үздік цифрлық сабақты айқындау және тарату.
Міндеттері:
цифрлық құралдарды оқу мақсаттарына сәйкес қолданудың әдістемелік тиімділігін бағалау;
сабақ барысында цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кіріктірудің жолдарын анықтау;
педагогтердің шығармашылық ізденісін ынталандыру.
ІІІ. Байқауға қатысу шарттары
3.1. Байқауға педагогикалық өтілі кемінде 3 жылдан жоғары еңбек өтілі бар орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатыса алады.
3.2. Байқауға цифрлық білім беру технологиялары мен жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдануды көздейтін қысқа мерзімді сабақ жоспары (ҚМЖ);
3.3. Цифрлық технологияларды ұтымды қолдану тәжірибесін сабақтың бір кезеңінде көрсететін бейнеүзінді (ұзақтығы 5 минутқа дейін)
3.4. Байқауға қатысу жеке түрде жүзеге асырылады. Әр қатысушы бір ғана байқау жұмысын ұсына алады.
3.5 Байқауға қатысу материалдары өтініммен бірге электронды түрде 2026 жылдың 22 қарашасы аралығында (қоса алғанда) Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жолдау сұралады.
Сұраныс үлгісі
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Аудан/қала, Мектеп атауы |
Электронды поштасы, телефоны |
Төлем түбіртегі |
|
|
|
|
|
|
Ұйымдастыру жарнасы – 5000 теңге. Жарнаны онлайн тәртібінде kaspi қосымшасы арқылы (АОҒТО теру негізінде) төлем жасауға болады.
Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлем жасау жолы:
немесе
- «Төлем» (Платежи) бөлімін таңдау
- «Барлығы» (Все) бөлімін таңдау
- «Білім» (Образование) бөлімін таңдау
- «Курс және қосымша білім беру» (Курсы и Доп.обр.) бөлімін таңдау
- Мекеме атауын таңдау (Актюбинский областной научно-практический
центр)
- Төлем жасаушының ТАӘ (ФИО плательщика)
- Қатысушының ТАӘ (ФИО участника)
- Төлем атауы
- Төлем суммасын көрсету
- Төлем жасау.
ІV. Байқауды ұйымдастыру және өткізу
4.1.Байқау 2026 жылдың 23- 24 қарша күндері сырттай өткізіледі.
4.2. Байқаудың әділқазылар құрамы бекітіледі.
4.3. Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
4.4. Байқау қорытындысы қараша айының 30 күні bilimaktobe сайтында жарияланады.
V. Қорытынды және жеңімпаздарды марапаттау
5.1.Қысқа мерзімді сабақ жоспарын бағалау критерийлері:
- қысқа мерзімді сабақ жоспарының оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге сәйкестігі;
- оқу тапсырмаларының мазмұны мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталуы;
- бағалау тәсілдері мен кері байланыстың тиімділігі;
-«Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын сабақ мазмұнына кіріктіру;
5.2. Бейнеүзіндіні бағалау критерийлері:
-цифрлық білім беру технологиялары мен жасанды интеллект құралдарын сабақтың нақты бір кезеңінде оқу мақсатына сәйкес ұтымды пайдалану.
-цифрлық ресурстарды қолданудың әдістемелік орындылығы;
-цифрлық этика мен қауіпсіздікті сақтау
5.3.Байқау жеңімпаздары І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, алғыс хат, сертификаттармен марапатталып, нәтижелердің электронды нұсқаларын bilimaktobe сайтынан жүктеп ала алады.



