Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

  

2026 жылғы 2 қарашада «QŪQYQ-LINE» жобасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Оқу-тәрбие процесінде педагогикалық тәжірибені жүйелі жетілдіру» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.

Шебер-класс аясында Бопай ханым жоғары медициналық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ә.Ұлықпанова «Тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру – педагогикалық тәжірибені жетілдірудің негізі» тақырыбында баяндама жасап, тәрбие жұмысын жоспарлау мен жүйелі жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

Тәжірибелік бөлімде:

-Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің арнайы пән оқытушылары,  Ж.Адилова мен Н.Аманова «Педагогикалық шеберлікті арттыру: тиімді әдіс пен жаңа көзқарас»;

-ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Г.Елмағанбетова «Тарих сабағын жаңаша жобалау: білімнен – құндылыққа, құндылықтан – әрекетке»;

-Ақтөбе құрылыс және техникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы З.Асанханова «Совершенствование учебно-воспитательного процесса: формирование личности ответственного гражданина на основе ценностей программы «Адал Азамат» тақырыптарында білім алушылар үшін «Адал Азамат» бағдарламасының құндылықтарын оқу-тәрбие процесіне кіріктірудің практикалық мүмкіндіктерін қалыптастыруда кейс, коучинг, шебер-сағаттар ұйымдастырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 Шара барысында ұсынылған баяндамалар мен тәжірибелік жұмыстар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.          

Ашық алаңда қатысушылар өзара пікір алмасып, шара қорытындыланды

 

Сапалық құрам

20000
жалпы педагог саны
5000
педагог-модератор
4000
педагог-сарапшы
3500
педагог-зерттеуші
0
педагог-шебер

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT