«Мұғалім – ЖИ тандемі» облыстық онлайн байқауы өз білім беру тәжірибесінде жасанды интеллект құралдарын тиімді, шығармашылық және жауапкершілікпен қолданатын педагогтердің кәсіби жетістіктерін айқындауға бағытталды.
Байқауға 78 педагог қатысып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісінде қолдану, оқытудың жаңа тәсілдерін ұсыну және білім беру сапасын арттыруға бағытталған инновациялық идеяларымен бөлісті.
Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің ізденістеріңіз бен жаңашылдыққа ұмтылыстарыңыз – заманауи білім берудің дамуына қосылған маңызды үлес. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін ұштастыру арқылы оқыту үдерісін жаңа деңгейге көтеруге болатынын дәлелдедіңіздер. Баршаңызға шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, тың идеялар мен жаңа жетістіктер тілейміз! Жасанды интеллект дәуірінде білім берудің сапасын арттыру жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Байқау дипломдары



