https://bilimaktobe.kz/kz/2-uncategorised/473-servis-salasynda-y-k-s-bi-sheberl-kt-rl-k-keze-tt#sigFreeIdf9b742c9aa
«Pro–Qoldau» әдістемелік жобасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өткізілді.
ТжКББ ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, педагогтердің тәжірибе алмасуына жол ашқан конкурста қатысушылар кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетін танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Әділқазылар алқасының шешіміне сәйкес байқау нәтижесі төмендегідей:
«Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша:
I орын – Сарина Гулжан Сергеевна, Ақтөбе сервис колледжі
II орын – Оралова Айгуль Сисенбаевна, Ойыл кәсіптік колледжі
«Кондитер ісі» құзыреттілігі бойынша:
I орын – Молдабаева Акнұр Жангелдіқызы, Ақтөбе сервис колледжі
II орын – Мулдибаева Даметкен Секибаевна, Ақтөбе техника-технологиялық колледжі
III орын – Жанаманова Әсем Қуанышбекқызы, Шалқар көпсалалы колледжі
«Үздік маман» - Кабдолова Айгерим Махсотовна, Ш.Берсиев атындағы
Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі
«Наубайхана ісі» құзыреттілігі бойынша:
I орын – Тұржан Гүлдана Талғатқызы, Ақтөбе техника-технологиялық
колледжі
II орын – Тугелова Тойдық Бекішқызы, Ақтөбе сервис колледжі
«Қонақүй әкімшілігі» құзыреттілігі бойынша:
I орын – Жанторина Айгерим Махамбетовна, Жайсаң көпсалалы колледжі
II орын – Казиева Гулжан Сырымбаевна, Ақтөбе сервис колледжі
Ағымдағы жылдың қазан, қараша айларында Алматы қаласы мен Жетісу облысында өтетін республикалық кезеңге жолдама алған қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!



