Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ


2026 жылғы 15 қазанда «Quqyq line» жобасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәрбие мамандарына арналған «Жасөспірімдерді тәрбиелеуде ата-ана мен топ кураторының ынтымақтастығы» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті.


Семинар барысында Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының медиаторы, облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Б.Әбілдаева «Тәрбие – ортақ жауапкершілік: ұлттық тәрбие мен жас ұрпақтың құқықтық мәдениеті» тақырыбында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру және бала тәрбиесіндегі отбасы мен қоғамның жауапкершілігі жөнінде ой бөлісті.
Ақтөбе автожол колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Махамбетова «Тәрбие – ортақ жауапкершілік»: ұлттық тәрбие мен жас ұрпақтың құқықтық мәдениеті» тақырыбында білім алушымен жеке жұмыс жүргізу, ата-анамен өзара іс-қимылды ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып өтті
Тәжірибелік бөлімде:
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің топ кураторы С.Амантаева мен Қобда көпсалалы колледжінің топ кураторы С.Байгутдиева «Жасөспірімді түсінуден – қолдауға дейін: ата-ана мен куратор арасындағы сенімді коммуникация»;
«Дүние» колледжінің топ кураторы, М.Сагинтаева мен колледж ата-анасы А.Казкеева «Егер жасөспірімнің тәрбиесіне тек бір адам жауап берсе, нәтиже бола ма?»;
А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің топ кураторы Ж.Бүркішова мен колледж ата-анасы А.Космагамбетова «Қиын бала жоқ, шешілмеген жағдай бар»: жасөспірімнің мінез-құлқындағы қиындықтарды бірлесіп шешу» тақырыптарында білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы тәрбие ортасын қалыптастыруда кейс, коучинг, шебер-сағаттар ұйымдастырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында ұсынылған баяндамалар мен тәжірибелік жұмыстар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.
Ашық алаңда қатысушылар өзара пікір алмасып, шара қорытындыланды

Сапалық құрам

20000
жалпы педагог саны
5000
педагог-модератор
4000
педагог-сарапшы
3500
педагог-зерттеуші
0
педагог-шебер

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT