Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 30 сәуір күні ««Педагогтерге мобильдік көмек» жобасын ұйымдастыру оқу қызметінде жаңа технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында онлайн вебинары өтті.

Вебинарда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Б.С.Туржанова қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын жою облыстық жол картасы бойынша «Ауыл мектебі-үздік білім сапасы» облыстық бағдарламасы аясында «Педагогтерге мобильдік көмек»  жобасы бойынша оқу қызметінде жаңа технологияларды тиімді қолдану жолдарымен бөлісті.

 «Использование на уроках естественно-математического цикла мобильно лабораторных комплексов» тақырыбында Қобда ауданы, Ресурстық орталықтың директоры Г.К.Балгарина, «Жаңа жобадағы технологиялар және білім сапасы» тақырыбында №2 Мәртөк мектеп-гимназиясы ресурстық орталығының директоры Б.А.Абдуллина іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Практикалық бөлімде Мұғалжар ауданы Аккемер тірек мектебінің география пәнінің мұғалімі Г.Х. Бержанова  магниттік мектептердің мұғалімдеріне коучинг жүргізіп, әріптестеріне және оқушыларға қашықтан оқу кезінде «Microsoft one not» бағдарламаны пайдалана отырып,  жұмыстану жолдарымен таныстырды.

Мұғалжар ауданы Елек негізгі мектебінің химия пәнінің мұғалімі Ә.М.Иманғазина «Магниттік мектеп: химия пәні... технологиялар... жаңашылдық» тақырыбында

Семинар соңында Байғанин ауданы Т.Жармағанбетов атындағы ЖББОМ мектептің директоры А.Тлеулина «ШЖМ серіктестікке тарту» және Әйтеке би ауданы Т.Шевченко ат.ЖББОМ- ресурстық орталықтың директордың орынбасары Р.Қайырбаева «Ресурстық орталықтың қызметі - заманауи талаптар» тақырыбында ойларымен бөлісті.

Семинарға аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері,  ресурстық орталықтың директорлары мен мұғалімдері қатысты.

 

Мектепке дейінгі және жалпы

орта білім беру бөлімінің әдіскері                             Б.С. Туржанова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1