2021 жылдың 23 сәуірінде Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы өткен «Критериалды бағалау – сапалы оқытудың негізі» облыстық семинар-практикумына 87 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

        Семинар-практикум жұмысы облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаеваның кіріспе сөзімен ашылып, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері, менеджер-әдіскер А.Уразбаеваның критериалды бағалаудың білім сапасына әсері туралы таныстырылымымен жалғасты.

       Аталған шараның практикалық бөлімінде Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Л.Ашубаева, Мәртөк ауданы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Т.Медведева, Ақтөбе қаласы №10 жалпы білім беретін орта мектеп директорының бастауыш сыныптар ісі жөніндегі орынбасары С.Бакиева критериалды бағалаудың ерекшеліктері, оның білім сапасына әсері, қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырудың жолдарымен таныстырып, сандық білім беру ресурстарын пайдалану жолдарын көрсетті.

           Қатысушы педагогтермен кері байланыс жасалып, өзара ашық сұхбат жүргізілді.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1