Ағымдағы жылдың 6-сәуірінде Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Жарылғасова Жаңылсын Майланқызының «Оқу үрдісінде саралап оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық шебер-класы ZOOM платформасында болып өтті. Шебер-класқа 97 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

Шебер-класс оқу үрдісінде саралап оқытудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру, тәжірибеде қолдану жолдарын үйрету мақсатын көздеді.

Шебер-класс жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі С. О. Жубаеваның сүйемелдеуімен өтті.

Педагог-шебер Жаңылсын Майлановна  тыңдаушыларға жаңартылған мазмұн жағдайында құндылыққа бағытталған білім  беруде саралап  оқытудың маңызды екенін теориялық мәліметтер бере отырып, өз тәжірибесімен байланыстырды.

Жұмыс соңында қатысушы бастауыш сынып мұғалімдерімен кері байланыс жасалып, жылы лебіз, ұсыныс, тілектері тыңдалды.

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері  С.О.Жубаева

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1