Тарих пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2021 жылғы 26 наурызда  Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Ғылыми жобалардың талаптары мен ережелерін анықтау» тақырыбында онлайн тәртібінде тәжірибе алмасу семинары өткізілді, шараға 30-дан астам педагог қатысты.  Семинарда тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін дамыту және тәжірибе алмасу мақсаты көзделді.

Тәжірибе алмасу барысында Алға ауданы Ақай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Кожаниязова Данагуль Турлановна және дарынды балаларға арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі Смадияр Күнімайгүл Смадиярқызы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, ғылыми жобалардың талаптары мен ережелерінің теориялық негізін анықтау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру, дарынды оқушының зерттеушілік қасиеттерін қалыптастыру, оқытудың әртүрлі нысандары мен әдістері, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына бейімділігін зерттеу және анықтау мәселелері қаралды. Семинар соңында кері байланыс жүргізілді.

Тарих мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған тәжірибе алмасу  жақсы деңгейде өтті.

 

А.Искендирова, АОҒТО әдіскері

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1