Из опыта работы Козловской Татьяны Александровны – воспитателя ясли-сада №1 «Тополёк» Мартукского района.

Әдістемілік құралда театрдың бала тілін дамыудағы маңызы, балабақшада қолданылатын театр түрлері, театрландырылған ойынды дамытудың негізгі бағыттары, жас ерекшеліктеріне сай қолдану барысы қарастырылған.

Методическое пособие «Мир театра» включают в себя игры и упражнения на развитие двигательных способностей, содержатся методические рекомендации по всем видам театрализованной деятельности, сценарии для детского театра.

Әдістемелік құралда мектеп жасына дейінгі балалармен  театрландырылған іс-әрекеттерді ұйымдастыру жолдары берілген.  Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған ертегілер сценарийлері, кеңестер жинақталған.

Вариативная программа «Азбука цвета». Коваленко Ольга Валерьевна - воспитатель ясли-сада №1 «Тополëк» Мартукского района.

«Кішкентай зерттеуші» вариативтік бағдарламасы ересек жас топ балаларының бойында ізденіс және эксперименттік әрекет дағдыларын яғни мақсатты түрде жаңа материалдармен эксперимент, үлгі жасау және заттар арасындағы жалпы белгілерді ажырата білуді қалыптастыруға бағытталып,  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленген.

Әдістемелік құралда отбасы мен коғамдык тарбиенің бірлігін камтамасыз ету, ата-аналарга психологиялық, педагогикалық, логопедиялык көмек көрсету, балалардың кызығушылығы мен ата-аналардың сұраныстарын есепке ала отырып, кабілеттерін дамытуға бала дамуындағы коррекциялық бұзушылықты ретке келтіруге көмек көрсету, кенес беру пунк туралы жан жақты өте нақты нұсқаулықтар берілген.

Из опыта работы Божко Веры Ивановны - воспитателя ГККП «Ясли – детского сада «Бөбек» Каргалинского района Актюбинской области, тренера Центра педагогического мастерства г. Актобе.

«Білімді ел – Образованная страна» республикалық басылымының педагогтармен пікір алмасуда, білім  саласындағы тың  жаңалықтармен  бөлісуде  үлкен  көмек құрал деуге болады. Қазіргі таңда  бұл газет сарқылмас шабыт көзі, ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдер үшін байланыстырушы ресурсқа айналды, ол арқылы біз өзіміз үшін  жаңа мүмкіндіктер алдық!

«Атадан мұра» қоғамдық қорының бастамасымен бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған республикалық «Ұлтын сүйген ұланбыз!» шығармашылық байқауында «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Сазды орта мектебінің «Жас Ұлан» үрмелі аспаптар оркестрі бас жүлдені жеңіп алды, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ақтөбе қаласының N57 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 “Ә” сынып оқушысы Мақсат Төлеу қолөнерден үздік атанды. “Думанды елім” атты халықаралық қолөнер байқауында бақ сынаған ақтөбелік оқушы Төлеу Мақсат Русланұлы “Бас жүлде” иегері атанып, Түркия елінде өтетін Халықаралық Фестивальге жолдама алды, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Білімді ел – Образованная страна» республикалық апталығы отандық педагогика саласының мамандарына ең өзекті ақпараттар легі мен рухани құнды материалдарды ұсынып отыр. Білімді елдің болашағы – педагогтардың қолында екені белгілі. Газеттің мазмұны білімге қатысты өте қажетті дүниелермен толықтырылады.

Мен де бұл басылымның мыңдаған оқырмандарының бірімін. Сондықтан газетте жарияланған мазмұнды мақалалардың рухани пайдасын айрықша атап айтпасқа болмайды. Қай кезде өмір сүрсек те ақпарат көзі боп табылатын  және моральдық тұрғыдан азыққа айналған газеттің ұстаз үшін берері мол. Әрине, ғаламторды қанша жерден мақтасақ та, ол газет пен жур­­налдай бола алмайтыны хақ.

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында қорытыланған республикалық «Үздік педагог — 2021» байқауының нәтижесінде марапатталған еліміздегі мектептердің мұғалімдері мен колледждер оқытушыларынан құралған 64 үздіктің қатарында біздің жерлестеріміз де бар. Солардың бірі — №3 Алға қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі әрі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтжанова Рита да бар, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Серікова Раушан.  Раушан Серікқызы үшін бұл сала таңсық емес. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі еңбек жолын қарапайым мұғалім болып бастаған. Аудан, қала мектебінде ұстаздық етіп, мектеп директорының орынбасары лауазымын атқарды.

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Үздік педагог — 2021» байқауы қорытындыланды. Байқау нәтижесі бойынша 64 ұстаз үздік атанды.

Бәсекеге қабілетті мамандар дайындаудағы ұлы мұратты мақсат еткен ұстаздардың бірі біздің арнаулы оқу орнындағы ақпараттық жүйелер бөлімінің меңгерушісі, арнайы пән оқытушысы Исмагулова Нургул. Ол 2002 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіндегі математика-информатика мамандығын тәмамдап, 2019 жылы жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

Жан-жағына жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздың бірі — біздің білім шаңырағындағы математика пәнінің мұғалімі, «Ақтөбе облысының үздік педагогі» төсбелгісі иегері, педагог шебер Абдуллин Нұрбек. Заман талабына сай жаңадан құрылған, ұлттық өнеге берер, болашақ қазақ мектебінің қандай болмағы мұғалімдерге үлкен міндет артады, шығармашылықпен жұмыс істеп, тынбай ізденуін қажет етеді.

«Өз жақсылармызды өзіміз ұлықтамасақ, өз жайсаңдарымызды өзіміз қызықтамасақ онда ол өз ырысымызды өзіміз тепкендік, өз тілеуімізді өзіміз кескендік те болар еді», – дейді қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаев. Адам өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, ерекше адамгершілікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық ол – ұстаздық.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан