Оқырман ойы: Байланысты бекемдеген басылым

«Білімді ел – Образованная страна» республикалық басылымының педагогтармен пікір алмасуда, білім саласындағы тың жаңалықтармен бөлісуде үлкен көмек құрал деуге болады. Қазіргі таңда бұл газет сарқылмас шабыт көзі, ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдер үшін байланыстырушы ресурсқа айналды, ол арқылы біз өзіміз үшін жаңа мүмкіндіктер алдық!
Ақтөбе облысы: Сазды мектебінің “Жас ұлан” үрмелі аспаптар оркестрі үздік атанды

«Атадан мұра» қоғамдық қорының бастамасымен бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған республикалық «Ұлтын сүйген ұланбыз!» шығармашылық байқауында «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Сазды орта мектебінің «Жас Ұлан» үрмелі аспаптар оркестрі бас жүлдені жеңіп алды, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Ақтөбелік оқушы қолөнерден үздік атанып, Түркияға жолдама алды

Ақтөбе қаласының N57 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 “Ә” сынып оқушысы Мақсат Төлеу қолөнерден үздік атанды. “Думанды елім” атты халықаралық қолөнер байқауында бақ сынаған ақтөбелік оқушы Төлеу Мақсат Русланұлы “Бас жүлде” иегері атанып, Түркия елінде өтетін Халықаралық Фестивальге жолдама алды, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Оқырман ойы: Сенімді серіктестің серпіні

«Білімді ел – Образованная страна» республикалық апталығы отандық педагогика саласының мамандарына ең өзекті ақпараттар легі мен рухани құнды материалдарды ұсынып отыр. Білімді елдің болашағы – педагогтардың қолында екені белгілі. Газеттің мазмұны білімге қатысты өте қажетті дүниелермен толықтырылады.
Оқырман ойы: Тағылымның темірқазығы

Мен де бұл басылымның мыңдаған оқырмандарының бірімін. Сондықтан газетте жарияланған мазмұнды мақалалардың рухани пайдасын айрықша атап айтпасқа болмайды. Қай кезде өмір сүрсек те ақпарат көзі боп табылатын және моральдық тұрғыдан азыққа айналған газеттің ұстаз үшін берері мол. Әрине, ғаламторды қанша жерден мақтасақ та, ол газет пен журналдай бола алмайтыны хақ.
“Үздік педагог – 2021”: Мамандықпен мақтанудың мәртебесі

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында қорытыланған республикалық «Үздік педагог — 2021» байқауының нәтижесінде марапатталған еліміздегі мектептердің мұғалімдері мен колледждер оқытушыларынан құралған 64 үздіктің қатарында біздің жерлестеріміз де бар. Солардың бірі — №3 Алға қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі әрі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтжанова Рита да бар, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Мұғалім мүддесін қорғау – маңызды міндет

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Серікова Раушан. Раушан Серікқызы үшін бұл сала таңсық емес. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі еңбек жолын қарапайым мұғалім болып бастаған. Аудан, қала мектебінде ұстаздық етіп, мектеп директорының орынбасары лауазымын атқарды.
Ұстаз беделі — білім сапасының кепілі

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Үздік педагог — 2021» байқауы қорытындыланды. Байқау нәтижесі бойынша 64 ұстаз үздік атанды.
Білімді маман һәм білікті шәкірт

Бәсекеге қабілетті мамандар дайындаудағы ұлы мұратты мақсат еткен ұстаздардың бірі біздің арнаулы оқу орнындағы ақпараттық жүйелер бөлімінің меңгерушісі, арнайы пән оқытушысы Исмагулова Нургул. Ол 2002 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіндегі математика-информатика мамандығын тәмамдап, 2019 жылы жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Ұстаздық — ұлы қасиет

Жан-жағына жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздың бірі — біздің білім шаңырағындағы математика пәнінің мұғалімі, «Ақтөбе облысының үздік педагогі» төсбелгісі иегері, педагог шебер Абдуллин Нұрбек. Заман талабына сай жаңадан құрылған, ұлттық өнеге берер, болашақ қазақ мектебінің қандай болмағы мұғалімдерге үлкен міндет артады, шығармашылықпен жұмыс істеп, тынбай ізденуін қажет етеді.
Өмірі өнегемен өрілген

«Өз жақсылармызды өзіміз ұлықтамасақ, өз жайсаңдарымызды өзіміз қызықтамасақ онда ол өз ырысымызды өзіміз тепкендік, өз тілеуімізді өзіміз кескендік те болар еді», – дейді қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаев. Адам өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, ерекше адамгершілікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық ол – ұстаздық.