Бәсекеге қабілетті мамандар дайындаудағы ұлы мұратты мақсат еткен ұстаздардың бірі біздің арнаулы оқу орнындағы ақпараттық жүйелер бөлімінің меңгерушісі, арнайы пән оқытушысы Исмагулова Нургул. Ол 2002 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіндегі математика-информатика мамандығын тәмамдап, 2019 жылы жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

 

Нургул Кадирбергеновнаның ілкімді ісінен шығармашылықты, жоғары педагогикалық білік пен ізденімпаздықты көре аласың. Әдістемелік шеберлігін шыңдап, оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізуде өзіндік жүйе қалыптастырған ұстаз. Ол әрбір білімгердің қарымына қоса қабілетін жете зерттеп, олардың шығармашылық қасиеттерін арттыруда бағыт пен бағдар беріп отырады. Студенттері колледжішілік, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі іс шараларға белсене қатысып, үздік көрсеткіштерімен топжарып жүр. 

Ең басты ерекшелігі ол педагогикалық іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау арқылы белгілі бір көздеген ұстанымына толық нгіздей алады, “Информатика сабақтарына интерактивті материал әзірлеу” тақырыбы бойынша ұдайы ізденіп жүргенін байқаймыз. Себебі колледжде білім беру процесін ұйымдастыру барысында интерактивті әдістемелерді енгізудің мүмкіндіктерін қарастыруда. Тұрақты түрде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Жаңа инновациялық технологиялар бағытындағы бірнеше ғылыми мақалалары халықаралық жинақтарда жарық көрді.

Кейіпкеріміздің ұйымдастырушылық шеберлігінің нәтижесінде жетекшілік жасайтын бөлімі облыс бойынша алдыңғы саптан көрініп келеді. Білім беру саласын ақпараттандыруды дамытуға қосқан зор үлесі үшін халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшелігіне қабылданып, адъюнкт атағын иеленді. Жоба қорғаған студенттері WorldSkills чемпионатында биік белестерді бағындыруда.

“IT жүйелерді басқару” құзыреттілігі бойынша Райымбек Ишанғалиев республика бойынша үздік атанып, Бразилияның Сан-Пауло қаласындағы “WorldSkills -2015” әлемдік чемпионатында бағын сынады. Исмаил Симанов «Веб дизайн» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan-2019» ұлттық чемпионатында алтын жүлде алып, Ресей Федерациясының Қазан қаласындағы «WorldSkills-2019» әлемдік чемпионатынан табыспен оралды.

Бөлім меңгерушісінің бастамасымен пән оқытушылары оқу процесін ұйымдастырудың белсенді нысандары мен әдістерін пайдаланып, студенттерді ғылыми зерттеу үдерісіне жұмылдырудағы жаңашылдықтарын кеңейтуде. Алыс және жақын шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарындағы кафедралармен, мемлекеттік, коммерциялық кәсіпорындармен ынтымақтастықты ілгері дамытуға барынша мүдделі.  

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан