Мен де бұл басылымның мыңдаған оқырмандарының бірімін. Сондықтан газетте жарияланған мазмұнды мақалалардың рухани пайдасын айрықша атап айтпасқа болмайды. Қай кезде өмір сүрсек те ақпарат көзі боп табылатын  және моральдық тұрғыдан азыққа айналған газеттің ұстаз үшін берері мол. Әрине, ғаламторды қанша жерден мақтасақ та, ол газет пен жур­­налдай бола алмайтыны хақ.

Заман талабын ескерген дұрыс шығар, бірақ тасқа ба­сылған дүниелердің салмағы қашанда жоғары, әрі сауатты жазылған, әрі мазмұнды дүниелер жетерлік. Газеттің негізгі тақырыптары – білім беру мазмұнының жаңаруы, мемлекеттік тілдің жетілуі, мәдени және рухани құндылықтардың қалыптасуы, білім алушыларға патриоттық тәрбие, салауатты өмір салты және басқа да қоғамның дамуына арналған мәселелер болып табылады.

Апталықтың мазмұны да әртүрлі – білім беру мекемелеріне, ата-аналарға және барлық білімге қатысты сұрақтарға бей-жай қарамайтын жандарға пайдалы әрі қажетті. Жаһандық желімен жұмыс істеу тиімді әрі жедел болғанымен, ондағы ақпараттың дәлдігі мен шынайы­лығына ешкім кепілдік бере алмайды. Ал осы газет беттерінде нақты мәліметтер ғана жарияланады. Елдегі болып жатқан елеулі оқиғаларды жұртшылыққа жеткізіп, жан дүниеңді байытып, ой-өрісіңді өсіретін, сезімге сезім, ойға ой қосып, таным көкжиегін кеңейтетін де газет емес пе?

Қажет ақпаратты экраннан оқығаннан гөрі газетті қолмен ұстап, сезініп оқыған көңілге де қонымды, жүрекке жақын. Газет – қаншама адамның үздіксіз ізденісі, табанды еңбегі.   Ел азаматтары­ның ізгі істері, қоғамдағы өзекті мәселелер жайын айтқан жур­налистердің мірдің оғындай өткір сөздерін осы газет бетінен ғана оқи аламыз. Қазіргі таңда оқу мен білімге қатысты ақпараттың мол кезінде баспасөз ауадай қажет. «Білімді ел – Образованная страна» газеті соның дәлелі.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан