«Білімді ел – Образованная страна» республикалық апталығы отандық педагогика саласының мамандарына ең өзекті ақпараттар легі мен рухани құнды материалдарды ұсынып отыр. Білімді елдің болашағы – педагогтардың қолында екені белгілі. Газеттің мазмұны білімге қатысты өте қажетті дүниелермен толықтырылады.

Ұстаздар қауымы басылымның қай бетін ашып оқысақ та, өте құнды материалдар тауып, өзекті мәселелердің шешімін табамыз. Сондықтан педагогикалық қоғамдастықтың, білімді және зиялы адамдардың ақпарат көзіне айналды. Олай дейтініміз, еліміздің білім беру саласындағы жүргізіліп отырған көптеген шаралар  туралы ақпарат алуға болады. Білім беру саласындағы қызметкерлердің шығармашылықпен шыңдалуына, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу ісіне берер тәлімі мол.

Газет журналистері мен әріптестеріміз жазған мақалаларда шынайы, нақты пікірлер айтылуда. Білім беру мазмұнының жаңаруы, мемлекеттік тіліміздің жетілуі, патриоттық тәрбие, қоғамның дамуына арналған жарияланымдар газеттің мәні мен мазмұнын барынша байытуда. Келер ұрпақтың саналы, елжанды, білікті болуы үшін еліміздің педагогтары бар ықыласымен, күш-жігерімен, үздіксіз  ізденіспен  білім беру жүйесіне мол үлес қосып келеді.

Сол орасан зор жұмыстың  көрінісі, барлық еңбегі «Білімді ел – Образованная страна» газетінің беттерінен табылатыны сөзсіз. Бұл республикалық білімділік қоғамдық–саяси газеті білімді ел болуымызға үлкен талпыныс. Еліміздің болашағы үшін ерен еңбегімен, өз шеберлігімен, шығармашылығымен, құзіреттілігімен шыңдалып жатқан педагогтерді жігерлендіреді.

Ұстаздарға шабыт беріп, ынталандыратын биік болмысты бірегей басылым. Газеттің шығармашылық ұжымының жемісті жетістіктері тың серпілістер сыйласын. Бұл апталықтың сенімді серіктес әрі рухани байлығымыз ретінде биік белестерді бағындыруына шын жүректен тілектеспіз!

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан