Кейін Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрайымы болып сайланды. Қазіргі таңдаАқтөбе облысының салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағына басшылық етіп отыр. Осы аралықта өзінің жоғары ұйымдастырушылық қабылетін көрсетіп, өңірдегі кәсіподақ қозғалысының дамуына тың серпін берді. Халықаралық кәсіподақтар тәжірибесіне сүйене отырып, бастауыш және аудандық кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларына әдістемелік көмек көрсетіп келеді.

Білім басқармасы, білім саласында сапаны арттыру департаменті, «Өрлеу» педагогтардың біліктілігін арттыру институты, ғылыми-тәжірибелік орталығы басқа да білім беру ұйымдарымен әлеуметтік әріптестік жолға қойылды.Өңірдегі білім беру мекемелерімен бірге мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыруға белсенді қатысып, аймақ ұстаздарының әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Әлеу­меттік әріптестік. Бүгінде Ақтөбе облысында 12 аудандық, 1 қалалық және 590 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Аймақтағы білім саласы қызметкерлерінің құқығын қорғайтын ұйымға 32 мыңнан астам педагог мүше. Оларға жүктелген міндет ортақ. Ол- ең алдымен еңбек адамының мұң- мұқтажын, мақсат-мүддесін қорғау. Еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік- экономикалық қолдау көрсету, ұжымдағы еңбек дауларын оңтайлы шешу, мұғалімнің мерейін өсіріп, мәртебесін асыру болып табылады.

Кәсіподақ ұйымдарының мақсаты – мұғалімдер мен жұмысшы қызметкерлердің әлеуметтік – экономикалық жағдайларының жақсаруына, құқығының қорғалуына әркез көмек беріп, қолдау көрсету. Бұл жұмыстар облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері, оқу орындарының басшылары, яғниәлеуметтік әріптестермен бірге атқарылуда.2021 жылдың наурыз айында Ақтөбе облысының білім басқармасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ арасында 2021-2023 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімге қол қойылды.

Нәтижесінде өңір педагогтарын толғандырған мәселелер кәсіподақ дейгейінде оң шешімін тауып келеді. Ұстаздар уақытылы жалақысын алып, көптеген әлеуметтік кепілдіктерге ие болып отыр. Маңызды құжатта пандемия кезінде туындаған мәселелердің де шешімі қарастырылған. Кәсіподаққа мүше кез-келген педагог осы құжатта көрсетілген әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалана алады. Мысалы, білім мекемелерінің матариалдық базасының нығаюы, кадрлық құрамның сапасының артуы, еңбек заңдылықтарына сәйкес жұмыспен қамту, жұмыстан босату, жеңілдіктер, қосымша ақы беру сұрақтарында кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері сақталады. Қабылданған ұжымдық шарттар мен екіжақты келісімдерде кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық көмектер мен шипажайларға жеңілдіктермен жолдамалар беру көзделген.

Еңбек заңдылықтарының сақталуы жіті назарда. Салалық кәсіподақ білім беру ұйымдарындағы өз мүшелерінің құқығын қорғау, еңбек заңдылықтарының сақталуын жіті назарда ұстайды. Жыл басынан бері ауқымды жұмыстар жасалды. Жазбаша өтініштер, телефон және дауыстық хабарламалар арқылы 400-ден астам адамға заңгерлік кеңес берілді.«Whats up» желісі арқылы келетін өтініштер саны артып отыр. Облыстың білім беру мекемелерінде еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау бойынша іс-шаралар өткізілді.

Барлығы 122 қоғамдық бақылау жүргізіліп, 137 бұзушылық анықталды. Педагогтардың басым көпшілігін әртүрлі әлеуметтік төлемдер, қосымша ақылар, сабақ жүктелемерін бөлу, сауықтыру жәремақыларын төлеу, демалыс күндерін есептеу сияқты сұрақтар алаңдатады. 1-2 мысал келтірейік. Мектеп директоры педагогты газет-журналға жазылуға мәжбүрлеген.  Келеңсіз оқиға осы жылы Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына қарасты Хлебодаровка орта мектебінде орын алды. Мектеп басшысының уәжімен келіспеген мұғалім кәсіподақтың көмегіне жүгінеді. Кәсіподақ ұстазға құзырлы органдарға өтініш жазуға көмек көрсетті.

Нәтижесінде заң бұзушылықтың жолы кесілді. Мектеп директоры әкімшілік жазаға тартылды. Қобда ауданында бастауыш сынып мұғаліміне «Педагог-зерттеуші» педагогикалық санаты үшін қосымша ақы заңсыз тоқтатылған. Облыстық кәсіподақ ұйымның араласуынан кейін қосымша ақы төлеу жандандырылып, ұстаздың бұған дейін есептелмеген 750 мың теңге қосымша ақысы өндірілді. Тағы бір  мұғалімнің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жұмыстан босатылар кезде оқу жүктемесі заңсыз азайтылды. 

Соның салдарынан еңбек шарты бұзылар кезде өтемақы азайды. Облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық қызметінің көмегімен еңбек инспекциясына хат жолданып, олқылықтың орны толтырылды. Жалпы үлкен ұжымдарда мұндай еңбек дауларының кездесуі қалыпты жағдай.  Көбінесе әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің негізінде туындаған өзекті мәселелердің түйіні шешіліп жатады. Кәсіподақ жұмыс берушімен келіссөздер жүргізіп, екі тарап бітімге келеді.  

Кәсіподақ: тұрақты құрмет, тұрақты қолдау. Үздік ұстаздарды ынталандыру мақсатында Ақтөбе облысының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бастамасымен «Кәсіподақ: тұрақты құрмет, тұрақты қолдау» шарасы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Оның аясында көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қаржылай қолдау көрсетіледі. Мемлекеттік және кәсіби мерекелер, білім беру ұйымдарының мерейтойлары қарсаңында сала майталмандары ескерусіз қалмайды. Үздік мамандарға құрмет  көрсетіліп, қаржылай сыйақылар табысталады.

Әлемді әбігерге салған пандемия кезінде де кәсіподақ қарап қалған жоқ. Өкінішке орай, екі жақты пневмониядан көз жұмған әріптестеріміз аз емес. Осы ретте педагогтардың жақындарына және коронавирус инфекциясына шалдыққан ұстаздарға материалдық көмек көрсетілді. Індетке шалдыққан қызметкерлерге бастауыш және аудандық білім қызметкерлері кәсіподақтары есебінен көмек қолы созылды. «Біз біргеміз!» акциясы аясында білім беру мекемелерінде қызмет атқарып жатқан көпбалалы, аз қамтылған отбасының кәсіподақ мүшелеріне, еңбек ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне барып, қаржылай және азық-түлік түрінде қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Сондай-ақ кәсіподақ пәтерлері өртенген ұстаздарға көмек қолын созды. Былтыр жыл басында Түркістан облысы, Мақтарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен әріптестерге қайырымдылық көмек жіберілді. Ал, 12 ауданда еңбек етіп жатқан 600-ден астам мұғалімге онлайн сабаққа қажетті компьютердің бастапқы жарнасын төлеуге қаражат қарастырылды. Қазіргі таңда барлық аудандық білім ошақтарында педагогтар мен кіші қызметкерлер толығымен медициналық тексеруден білім мекемесі қаражаты есебінен тегін өтеді.

Ұстазды ұлықтау – ұлағатты іс. “Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”, – дейді ұлтымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы. Аймақта өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде талмай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарымыз аз емес.

Олардың өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарын және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істерін насихаттау бағытындағы жұмыстар да жүргізіліп келеді. Облыстық «Ақтөбе», «Ақтөбе ұстазы» газеттерінде және облыстық кәсіподақтың әлеуметтік желілердегі парақшаларында «Өз ісінің шебері», «Ұлағатты ұстаздар әулеті», «Жас келсе, іске», «Тәуелсіздік құрдастары» айдарымен үздік педагогтар, осы мәртебелі мамандықты ұрпақтан ұрпаққа жалғап келе жатқан мұғалімдер династиялары, жас мамандар туралы мақалалар тұрақты  жарияланып тұрады.

2021 жыл «Бастауыш кәсіподақ жылы» болып жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты «Қалың қалай, бастауыш ұйым», «Біздің бастауыш кәсіподақ», «Кәсіподақ көшбасшысы» атты жаңа рубрикалар ашылып, бастауыш кәсіподақ жұмысы, кәсіподақ белсенділері жайында ақпараттар жарық көрді. Бастауыш кәсіподақ жылына орай ҚР Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен «30 еңбек елшісі» жобасы ұйымдастырылған болатын. Республикалық байқауға қатысуға 200-ге жуық өтінім келіп түскен. Осының арасынан комиссия мүшелері 30 жеңімпазды анықтады.

Ақтөбе облысының  педагогы үздік отыздыққа ілігіп, мерейімізді өсірді. Мәртөк ауданы, №1 Мәртөк жалпы білім беретін орта мектебі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Мұстафин Бауыржан Жұмабайұлы үздіктердің қатарынан көрінді. Тағы бір ақжолтай жаңалық. Күні кеше Әйтеке би ауданы, Қ.Шаңғытбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы” республикалық байқауда үшінші орынды жеңіп алды.

 Республикалық байқау бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыру, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының неғұрлым білікті және белсенді төрағаларының қатарынан кейін оларды сайланбалы кәсіподақ лауазымдарына ұсыну үшін кадрлар резервін құру, еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттыру, кәсіподақ мүшелерінің бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту мақсатында өткізілген болатын. Оған өңірлік конкурстардың жеңімпаздары деп танылған салалық кәсіподақтың 31 бастауыш ұйымы қатысып, бақтарын сынады. 

1500-ге тарта педагог шипажайда демалды. Еңбек адамының денсаулығына қамқорлық жасау кәсіподақтың назарынан тыс қалған емес.Облыстық кәсіподақ әр оқу жылының күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулы уақытында сала үздіктерін марапаттап, оларға шипажайларға тегін жолдама ұсынады.  Бұл білім кәсіподағының игі дәстүрінеайналған шара. Қоғамдық бірлестік биыл да үрдістен айныған жоқ.

Былтыр бес жүзге жуық педагог облыстық кәсіподақ есебінен шипажайларда демалса, биыл облыстың 1441 ұстазы емдеу-сауықтыру шараларымен қамтылды.Мұғалімдер «Манкент», «Жаңақорған», «Көктем», «Мерке», «Щучинский», «Сосновый бор»,  «Сарыағаш» «Сарыағаш суы», «Баян жүрек, «Оқжетпес» «Ақжайық», «Шипагер», «ЮКОН» және «Зәру» сияқтыеліміздің ең таңдаулы шипажайларында тынығып, тыныс алу жүйесі, асқазан-ішек жолдары, тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, урологиялық, гинекологиялық өзге де ауруларды емдеуге және алдын алуға мамандандырылған сауықтыру орталықтарында денсаулықтарын нығайтты.  

Өңірдің жас педагогтары да жазғы еңбек демалыстарын қызықты өткізді. Кәсіподақ қолдауына ие болған жас мамандар қарт Каспийдің жағалауында демалып қайтты. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын таппақ. Облыстық білім кәсіподағы алдымыздағы күзгі каникулк кезінде 50 үздік мұғалімге «Мерке» шипажайына жолдама беруді жоспарлап отыр.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1