Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Осы мақсатта мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде кеңінен қолданылатын «Театр түрлері – балабақшада» атты әдістемелік құралы жасалып отыр.
Әдістемілік құралда театрдың бала тілін дамыудағы маңызы, балабақшада қолданылатын театр түрлері, театрландырылған ойынды дамытудың негізгі бағыттары, жас ерекшеліктеріне сай қолдану барысы қарастырылған. Сондай-ақ, сюжеттік-мазмұнды ертегілер мен шығармалар енгізілген. Бұл әдістемелік құрал мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен педагог мамандарына арналған.