Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

 Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті интерактивті сабақ өткізді.

Ағымдағы жылдың 28 қараша күні «Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Тұрмыстық электр құралдармен айналысу ережелері», «Қысқы кезеңдегі үсік кезінде алғашқы көмек көрсету жолдары» тақырыптары бойынша онлайн форматта кезекті облыстық интерактивті сабақтар өтті.  

Сабақ барысында қауіпсіздік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға кеңестер берілді. Шараға облыс бойынша 238 мектеп, 7553 оқушы қатысты. 

 

 

 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті  2025 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде «Жазғы кезеңдегі судағы іс- қимыл ережелері», «Балалардың терезеден құлауы, олардың алдын-алу» тақырыптарында тәрбие әдіскерлеріне және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық интерактивті сабақ көрсетілді.

Интерактивті сабаққа Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері капитан Туменов Арыстанбек Еділханұлы, Ақтөбе облысы ТЖД Төтенше жағдайларды алдын-алу басқармасының аға инженері  аға лейтенант Орынбасаров Жанболат Мәдіғалиұлы, ҚР ТЖМ Апаттық медицина орталығының дәрігері Кульжанов Жанат Базарбаевич жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қауіпсіздік ережелеріне тоқталды.

         Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 13 әдіскер, 380 директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. 

 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті  2025 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде «Жазғы кезеңдегі судағы іс- қимыл ережелері», «Өртсіз жазғы демалыстар. Жазғы кезеңдегі өрт қауіпсіздігі шаралары», «Жер сілкінісі кезіндегі тәртіп ережелері», «Балалардың терезеден құлауы, олардың алдын-алу» тақырыптарында 7-10 сынып білім алушыларына арналған кезекті облыстық интерактивті сабақ көрсетілді.

Интерактивті сабаққа төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері азаматтық қорғау лейтенанты Әбілтаев Аспандияр Қалыбекұлы және Төтенше жағдайлар жою басқармасының инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Жаңабай Нұрдәулет Төлегенұлы жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қауіпсіздік ережелеріне тоқталды.

         Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 405 мектеп, 5905 оқушы қатысты. 

 

 Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі шаралары

     Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті  2025 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде ағымдағы жылдың 3 сәуір   күні сағат 10.00 онлайн форматта «Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі шаралары», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Баланың отпен ойнаудың алдын алу», «Балалар арасында тұрмыстық жарақаттың алдын алу, жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету», «Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында 7-10 сынып білім алушыларына арналған кезекті облыстық интерактивті сабақ көрсетілді.

Интерактивті сабаққа Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт басқармасының бас маманы а/қ капитаны Мұхтар Аслан Берікұлы өрт қауіпсіздігі шараларына тоқталды; Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Кеңшіліков Биғалым Нұрбекұлы балалар тұрмыстық жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек әрекетерін көрсетіп өтті; Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Туменов Арыстанбек Едилханулы - суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелеріне тоқталды.

         Сабақ барысында жоғарыда көрсетілген тақырыптары бойынша қауіпсіздік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, білім алушыларға кеңестер берілді. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 415 мектеп, 6105 оқушы қатысты. 

Салқын тию мен үсіп қалу кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті  2025 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде ағымдағы жылдың 3 ақпан   күні сағат 10.00 онлайн форматта «Салқын тию мен үсіп қалу кезіндегі алғашқы медициналық көмек», «1 наурыз – Азаматтық қорғаныс күні», «Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар (боран, қарлы боран, қарлы бұрқасын) кезіндегі мінез-құлық ережелері» тақырыптарында 7-9 сынып білім алушыларына арналған облыстық интерактивті сабақ көрсетілді. 

Интерактивті сабаққаТөтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Аманшев Кайрат Искаерович кысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар (боран, қарлы боран, қарлы бұрқасын) кезіндегі мінез-құлық ережелерімен таныстырып өтті. Аппаттар медициналық орталығының маманы Жургенбай Дархан Темирланович салқын тию мен үсіп қалу кезіндегі алғашқы қандай медициналық көмек көрсетілу керектігін атап айтты.

Сабақ барысында қыс кезінде қауіпсіздік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға кеңестер берілді. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 220 мектеп, 3387 оқушы қатысты.

Ағымдағы жылдың 7 қараша күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруыменАқтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті2024 жылға арналған бірлескен жоспары негізінде«Жылыту кезеңіндкгі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Тұрмыстық электр құралдармен айналасу ережелері», «ҚР ІІМ ТЖК КТИ оқу орнына түсу мүмкіндіктері мен ерекшеліктері» тақырыптары бойынша онлайн форматта кезекті облыстық интерактивті сабақтар өтті.

Сабақ барысында қауіпсіздік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға кеңестер берілді. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 238 мектеп, 6454 оқушы қатысты.

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мен Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған бірлескен жоспар негізінде «Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік», «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында онлайн форматта кезекті облыстық интерактивті сабақ өткізді.

Сабақ барысында қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға кеңестер берілді. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 223 мектеп, 5897 оқушы қатысты.

Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде онлайн форматта «Төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында кезекті облыстық интерактивті сабақөтті.

Сабақ барысында қатысушыларға кеңестер беріліп, ұсыныстар айтылды. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша165 мектеп, 3707 оқушы қатысты.

«Мен және мені қызықтыратын мамандықтар» облыстық сырттай байқауының қорытындысы.

І орын

  1. Брянова Ажаргул Кентаевна Ақтөбе қаласы, №55 орта мектеп-гимназиясы
  2. Нурлыбекова Гулжанат Бауыржановна Ақтөбе қаласы, Смарт Білім мектеп гимназиясы
  3. Кужабаева Анаргуль Сандибаевна Алға ауданы, Есет батыр атындағы мектеп – бақшасы
  4. Асгатқызы Арайлым Қобда ауданы, Жаңаталап негізгі метеп -бөбекжайы

ІІ орын

  1. Нетуллина Айша Сагинаевна Ақтөбе қаласы, №56 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  2. Сатыбалдина Нургул Жусуппаевна Ақтөбе қаласы, №56 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  3. Ахметова Умыт Куанышевна Ақтөбе қаласы, №56 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  4. Жылқыбаева Арай Асқарқызы Ақтөбе қаласы, №56 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  5. Акмурзаева Алмагуль Бекболатовна Хромтау ауданы, №3 Хромтау орта мектебі
  6. Кунаева Клара Жолдасовна Алға ауданы, Тоқмансай орта мектебі
  7. Тынысов Арман Нұрланұлы Қобда ауданы, Ақырап мектеп балабақша бөбекжай кешені
  8. Елеуов Алишер Шынгысович Қобда ауданы, Ақырап мектеп балабақша бөбекжай кешені
  9. Нуралина Салтанат Саламатовна Ақтөбе қаласы, М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей- интернаты
  10. Қожанова Гүлназ Тлегенқызы Шалқар ауданы, «№3 жалпы орта білім беретін мектебі
  11. Жүсіпова Аяжан Жанабайқызы Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі
  12. Баймукашева Анар Нигметуллиевна Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі
  13. Кулдрахманова Элмира Болатқызы Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі
  14. Бақиева Жанна Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі

ІІІ орын

1.Избасарова Фарида Жонысовна Ақтөбе қаласы, Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясы

2.Байманова Әлия Ерланқызы Ақтөбе қаласы, Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі

3.Смадияр Мерей Серікұлы Ақтөбе қаласы, № 10 жалпы білім беретін орта мектебі

4.Сагынова Майра Жауынбаевна Темір ауданы Кеңесту негізгі орта мектебі

5.Казиева Самал Кабидоллаевна Әйтеке би, Қарашатау  жалпы орта білім беретін мектебі

6.Халелина Аида Рауханқызы Әйтеке би ауданы, С.Оразалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

7.Куракбаева Сания Борисовна Қобда ауданы, Ақырап мектеп балабақша бөбекжай кешені

8.Кудайбергенова Шара Муратовна Мұғалжар ауданы, Қайыңды жалпы білім беретін орта мектебі

9.Божыбаева Айым Кенелдиковна Мұғалжар ауданы, Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебі

  1. Таңсықбаева Гүлназ Мұхиятқызы Шалқар ауданы, № 5 мектеп лицей
  2. Дармен Айнұр Боранбайқызы Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі
  3. Серикова Асель Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі
  4. Юсупова Гулнар Амирханқызы Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі

Алғыс хат

  1. Узакбаева Салтанат Бекбергеновна Ақтөбе қаласы, Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі
  2. Бекмагамбетова Жанат Кенжешевна Қобда ауданы, Қобда қазақ орта мектебі
  3. Тулегенова Айнұр Асқарқызы ,Ырғыз ауданы. Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

 

 

Ақтөбе облысында «Дублер күні»  жалпы республикалық жобаның облыстық деңгейі бастау алды!

Мектеп оқушылары бір күнге кәсіпорын қызметкерлерінің көмекшісі болып, таңдалған мамандықтың қыр-сырын өз көзімен көріп, тәжірибе жинақтауда.

 Бұл жоба оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.

- Нағыз тәжірибе — нағыз шешім!
-  Болашаққа бүгіннен қадам жаса!

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ  59 МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК БАҒЫТТАҒЫ БЕЙІНДІК СЫНЫПТАР АШЫЛДЫ!

Облыс мектептерінде жұмыс берушілер және колледждермен серіктесе отырып, болашақ мамандарды даярлауға бағытталған бейіндік сыныптар іске қосылды.

Жоба аясында:
✔ Мектептер, колледждер мен кәсіпорындар арасында меморандумдар жасалды
✔ Міндетті кәсіби тәжірибе және өндірістік практика қарастырылған оқу жоспарлары дайындалды

            Бейіндік сыныптар арқылы оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап нақты мамандыққа баулу, еңбек нарығына дайын маман даярлауға мүмкіндік жасау.

 

 «PARTY PROFESSION» МАМАНДЫҚТАР МЕРЕКЕСІ ӨТТІ               

         Ағымдағы жылдың 20-21 мамыр аралығында «WorldSkills Aqtobe - 2025» аймақтық чемпионатының өтуіне орай, кәсіби бағдар  «Болашаққа жолдама» жобасы аясында «Party profession» кәсіби бағдар беру ісінің заманауи әдіс-тәсілдерін үйрету мақсатында 9 сыныптың білім алушыларына арналған мамандықтар мерекесі өтті. Қатысушылар заманауи және  нарықтық сұранысқа ие мамандықтардың ерекшелігі туралы ақпарат алып, мамандық бойынша қызмет ету тәжірибесін колледж студенттерінің практикалық  жұмысы барысында  көрді.    

     Аталған шараға  9 сынып білім алушылары, жалпы 2500 бала қамтылды.


БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ НАВИГАТОРЫ: КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУДЫҢ ТИІМДІ ПРАКТИКАСЫ

2025 жылдың 20 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылына орай «Болашаққа жолдама» кәсіптік бағдарға бағытталған облыстық жоба аясында «Болашақ мамандықтарының навигаторы: кәсіптік бағдарлаудың тиімді практикасы» оқыту семинары өтті.

Семинар медицина саласы бағытында мамандық таңдауға арналды. Шара барысында ШЖҚ Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің кәсіптік бағдар беру ұйымының төрайымы Жумагалиева Айымгуль Сагитжановна «Мамандық таңдау маңызды іс»; Жоғары көпсалалы "Болашақ" колледжінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Омарова Гульназ Орынтаевна «Жалпы тәжіребедегі мейіргер ісі»; Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Жиенгулова Дина Самигуллаевна «Бүгінгі түлек-болашақ жас маман» тақырыптарында медицина саласы бойынша колледжінде оқытылатын мамандықтарымен таныстырып, жыл өткен сайын медицина саласы дамып келе жатқанын атап өтіп, медицина мамандығының маңызын айтып өтті.

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері, психолог. Педагогика ғылымдарының магистрі Байдуашова Сандигуль Базаркуловна «Мамандық таңдаудың мәні неде?» тақырыбында мамандыққа бейіндеуде психологиялық диагностикалармен қатар, әлеуметтік тренингтердің маңыздылығына мән берді.

Семинар соңында медицина мамандықтары бойынша сұрақтар қойылып, кері байланыс берілді.
Шараға білім беру ұйымдарының кәсіби бағдар жетекшілері және 9 сынып оқушылары қатысты

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Болашаққа жолдама» кәсіптік бағдарға бағытталған облыстық жоба аясында оқыту семинары өтті. Семинардың модераторы: психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, "Психология жәнепедагогика" мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі – М.Жубандықова мамандыққа бейіндеуде психологиялық диагностикалармен қатар, әлеуметтік тренингтердің маңыздылығына мән берді.

Қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.Смагулова кәсіптік бағдар бойынша облыстық жобаның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Үздіксіз білім берудің негізінде жобаны жүзеге асыруда білім алушылардың мамандықты нақты таңдай білуіне жауапты мамандарға 1 кластан бастап кәсіби профилі бойынша оқу кезеңіндегі басты мақсаттарын айқындап көрсетті.

Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің маманы, педагогика магистрі – С.Байдуашова «Перспектива» үлкен психологиялық ойынның жүргізілу ережесімен таныстырды. «Перспектива» іскерлік ойынның мақсаты – мамандықты таңдауда білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту және болашақ өмір мен кәсіпке жағымды қатынасын дамыту.

Ойын барысында білім алушылар өзіндік қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани алады. Мамандықтардың болашақ кәсіби айқындалуларында тигізетін әсерін көреді. Қатысушылар арасындағы жағымды қарым-қатынас нығаяды;

Семинар соңында «Болашаққа жолдама» жобасын жүзеге асыруға байланысты сұрақтар қойылып, кері байланыс берілді.

Әдістемелік күн: Кәсіби бағдар беру жұмысының өзекті мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні кәсіби бағдар әдіскерлері мен кәсіби бағдар шығармашылық тобына арналған әдістемелік күн ұйымдастырылды.

 Іс-шараның мақсаты: Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүйелеу және әдістемелік қолдау көрсету.

Вебинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы кәсіптік бағдар беру орталығының аға ғылыми қызметкері, педагогика магистрі Тастанова Анар Қайырбайқызы қатысып, өңіріміздің кәсіби бағдар жетекшілеріне кәсіптік бағдар беру жұмысының мазмұны, бағыттары және оны тиімді ұйымдастыру жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына қолдау көрсету, еңбек нарығының сұранысына сай бағыт-бағдар беру, ата-анамен және әлеуметтік серіктестермен бірлескен жұмысты жандандыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті сұрақтарына жауап алды.

Әдістемелік күн кәсіби бағдар беру жұмысын жетілдіруге, мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Сапалық құрам

20000
жалпы педагог саны
5000
педагог-модератор
4000
педагог-сарапшы
3500
педагог-зерттеуші
0
педагог-шебер

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT