«Тәртіп – тәрбие өзегі: мектептегі құқықтық мәдениет үлгісі» облыстық workshop
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId889862ba51
2026 жылдың 22 мамыр күні «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған Ақтөбе қаласындағы №85 жалпы білім беретін орта мектебінің базасында «Тәртіп – тәрбие өзегі: мектептегі құқықтық мәдениет үлгісі» тақырыбында облыстық workshop өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру тәжірибелерімен бөлісу, тәртіп пен тәрбиенің өзара сабақтастығын талқылау, сондай-ақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы тиімді тәрбие модельдерін насихаттау.
Workshop жұмысына 80-нен аса аудандық және қалалық білім бөлімдерінің тәрбие әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-ұйымдастырушылар мен аға тәлімгерлер қатысты.
Іс-шара барысында білім беру ұйымдарындағы құқықтық мәдениетті қалыптастырудың заманауи бағыттары, мектеп тәжірибесіндегі «Заң және тәртіп» қағидатының жүзеге асырылуы, сондай-ақ оқушы тәртібі мен жауапкершілігін арттырудағы мектеп пен ата-ананың өзара ықпалдастығы мәселелері таныстырылды.
Практикалық кейс-сессияларда буллингтің алдын алу, мектептегі профилактикалық жұмыс және қауіпсіз интернет мәдениетін қалыптастыру бағытындағы тәжірибелер ұсынылды.
Workshop аясында «Мектептегі құқықтық мәдениет моделін құрастыру» тақырыбында топтық жұмыстар ұйымдастырылып, қатысушылар тәжірибелік ұсыныстар әзірледі. Сонымен қатар «Менің мектебімдегі тәртіп мәдениеті» тақырыбындағы TED-алаңда өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері өз бастамаларымен бөлісті.
Іс-шара қорытындысында workshop тәжірибесінің тәрбие жұмысын жетілдірудегі маңызы атап өтіліп, құқықтық мәдениет пен тәртіп құндылықтарын жүйелі қалыптастырудың өзектілігіне назар аударылды.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫСТЫҚ КЕЙС-СЕССИЯНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId9ddd2b637c
2026 жылдың 8 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру: әдістемелік кейстер» облыстық кейс-сессияның қорытынды отырысы өтті.
Мақсаты - «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын облыс көлемінде тиімді жүзеге асыру мақсатында нақты кейстерді талқылау, білім беру ұйымдарында тәрбиелік жұмыстың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру, үздік тәжірибелермен алмасу және педагогтердің әдістемелік құзыреттілігін арттыру.
Қорытынды отырыста Байғанин, Мұғалжар, Шалқар және Әйтеке би аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері бағдарламаны одан әрі тиімді жүзеге асыру бойынша өз кейстерімен бөлісті.
Ұсынылған кейстер барысында білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының өзекті мәселелері, ата-ана, мектеп және қоғам арасындағы өзара байланыс, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие тетіктері жан-жақты талқыланды.
Кейс-сессия қорытындысында қатысушылар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асырудағы өзара ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу алаңдарын кеңейту және тәрбиелік жұмыстардың сапасын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Іс-шара педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға арналған тиімді диалог алаңына айналды.
«Ер бала тәрбиесі: тәртіп, талап және жауапкерішілік»
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeIdf86e4e814a
2026 жылдың 27 сәуір күні «Ер бала тәрбиесі: тәртіп, талап және жауапкерішілік» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар барысында ер балалар клубтарының жетекшілері балалар тәрбиесіндегі заманауи тәсілдер мен тиімді тәжірибелермен танысып, өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара аясында «Қыш құмыра терапиясы», «Шахмат - ақыл-ойдың ұлы жекпе-жегі», «Ұлттық ойын – ақыл-ойдың серігі» бағытындағы үйірме жұмыстары көрсетілді.
Әскери-патриоттық тәрбие бағыты бойынша кадет сыныптарының жұмыс моделі ұсынылып, «Ғалым бол» мотивациялық жобасы мен «Ұлдар клубы» жұмысының ерекшеліктері баяндалды.
Практикалық бөлімде қатысушылар ер балалар тәрбиесінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша тәжірибелік жұмыстарға қатысып, өзекті мәселелерді талқылады.
Іс-шара педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, тәрбие жұмысының сапасын арттыруға ықпал етті.
«БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС - ТАБЫСТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ СЫРЫ» ОЗЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId2632fd4d74
2026 жылдың 24 сәуір күні Қобда ауданы, Ақырап мектеп-бөбекжай-балабақша кешені базасында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тлепиева Бибет Канатовнаның озық іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Білім алушылардың ата-аналарымен жұмыс – табысты қарым-қатынастың сыры» атты облыстық семинар-практикум өтті.
Мақсаты – білім беру ұйымы мен ата-аналар арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайту, білім алушылардың тұлғалық дамуына қолайлы орта қалыптастыру, ата-аналардың тәрбие үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету және өзара сенімге негізделген тиімді байланыс жүйесін дамыту.
Семинар барысында келесі бағыттар қамтылды:
- «Білім ордасы: тәжірибе мен тағылым» (танымдық экскурсия)
- «Ата-ана мен мектеп ынтымақтастығы: тәжірибе мен нәтиже» (тәжірибелік таныстырылым)
- «Ата-ана мен бала диалогы: сенім мен түсіністік алаңы» (шеберлік сыныбы)
- «Ішкі баланс: жағымды эмоциядан жан тыныштығына» (тренинг)
- «Қолдау мен түсіністік: ерекше балалардың ата-аналарымен тиімді жұмыс» (диалогтік алаң)
Сонымен қатар «Шабыт» жобасы аясында “SHABYT FEST: Өнер мен шабыт үндестігі” атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Бұл іс-шара мектеп пен ата-ана арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды тәжірибе алаңы болды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар осындай тәжірибе алмасу алаңдарының білім мен тәрбие беру сапасын арттыруға және ата-аналармен жұмысты жүйелеуге зор ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, алынған тәжірибелер алдағы уақытта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысында тиімді қолданылатын болады.
«ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ: ТҰЛҒА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ» ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ
2026 жылдың 16 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Тәрбиенің жаңа парадигмасы: тұлға дамуының жаңа бағыты» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты – тәрбиенің жаңа парадигмалары негізінде білім алушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етудің тиімді жолдарын айқындау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибені тарату.
Семинар-практикумға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің тәрбие әдіскерлері мен білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында салынған №83 жалпы білім беретін орта мектебінің «Адал азамат» бағдарламасына сәйкес безендірілген бірыңғай үлгілері көрсетілді.
Теориялық бөлімде қатысушылар цифрлық платформалар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, сондай-ақ «Жас сақшы» сыныптарындағы тәрбие жұмысының тәжірибелерімен танысты. Практикалық бөлімде құндылықтарға бағдарланған, мектепте қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған және сапалы білім берудегі тәрбиенің рөлін айқындайтын сабақ үлгілері ұсынылды.
Семинар қорытындысы бойынша педагогтер «Адал азамат» бағдарламасын тиімді жүзеге асырудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, тәрбие жұмысының мазмұнын жаңғыртуға бағытталған әдіс-тәсілдерді игерді. Қатысушылар құндылыққа негізделген білім беру мен тұлғалық дамуды қамтамасыз етудің тиімді тәжірибелерін өз іс-тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік алды.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫСТЫҚ КЕЙС-СЕССИЯНЫҢ ІІІ ОТЫРЫСЫ
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeIdd44ee3a1e8
2026 жылдың 27 наурыз күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру: әдістемелік кейстер» облыстық кейс-сессияның ІІІ отырысы өтті.
ІІІ отырыста Темір, Мәртөк, Хромтау, Ырғыз аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері және М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бағдарламаны одан әрі тиімді жүзеге асыру бойынша өз кейстерімен бөлісті.
Ұсынылған кейстер тәрбие жұмысының мазмұнын жаңартуға, құндылықтарға негізделген іс-шараларды жүйелеуге ықпал етті. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы тиімді тәжірибелер бойынша нақты ұсыныстар ұсынылды.
Кейс-сессия кестесіне сәйкес өзге де аудандардың озық тәжірибелерін тарату жұмысы жалғасады. Бұл өз кезегінде тәрбие жұмысының сапасын арттыруға, тиімді тәжірибелерді кеңінен енгізуге және «Адал азамат» құндылықтарын білім беру ұйымдарында жүйелі қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қыз бала тәрбиесіндегі ұлттық дәстүр мен қазіргі заман талаптарының үндестігі
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId89de568701
2026 жылдың 17 наурыз күні «Қыз бала тәрбиесіндегі ұлттық дәстүр мен қазіргі заман талаптарының үндестігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты – қыз бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды заманауи талаптармен ұштастыру, отбасы, мектеп және қоғам арасындағы байланысты нығайту.
Дөңгелек үстелге білім беру ұйымдарының педагогтері, тәрбие саласының мамандары мен қоғам өкілдері қатысты. Шара барысында №31 қазақ орта мектебінің қыздар клубының жетекшісі Орнай Бижанқызы Идирисова қазақ халқының қыз тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрлері туралы баяндама жасап, республикалық «Дәстүрге жол» аналар бірлестігінің мүшесі Бибігүл Әбдішүкірқызы Әбілдаева қыз бала бойындағы әдептілік пен инабаттылық құндылықтары жөнінде ой бөлісті.
Сонымен қатар қатысушылар үшін ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған тәжірибелік алаңдар, шығармашылық жұмыстар мен психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, қыз бала тәрбиесіндегі ұлттық тәрбиені заман талабына сай жетілдіру жолдарын талқылады.
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId2639996611
2026 жылы 27 ақпан күні №51 гимназия мектебінде «Тәрбиенің жаңа мазмұны: мектеп тәжірибесіндегі инновациялар» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Аталған іс-шараға облыс аудандарынан 70-ке жуық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар мен сынып жетекшілері қатысты
Семинардың негізгі мақсаты – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын кеңінен таныстыру, оның мазмұнын терең түсіндіру және пәндерге тиімді енгізу жолдарын ұсыну, сондай-ақ жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету болды.
Іс-шара барысында тәрбие жұмысын жүйелі жоспарлау, құндылықтарға негізделген іс-шараларды ұйымдастыру, оқушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етудегі заманауи әрі инновациялық тәсілдерді қолдану бағытында нақты тәжірибелер мен тиімді практикалар ұсынылды. Қатысушылар шеберлік сағаттарына қатысып, өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.
Сонымен қатар, семинар аясында тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-анамен серіктестікті нығайту, мектеп пен қоғам арасындағы байланысты жетілдіру мәселелері кеңінен қарастырылды. Қорытынды бөлімде қатысушылар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта бірлескен жұмысты жандандыру жөнінде ортақ шешімдер қабылдады.
Облыстық семинар-практикум өз мақсатына жетіп, қатысушылар үшін тәжірибе алмасу мен кәсіби дамудың тиімді алаңына айналды.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫСТЫҚ КЕЙС-СЕССИЯНЫҢ ІІ ОТЫРЫСЫ
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId0effa5fb1c
2026 жылдың 26 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру: әдістемелік кейстер” облыстық кейс-сессияның алғашқы ІІ отырысы өтті.
Тәжірибе алмасу алаңына қалалық, аудандық білім бөлімдерінің тәрбие әдіскерлері, облыстық білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Кейс-сессияның ІІ отырысында Ақтөбе қаласы, Алға, Қобда аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері және Дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернатының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бағдарламаны одан әрі тиімді жүзеге асыру бойынша өз кейстерімен бөлісті.
Ұсынылған кейстер тәрбие жұмысының мазмұнын жаңартуға, құндылықтарға негізделген іс-шараларды жүйелеуге және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы тиімді тәжірибелерге негізделген ұсыныстарымен бөлісті. Кейс-сессияның кестесіне сай өзге де аудандардың тәжірибелерін тарату жұмысы жалғасын табады.
«ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП – БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БІРТҰТАС ЖҮЙЕ» ОБЛЫСТЫҚ КӨШПЕЛІ СЕМИНАРЫ
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId6f34d5a7b8
2026 жылдың 13 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Байғанин ауданының Қ.Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназия базасында «Отбасы мен мектеп – бала тәрбиесіндегі біртұтас жүйе» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту арқылы бала тәрбиесіндегі біртұтас жүйені қалыптастыру, ата-ана мен педагогтердің жауапкершілігін арттыру, бала тәрбиесіндегі тиімді әдіс-тәсілдер бойынша тәжірибе алмасу және озық іс-тәжірибелерді тарату болды.
Семинарға өңірдегі аудандардың және Ақтөбе қаласының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.
Семинар барысында «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» атты концерттік бағдарлама ұсынылып, «Шабыт» жобасы аясында “Менің атым Қожа” қойылымы сахналанды. Педагогтер «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың тиімді тұстарын таныстырып, практикалық жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру бағытындағы жұмыс тәжірибелері ұсынылып, кәсіби бағдар беру бойынша оқушыларды болашақ мамандыққа бағыттаудың жаңа тәсілдері таныстырылды. Жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы ұйымдастырылған ашық сынып сағаттарының үлгілері көрсетіліп, цифрлық мүмкіндіктерді тәрбие үдерісіне енгізу жолдары талқыланды.
Семинар қатысушылары отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың озық идеяларымен алмасып, тәжірибе қоржынын толықтырды. Іс-шара соңында іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге алғыс хаттар табысталып, тәрбие жұмысындағы жаңа әдістер мен заманауи тәсілдерді тиімді енгізудің маңызды алаңы болды.
«Campit» жазғы лагерінің 25 жылдығына арналған «TATTI DEMALYS» өңірлік фестивалі өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId0a908f91f1
Ағымдағы жылдың 28 мамыр күні «Campit» жазғы лагерінің 25 жылдық мерейтойына арналған «TATTI DEMALYS» өңірлік фестивалі ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шара лагерь жұмысының заманауи тәжірибелерін насихаттауға, тәлімгерлер мен педагогтердің кәсіби байланысын нығайтуға және тиімді жазғы демалыс модельдерін таныстыруға бағытталды.
Фестивальге лагерь басшылары, әдіскерлер, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, аға тәлімгерлер қатысты. Қатысушылар тәжірибе алмасып, лагерь қызметіндегі тың жобалар мен креативті форматтарды талқылады.
Іс-шараның ашылу салтанатында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының басшысы Жаманбаева Дина Ұзақбайқызы және «Campit» қала сыртындағы сауықтыру кешенінің директоры Ташпентаев Айболат Ғалымұлы фестивальдің маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Фестиваль бірнеше тақырыптық локациялар бойынша ұйымдастырылды.
«Camp Experience Hall» алаңында өңірдегі лагерьлер өздерінің үздік тәжірибелерін таныстырды. Атап айтқанда, «Campit» және «Aqbobek IT camp», «Шұғыла», «Жас мұнайшы», «Әсем», «Әлия» лагерлері мен командалары жазғы демалысты ұйымдастырудағы тиімді жобаларын ұсынды.
«Сақ бол!» локациясында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жаз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздік шаралары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Қиялшы» алаңында қатысушыларға арналған психологиялық және ойын форматындағы белсенді бағдарламалар ұйымдастырылып, командалық серіктестікті дамытуға бағытталған жаттығулар өткізілді.
Ал «Креатив VIBE» практикалық бөлімінде лагерьлер интерактивті жобаларын, квест, тимбилдинг және шығармашылық бағыттағы бағдарламаларын таныстырды. Қатысушылар жаңа форматтағы тәлімгерлік әдістерімен танысып, креативті идеялармен алмасты.
Фестиваль қорытындысында қатысушылар арт-рефлексия алаңында өз әсерлерімен бөлісіп, белсенді қатысушылар марапатталды.
«TATTI DEMALYS» фестивалі лагерь саласындағы тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналып, өңірдегі жазғы демалыс мәдениетін дамытуға серпін берді.
Адал азамат: отбасылық құндылықтар мен мектептің тәрбиелік әлеуетін нығайту тетіктері
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId9177158902
«Адал азамат: отбасылық құндылықтар мен мектептің тәрбиелік әлеуетін нығайту тетіктері» тақырыбында облыстық семинары өтті.
Семинардың мақсаты – отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбиені насихаттау арқылы мектептің тәрбиелік әлеуетін арттыру, «Адал азамат» тұжырымдамасы негізінде білім алушылардың рухани-адамгершілік, патриоттық және құқықтық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы тиімді тәжірибелермен бөлісу болды.
Іс-шараға 80-ге жуық білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, аға тәлімгерлер мен педагог-ұйымдастырушылар қатысты.
Семинар барысында қатысушылар тәрбие бағытындағы озық тәжірибелермен танысты. Атап айтқанда, «Ұлттық құндылық пен заманауи тәрбие: Адал азамат қалыптастыру жолдары», «Келешек ұрпақ: тәртіп пен патриотизм мектебі», «Ғылымға қадам: жас ғарышкерлердің кәсіби және рухани дамуы», «Даналықтан – тәрбиеге: отбасы құндылығы мен ұлттық өнер сабақтастығы», «ДосболLike: біз бәріміз теңбіз» атты квест-сабақ және «Ән қанатында» хор үйірмесінің жұмысы ұсынылды.
Іс-шара барысында оқушылардың патриоттық сезімін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, кәсіптік бағдар беру және психологиялық қолдау бағытындағы жұмыстардың тиімді үлгілері көрсетілді.
Семинар тәжірибе алмасу алаңына айналып, қатысушыларға жаңа идеялар мен кәсіби серпін берді.
Қарғалы ауданында облыстық көшпелі семинар өтті!
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId78eae5bf86
2026 жылдың 20 мамыр күні Қарғалы ауданында «Құндылықтарға негізделген оқу мен тәрбие – үйлесімді тұлға қалыптастырудың негізі» тақырыбында облыстық көшпелі семинар ұйымдастырылды.
Семинардың басты мақсаты – оқушылардың үйлесімді тұлға болып қалыптасуындағы рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтардың маңызын насихаттау және сынып жетекшілері, пән мұғалімдері мен ата-аналардың тәрбие беру үдерісіндегі өзара байланысын нығайту.
Шара барысында:
- Құндылықтарға негізделген ашық сабақтар;
- «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы;
- «Ұшқыр ой алаңы» пікірталас алаңы;
- «Smart Bala» және «Балалар және театр» әлеуметтік жобаларының жүмыстары көрсетілді.
Сонымен қатар, магнит мектептердің ұстаздары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мазмұнды шеберлік сыныптарын ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
“Өз қоржыныма саламын” атты кері байланыс алаңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, тиімді тәжірибелерді ортаға салды.
Семинар қорытындысында мұндай тәжірибе алмасу алаңдарының тәрбие жұмысының сапасын арттыруға, үлесімді тұлға қалыптастыруда, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге үлкен серпін беретіні ерекше атап өтілді.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ: БАҒДАР ЖӘНЕ БОЛАШАҚ» ОБЛЫСТЫҚ КӨШПЕЛІ СЕМИНАРЫ
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId65b19771f9
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Хромтау ауданында «Адал азамат» біртұтас тәрбие: бағдар және болашақ» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында мектеп, отбасы және қоғам арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту арқылы оқушы тұлғасының жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қолайлы тәрбиелік орта қалыптастыруға бағытталған тиімді тәжірибелерді тарату.
Семинарға өңірдің аудандық және қалалық білім беру ұйымдарынан тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, сондай-ақ Хромтау аудандық білім беру ұйымдарының директорлары қамтылды.
Шара барысында тәрбие және кәсіби бағдар бағытындағы жобалар таныстырылып, қатысушылар Хромтау Жоғары тау-кен техникалық колледжіне кәсіби саяхат жасады. Сонымен бірге «SMART BALA» жобасы аясында тәжірибелік жұмыстар көрсетіліп, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың көрме жұмыстары ұйымдастырылды. Ата-аналар «Даналық мектебінде» шеберлік сабақтарын өткізді. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалардың жұмысы ұсынылып, Кеңес Одағының батыры, жазушы, әскери жауынгер Бауыржан Момышұлына арналған кеш өтті.
Қатысушылар мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, ата-ана және оқушы арасындағы бірлескен жұмыстарымен танысып, жаңа жобалар туралы ақпарат алды. Семинар заманауи тәрбие моделінің тиімді тәжірибелерін ортаға салу, пікір алмасу және «Ашық микрофон» форматындағы талқылаумен қорытындыланды.
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId916697f94b
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН ҮЛГІСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
2025 жылғы 12 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыс мектептерінің басшыларына арналған онлайн жиналыс өтті.
Жиынның негізгі мақсаты – «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының брендингін түсіндіру және білім беру ұйымдарын безендірудің бірыңғай дизайн үлгісін таныстыру болды.
Жиынға жұмыс тобының мүшесі, шығармашылық топтың жетекшісі, «Q-VISION» ЖШС директоры Исмагулов Дархан Жоламанұлы қатысып, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол бағдарламаның тәрбиелік маңызына тоқталып, мектептердің ішкі және сыртқы келбетін біріздендірудің артықшылықтарын атап өтті.
Сонымен қатар, қатысушыларға бірыңғай дизайн үлгісін қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.
Жиын соңында мектеп басшылары бағдарламаны тиімді жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтіп, тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.
2025 жылдың 19 тамыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Білім келешегі: Адал азамат және кәсіби маман» атты облыстық педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында «Адал азамат: тәрбие экожүйесі және мектеп – отбасы – қоғам синергиясы» атты мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының панельдік секция отырысы өтті.
Секция отырысының негізгі мақсаты: мектеп, отбасы және қоғам арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту арқылы жас ұрпақты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің тиімді экожүйесін қалыптастыру, «Адал азамат» тұлғасын дамытуға бағытталған тәжірибе, идея және серіктестік алаңын құру. Секциялық отырысқа 100-ден астам педагог қамтылып, онлайн байланыс арқылы 200-ден аса педагогтер қатысты.
Панельдік секция теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. 2025–2026 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың жаңалықтары мен өзгерістері бойынша баяндама жасалып, педагогтердің этикасы мен кәсіби мәдениетіне тоқталды. Секция барысында құндылыққа негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері, мектептегі тәрбие қызметін жоспарлау, талдау және үйлестіру жұмыстары, ата-ана мен мектептің үйлесімді өзара әрекеті, ақпараттық қоғамда оқушылардың моральдық бағдары және оқырман мәдениеті арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру тақырыптары қозғалды.
Панельдік секция отырысы — тәрбие беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тиімді тәжірибелермен бөлісуге бағытталған кәсіби диалог алаңы болды. Секция отырысының соңында жас ұрпақтың тұлғалық дамуына ықпал ететін тәрбие экожүйесін қалыптастырудың өзекті мәселелері мен тәжірибелік шешімдері талқыланып, ұсыныстар қабылданды.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 18 тамыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты облыстық оқыту семинары Ақтөбе қаласында ұйымдастырылды.
Семинарға 100-ден аса білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, жеке меншік мектептердің басшылары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында сертификатталған тренерлер М.Мукатова және В.Калдина «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, бағдарлама аясындағы құндылықтар жүйесін, тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың тәсілдерін таныстырды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына арналған өңірлік жоспар талқыланып, бағдарламаның білім беру процесіне тиімді енгізу жолдары қарастырылып, айтылды.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ХРОМТАУ АУДАНЫНДА ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты облыстық оқыту семинары Хромтау ауданында ұйымдастырылды.
Семинарға 60-тан аса білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, тәлімгерлер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты.
Семинар барысында сертификатталған тренер М.Мукатова «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, бағдарлама аясындағы құндылықтар жүйесін, тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың тәсілдерін таныстырды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына арналған өңірлік жоспар талқыланып, бағдарламаның білім беру процесіне тиімді енгізу жолдары қарастырылып, айтылды.
Семинар аясында мемлекеттік мүдделі орган өкілінің қатысуымен балалар мен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру жайлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ БАЙҒАНИН АУДАНЫНДА ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты облыстық оқыту семинары Байғанин ауданында жалғасын тапты.
Семинарға 80-нен аса мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері және орта білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты.
Семинар барысында сертификатталған тренер М.Избасаров «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, бағдарлама аясындағы құндылықтар жүйесін, тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың тәсілдерін таныстырды. Бұдан бөлек, мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарына арналған өңірлік жоспар талқыланып, бағдарламаны білім беру процесіне сапалы әрі тиімді енгізу жолдары қарастырылды.
Семинар аясында мемлекеттік мүделлі орган өкілінің қатысуымен балалар мен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру жайлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты облыстық оқыту семинары Әйтеке би ауданында ұйымдастырылды.
Семинарға 150-ден аса білім беру ұйымдарының басшылары, оқу, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, тәлімгерлер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты.
Семинар барысында сертификатталған тренер М.Мукатова «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, бағдарлама аясындағы құндылықтар жүйесін, тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың тәсілдерін таныстырды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына арналған өңірлік жоспар талқыланып, бағдарламаның білім беру процесіне тиімді енгізу жолдары қарастырылып, айтылды.
Семинар аясында мемлекеттік мүдделі орган өкілі Әйтеке би ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Берсугиров Нурлан Мухтарулының қатысуымен балалар мен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру жайлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ТЕМІР АУДАНЫНДА ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты облыстық оқыту семинары Темір ауданында ұйымдастырылды.
Семинарға 50-ден аса мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері және орта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты.
Семинар барысында сертификатталған тренер М.Избасаров «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, бағдарлама аясындағы құндылықтар жүйесін, тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың тәсілдерін таныстырды. Бұдан бөлек, мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарына арналған өңірлік жоспар талқыланып, бағдарламаны білім беру процесіне сапалы әрі тиімді енгізу жолдары қарастырылды.
Семинар аясында мемлекеттік мүделлі орган өкілінің қатысуымен балалар мен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру жайлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ЫРҒЫЗ АУДАНЫНДА ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 14 тамыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты облыстық оқыту семинары Ырғыз ауданында жалғасын тапты.
Семинарға 70-ден аса орта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты.
Семинар барысында сертификатталған тренер М.Мукатова «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, бағдарлама аясындағы құндылықтар жүйесін, тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың тәсілдерін таныстырды. Бұдан бөлек, мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарына арналған өңірлік жоспар талқыланып, бағдарламаны білім беру процесіне сапалы әрі тиімді енгізу жолдары қарастырылды.
Семинар аясында мемлекеттік мүделлі орган өкілінің қатысуымен балалар мен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру жайлы тың ақпараттар берілді.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ШАЛҚАР АУДАНЫНДА ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 14 тамыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты облыстық оқыту семинары Шалқар ауданында ұйымдастырылды.
Семинарға 50-ден аса мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері және орта білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты.
Семинар барысында сертификатталған тренер М.Мукатова «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, бағдарлама аясындағы құндылықтар жүйесін, тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың тәсілдерін таныстырды. Бұдан бөлек, мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарына арналған өңірлік жоспар талқыланып, бағдарламаны білім беру процесіне сапалы әрі тиімді енгізу жолдары қарастырылды.
Семинар аясында мемлекеттік мүделлі орган өкілінің қатысуымен балалар мен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру жайлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 14 тамыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты облыстық оқыту семинары Мұғалжар ауданында ұйымдастырылды.
Семинарға 100-ден аса мектепке дейінгі білім беру әдіскерлері, тәрбиешілері және орта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты.
Семинар барысында сертификатталған тренер М.Избасаров «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, бағдарлама аясындағы құндылықтар жүйесін, тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың тәсілдерін таныстырды. Бұдан бөлек, мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарына арналған өңірлік жоспар талқыланып, бағдарламаны білім беру процесіне сапалы әрі тиімді енгізу жолдары қарастырылды.
Семинар аясында мемлекеттік мүделлі органдар өкілдерінің қатысуымен балалар мен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, жастар арасындағы қауіптер мен олардың салдары, балалар мен жастар арасындағы салауатты өмір салтын ұстану, жастар саулығы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ АЛҒА АУДАНЫНДА ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 14 тамыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты облыстық оқыту семинары Алға ауданында жалғасын тапты.
Семинарға 40-тан аса мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, тәрбиешілері және орта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.
Семинар барысында сертификатталған тренер М.Избасаров «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының маңызды тұстарына тоқталып, бағдарлама аясындағы құндылықтар жүйесі мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін таныстырды. Бұдан бөлек, мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарына арналған өңірлік жоспар талқыланып, бағдарламаны білім беру процесіне сапалы әрі тиімді енгізу жолдары қарастырылды.
Семинар аясында мемлекеттік мүделлі органдар өкілдерінің қатысуымен балалар мен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, жастар арасындағы қауіптер мен олардың салдары жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДА ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 13 тамыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты облыстық оқыту семинары Қарғалы ауданында өтті.
Семинарға 50-ден жуық білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, педагогтер қатысты.
Семинар барысында сертификатталған тренер М.Избасаров «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының маңызды жақтарына тоқталып, бағдарлама аясындағы құндылықтар жүйесі мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін таныстырды. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарына арналған өңірлік жоспар талқыланып, бағдарламаны білім беру процесіне сапалы әрі тиімді енгізу жолдары қарастырылды.
Семинар аясында мемлекеттік мүделлі орган өкілдері балалар мен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ МӘРТӨК АУДАНЫНДА ӨТТІ
2025 жылдың 13 тамыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты облыстық оқыту семинары Мәртөк ауданында өткізілді.
Семинарға 100-ден аса білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, тәлімгерлер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер қатысты.
Семинар барысында сертификатталған тренер М. Избасаров «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, бағдарлама аясындағы құндылықтар жүйесі мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін қатысушыларға таныстырып өтті. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына арналған өңірлік жоспар талқыланып, бағдарламаны білім беру процесіне сапалы әрі тиімді енгізу жолдары қарастырылды.
Семинар аясында мемлекеттік мүделлі орган өкілінің қатысуымен балалар мен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ОЙЫЛ АУДАНЫНДА ӨТТІ
2025 жылдың 13 тамыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты өңір бойынша оқыту семинары Ойыл ауданында ұйымдастырылды.
Семинарға 120-ға жуық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, педагогтер қатысты.
Семинар барысында сертификатталған тренер М.Мукатова «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, бағдарлама аясындағы құндылықтар жүйесі мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін таныстырып өтті. Білім беру ұйымдарына арналған өңірлік жоспар талқыланып, бағдарламаны білім беру процесіне сапалы әрі тиімді енгізу жолдары қарастырылды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік мүделлі органдар өкілдерінің қатысуымен қаржылық сауаттылықты арттыру, жастар арасындағы қауіптер мен олардың салдары, салауатты өмір салтын ұстану және жастардың денсаулығын сақтау мәселелері талқыланды.
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId408f28a20d
ТжКББ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ОРЫНБАСАРЛАРЫМЕН ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ
2025 жылғы 12 тамыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылыққа негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.
Отырыс барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері, сертификатталған тренер М.Избасаров «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарлама негізінде тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтсе, Ақтөбе облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Ж.Бисенбин жастар арасындағы жаңа қауіптер мен олардың салдары бойынша ақпарат беріп өтті. Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасы басшысы С.Сайманов қаржылық сауаттылық бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ақтөбе сервис колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сертификатталған тренер А.Умирзакова, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сертификатталған тренер С.Тәжібаева бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарына талдау жасап, тәрбие жұмысының тиімді жақтарын жетілдірудегі қажет ететін тұстарына тоқталды.
Шара соңында орталық әдіскері Б.Нурмолдина тәрбие жүйесіндегі жүргізілетін жұмыстарға әдістемелік сүйемелдеу көрсетті.
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId3eee17768c
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ӨҢІРДЕ ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ БАСТАУ АЛДЫ
Ағымдағы жылдың 12 тамыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтеріне арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылыққа негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты облыстық оқыту семинары оффлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнын, құндылықтық бағыттарын және іске асыру механизмдерін облыстың білім беру ұйымдарына түсіндіру, бағдарламаны білім беру ұйымдарында тиімді үйлестіруге дайындықтар жүргізу.
Семинар барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Н.Жалғас алғы сөз алып, бағдарламаның маңыздылығына тоқталды. Қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері, сертификатталған тренер М.Избасаров «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы құндылықтар жүйесі мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін таныстырып өтті. Бұдан бөлек, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған өңірлік жоспар талқыланып, бағдарламаны білім беру процесіне сапалы әрі тиімді енгізу жолдары қарастырылды.
Алдағы жаңа оқу жылында тәрбие жұмыстары осы бағдарлама аясында жүйелі әрі жоспарлы түрде жүзеге асырылатын болады.
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН «ЖАЗ.BALA. FEST» ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ ӨТТІ
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 мамыр күні «Campit» сауықтыру кешенінің базасында білім беру ұйымдарының директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлері, тәрбиешілері, педагог-психологтары және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыратын мамандарға арналған «Жаз.Bala.Fest» облыстық семинар – практикум ұйымдастырылды.
Аталған семинар «Сақ бол!», «Қиялшы», «Креатив Вайб», «Junior Station» және «Бақыт» локациялары бойынша жұмыс жасады. Шара барысында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жазғы демалыс кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және суға шомылу кезеңіндегі балалардың қауіпсіздік шаралары бойынша практикалық сабақтар өткізсе, «Қалалық жас туристер стансасы «Туризм техникасымен, қауіпсіздік ережесімен таныстыру» тақырыбында қатысушыларды шатырлы лагерь практикалық жұмысына қатыстыру арқылы бірнеше спорттық ойын түрлерімен таныстырып өтті.
Ақтөбе қаласы, Халел Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебінің мұғалімдері «Көңілді жаз» тақырыбында оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында командалық жұмыстар түрлерімен таныстырса, Қалалық оқушылар Сарайының педагог-ұйымдастырушылары «Ойын – балалар ұжымында команда құрудың тиімді құралы» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері «Тұлғалық дамуға бағытталған үлкен психологиялық ойындар» атты тренингтер арқылы мектеп педагог-психологтарының жазғы лагерьде оқушылармен жасалатын жұмыс түрлерімен таныстырып өтті.
Семинар-практиумда тың идеялар мен нәтижелі жобалар, заманауи әдістемелер мен тәжірибелік жұмыс түрлері ұсынылды. Бұл балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру сапасын арттыруға, балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
«Ұлттық құндылық негізінде оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру» атты облыстық семинары
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 16 мамыр күні Қобда ауданы, Қобда қазақ орта мектебі базасында «Ұлттық құндылық негізінде оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға Қобда ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер және пән мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру, педагогтардың осы бағыттағы жұмыс тәжірибесін жетілдіру және тиімді тәсілдерімен бөлісу.
Семинар аясында ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың бойына патриоттық тәрбие беру жолдары таныстырылды. Атап айтқанда, бастауыш сыныптарда патриоттық тәрбие берудің ерекшеліктері, мемлекеттік рәміздердің патриоттық тәрбие берудегі орны мен маңызы, сондай-ақ оқу пәндері арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру бағытындағы мәселелер қарастырылды.
Семинар барысында қатысушылар теориялық мәліметтермен қатар, өзара пікір алмасып, тиімді әдіс-тәсілдермен танысты. Іс-шара қорытындысында қатысушылар алған тәжірибелерін алдағы оқу-тәрбие жұмыстарында қолдануға ниетті екендіктерін білдірді.
“АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ. КӨЗҚАРАС. ТӘЖІРИБЕ” ОБЛЫСТЫҚ КӨШПЕЛІ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау: Ынтымақтастық. Көзқарас. Тәжірибе» атты облыстық көшпелі семинары Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінде жалғасын тапты.
Семинардың басты мақсаты – ата-аналар мен педагогтер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, отбасы мен мектептің бірлескен әрекеттері арқылы бала тәрбиесі мен оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жолдарын көрсету, тәжірибе алмасу және қолдау тетіктерін ұсыну болды.
Шара барысында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының дәріс сабақтары ұйымдастырылып, «Даналық мектебі» клубының аталар, әжелер, әкелер және жеңгелер мектебінің жұмыстары таныстырылды.
Сондай-ақ, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Ойыл кәсіптік колледжімен әріптестік орнатылып, ауыл шаруашылығы кешенінде білім алып жатқан, аспаздық және мейрамхана ісі бойынша оқып жүрген мектеп оқушылары өздерінің интерактивті жобаларын ұсынды.
Семинар шеңберінде үйірме қатысушыларының қолөнер және шығармашылық көрмелері, “Жас құтқарушылар”, “Жас Ұлан” жол инспекторларының жұмыстары көрсетіліп, “Балалар кітапханасы”, “Ұшқыр ой алаңы”, “Smart Bala” жобаларының тиімді жақтары таныстырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар арасында кәсіби диалог орнап, семинар жалпы оң пікір мен жоғары бағаларға ие болды.
Избасаров М.И
Қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері
«Біртұтас тәрбие – ұрпақты ұлы мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры» тақырыбында облыстық көшпелі семинар Қарғалы ауданында
Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні Қарғалы ауданы «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-де білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру, тәжірибе алмасу және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында «Біртұтас тәрбие – ұрпақты ұлы мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті.
Семинардың мақсаты – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс- тәжірибелерімен бөлісу, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсатын, міндеттерін айқындау.
Семинар барысында:
- Инклюзивті білім беру бағыты бойынша мектеп еріктілерінің қатысуымен «Балалардың қолымен жасалған сиқырлы әлем» тақырыбында шеберлік сағаты өтті;
- спорттық сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды;
- «Балалар және театр», «Қамқор», «Еңбек адал – жас өрен», «Шабыт» және «Балалар кітапханасы» жобалары таныстырылды.
Семинар жоспарына сәйкес оқушылар тігінші, ағаш ұстасы, аспаз, құрылысшы, полиция қызметкері және жүргізуші сынды мамандықтардың ерекшеліктерін таныстырып, «Мамандықтар қалашығы» ұйымдастырылды.
Ата-аналармен бірлескен жұмыс аясында педагогикалық қолдау көрсету, дәстүр мен ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында:
«Қызым, саған айтамын», «Дорогой добра» тақырыптарында сыныптан тыс іс-шаралар;
«Өзіңді буллингтен қорға» және «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
Семинар тәжірибе мен пікір алмасу алаңына айналып, қатысушыларды тәрбие жұмысын жетілдіруге шабыттандырды. Сонымен қатар, білім беру кеңістігінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттаудың маңыздылығы ерекше атап өтілд
Қосымша білім беру және тәрбие бөлімі
«Білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация: жасанды интеллект пен тәрбие интеграциясы» атты облыстық воркшоп
2025 жылдын 18 сәуір күні Темір ауданы, Шұбарши жалпы білім беретін орта мектеп базасында «Білім беру жүйесінде цифрлық трансформация: жасанды интеллект пен тәрбие интеграциясы» атты облыстық воркшоп өтті.
Іс-шараны Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырып, оған 50-ден астам мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.
Воркшоптың мақсаты: білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияның рөлін айқындау, жасанды интеллект құралдарын тәрбие үдерісіне енгізудің тиімді тәсілдерін көрсету, сондай-ақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында ChatGPT және Gamma.app платформаларының мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылып, олардың тәрбие процесіне ықпалы мен қолдану әдістері талқыланды. Практикалық бөлімде қатысушылар топтарға бөлініп, Gamma.app платформасын пайдалана отырып, интерактивті презентациялар жасауды меңгерді.
Воркшоп қорытындысы бойынша педагогтер жасанды интеллектті тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісіп, оны тәрбие жұмысында пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерімен танысты.
Семинар педагогтердің цифрлық дағдыларын дамытуға және тәрбие үдерісіне инновациялық әдістерді енгізуге ықпал етті.
Л.С. Унгарбаева, қосымша білім беру және тәрбие бөлімі әдіскері.
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId1cd83d8096
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Шабыт» жобасын жүзеге асыру бойынша семинар
2025 жылдың 16 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Шабыт» жобасы бойынша облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – шығармашылық жобаларды дамыту арқылы оқушылардың тұлғалық және рухани дамуын қамтамасыз ету, өңірлік жетекшілер арасында тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру.
Семинарға облысымыздағы «Шабыт» жобасына жауапты 20-ға жуық жетекші қатысты. Іс-шара барысында тәжірибе алмасуға бағытталған мазмұнды баяндамалар ұсынылып, шығармашылық жобалардың мектеп оқушыларына берер тәрбиелік маңызы туралы пікір алмасу жүргізілді.
Семинарда үш спикер өз тәжірибелерімен бөлісті:
- Сатыбалдина Ақтоты Зағитқызы – Шалқар ауданы, «№8 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, сынып жетекші. Баяндамасының тақырыбы: «Балалар театры: шығармашылық пен тәрбие сабақтастығы». Спикер мектеп театр үйірмесі арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын және тәрбиелік құндылықтарды сіңірудегі рөлін ашып көрсетті.
- Кенжебаева Гаухар Қайратқызы – Мұғалжар ауданы, «№4 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі. Ол шығармашылық жобалар мен бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық дамуын ұштастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
- Абдуллин Тайбек Қадиралиевич – Ақтөбе қаласы, «Қызылжар орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Ол «Шабыт» жобасы аясында театр үйірмесінің креативті білім беру технологиялары тақырыбында баяндама жасады. Театр элементтерін оқу-тәрбие процесіне енгізудің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, оқушылардың сыни ойлауын, өзіндік көзқарасын дамытудағы тиімділігін атап өтті.
Семинар барысында қатысушылар шығармашылық жобалардың бала тәрбиесіндегі орны мен маңызын жан-жақты талқылап, тәжірибе алмасты. Спикерлердің баяндамалары жобаны тиімді жүзеге асыруда жаңашыл идеялар мен практикалық шешімдерге негіз болды. Қатысушылар алдағы уақытта «Шабыт» жобасы аясында бірлескен іс-шаралар мен шығармашылық жобаларды дамыту бағытында ынтымақтастық орнату туралы ұсыныстарын білдірді.
Класс жетекші - тәрбие жұмысының заманауи моделі
2025 жылдын 31 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен сынып жетекшілерге арналған «Класс жетекші - тәрбие жұмысының заманауи моделі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар off-line форматында ұйымдастырылып, оған 45 педагог қатысты.
Семинардың мақсаты – сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәрбие жұмысында инновациялық тәсілдерді қолдану және тәжірибе алмасу. Іс-шара барысында тәрбие жұмысындағы жаңа тенденциялар, оқушылармен қарым-қатынас орнату, ата-аналармен өзара әрекеттесу, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.
Педагогтар тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары бойынша практикалық ұсыныстармен танысты. Семинар соңында мамандар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 3 наурыз күні Халел Досмұхамедұлы атындағы № 35 орта мектебінде аға тәлімгерлерге арналған «Мектеп парламенті мен жас мұғалімдердің бірлескен жұмысы - аға телімгер жұмысын уйымдастырудың инновациялык жолдарының бірі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар барысында мектеп парламентінің білім беру үдерісіндегі рөлі, білім алушылар мен жас педагогтерімен бірлескен жобаларын ұйымдастыру жолдары, білім алушылардың көшбасшылық және басқарушылық дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылды. Іс-шара ток-шоу форматында өтті. Қатысушылар өзара іс-қимылдың тиімді модельдерін қарастырып, мектеп бастамаларын жүзеге асыруға оқушыларды тартудың үздік тәжірибелерімен танысты.
Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие – ұлт болашағы
2025 жылдың 14 ақпан күні Байғанин орта мектебінде тәрбие жұмысының сапасын арттыру және тұлғаны тәрбиелеудің біртұтас жүйесін қалыптастыру мақсатында "Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие – ұлт болашағы" тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті.
Семинарға Ақтөбе облысының аудандарынан келген директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер және педагогтар қатысты.
Семинардың ашылуында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, мектеп фойесінде оқушылар, ата-аналар мен ұстаздардың туындыларынан көрме ұйымдастырылды.
Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Ұлттық ойын – ұлт қазынасы", "Ұлттық тәрбие бастауы – отбасы" тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, математика пәнінде ұлттық құндылықтармен ұштастырылған "Ондық бөлшектерді есептеу" тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының жұмысы аясында "Аналар" мектебінің шеберлік сағаттары өтті.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасындағы "Қамқор", "Smart bala", "Балалар кітапханасы", "Шабыт" жобалары қатысушылардың ерекше назарын аудартты.
Семинарды қорытындылау барысында әріптестер кері байланыс жасап, оның мазмұнды, пайдалы әрі құнды болғанын ерекше атап өтті. Қатысушылар өзара іс-тәжірибе алмасқан бұл облыстық көшпелі семинардан ерекше әсер алды.
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId0473d1e7a9
«Тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудағы формалар мен әдістер» тақырыбында облыстық оқыту семинары
2024 жылдың 23 ақпанында«Тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудағы формалар мен әдістер»тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға Алға ауданы бойынша 90 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.
Семинарда келесі мәселелер қаралды:
- «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру;
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру;
- Білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асырудың тиімді жолдары;
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру.
А.М. Наренова,Қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің жетекшісі
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ: ІЗДЕНІС. ИННОВАЦИЯ. ТӘЖІРИБЕ
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспары аясында Қобда ауданында кезекті «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ: ІЗДЕНІС. ИННОВАЦИЯ. ТӘЖІРИБЕ» тақырыбында облыстық көшпелі семинары өтті. Семинардың алғы сөзінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.Смагулова сәттілік тілектерімен және бағдарламаның орындалуындағы мақсат-міндеттерімен таныстырды. Іс-шара қатысушылары мен қонақтары Қобда аудандық білім бөлімінің “Біртұтас тәрбие” платформасының ашылуына куәгер болды. Платформаның заманауи тәрбие процесіне қажетті инновациялық және жүйелі тәсілдерді анықтап, тәжірибеде қолданудың маңыздылығын аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Абен презентациялады. Сондай-ақ, семинар барысында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыруда оқушылар арасында ұйымдастырылатын іс-шаралардың тәжірибелік тарату жұмыстарының нәтижесі жаңа перспективалар ашатынын әдістемелік кабинеттің әдіскері Б.Калжигитова айқындап атап өтті. Осы орайда, облыстық көшпелі семинардың жұмыс барысында Қобда ауданы білім беру ұйымдарының тәрбие орынбасарлары шебер - класс пен фасилитациялық отырыс кезеңінде бағдарлама аясындағы жобалар мен құндылықтарды жаңа инновациялық тәсілдер арқылы, яғни шараның маңыздылығы болып табылатын - жасанды интеллектпен байланыстырудың әдіс-тәсілдерін көрсетті:
1. Инновациялық әдістерді енгізу:
- «Smart Bala» жобасы – балаларды өнертапқыштыққа баулудың бастамасы;
- Зияткерлік ойындар мен кітап кейіпкерлері арқылы шығармашылықты дамыту – оқушылардың ойлау қабілетін және қиялын жетілдірудің тиімді тәсілі;
2. Кешенді тәрбие беру:
- Қауіпсіздік тақырыптарын тәрбие жұмысына енгізу – оқушылардың қауіпсіздік туралы білімін тереңдетеді;
-Мамандыққа бағдарлау – оқушылардың болашаққа саналы түрде дайындалуына ықпал етеді.
3. Ата-аналармен байланыс:
- Педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысы – ата-аналар мен мектеп арасындағы байланыс сапасын жақсартады.
Қорытынды бөлімінде, қатысушылар мен қонақтар семинардың нәтижесі - тәрбиелік жұмыс тәжірибені байытып, білім беру ұйымдарының тәрбие сапасын арттыруға ықпал ететінін және аталған шаралар болашақ ұрпақты тәрбиелеуде бірегей мүмкіндіктер беретінін ашық микрофон арқылы білдірді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» облыстық көшпелі семинар
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес тұлғаны тәрбиелеудің біртұтас жүйесін құру арқылы мектептегі тәрбие жұмысын сапалы түрде ұйымдастыру жолдарымен бөлісу мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» атты облыстық көшпелі семинар Алға ауданында өтті.
Семинар барысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және бағдарлама аясында жүргізілетін жобалардың орындалуы және «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмысы көрсетілді.
«Ұлттық құндылық- ұлт қазынасы» сынып сағаты, «Өнер көзі-халықта» шебер класы көрсетіліп, педагогтер өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай «Еңбегі адал - жас өрен жобасы» аясында «Жұмысшылар әлеміне» саяхат жасап, оқушылардың ой- пікірлері ортаға салынды.
Шара соңында қатысушылар «ашық микрофон» арқылы өз ойларымен бөлісті.
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeIdda78dc912e
«Шеберліктің сан қыры» атты облыстық онлайн сынып сағаты өтті
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен2025 жылғы 30 қаңтар күні сынып жетекшілерге арналған«Шеберліктің сан қыры»атты облыстық онлайн сынып сағаты өтті. Семинарға Ақтөбе облысының 100-ге жуық сынып жетекшісі қатысты.
Шара барысында Ақтөбе қаласыныңМ.Мақатаев атындағы №73 жалпы орта білім беретін мектебімен№58 жалпы білім беретін орта мектебініңсынып жетекшілері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Ашық микрофонкезеңінде қатысушылар пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Семинар қорытындысы бойынша сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған әдістемелік ұсыныстар берілді.
Бұл шара сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, өзара тәжірибе алмасуға және жаңа білім беру технологияларын меңгеруге ықпал етті.
Сынып жетекшілеріне арналған семинарлар ай сайын өткізілетін болады. Ынтымақтастыққа шақырамыз.
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId8ff6e9d494
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы - бала тәрбиелеудің басты рөлі» облыстық көшпелі семинар
«Біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды білім алушылардың бойында қалыптастыру бойынша мектеп жұмысының тәжірибесімен бөлісу мақсатында«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы- бала тәрбиелеудің басты рөлі» тақырыбында облыстық көшпелі семинар Мәртөк ауданында өтті.
Семинар барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері бағдарламаның бала тәрбиесіндегі маңызды рөліне тоқталса, Мәртөк ауданының Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Г.К.Есентаева білім ордасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырып, «Әкелер мектебінің» рөлін атап өтті. Сонымен бірге, №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының мұғалімі, «Үздік сынып жетекшісі -2024» байқауының облыстық кезеңінің І орын жеңімпазы, Республикалық кезеңнің ІІІ орын жүлдегері А.Ж.Дузбасова «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы класс жетекшінің рөлі туралы айтса, «Вознесеновка жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі, сыныпжетекші А.К.Нугмановақауіпсіздік сағаттары жинақталған телеграмм бот жұмысын көрсетті.
Шараның негізгі бөліміндеСарыжар ЖОББМ-нің мұғалімі Г.Е.Борашева «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» тақырыбында, Г.М.Акмамбетова «Буллингтен қорған!» тақырыбында сынып сағаттарын, ал С.Т.Жәшібай «Ата-аналардың эмоциялық күйреуі: оны қалай болдырмауға және жеңуге болады?» тақырыбында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» ата-аналармен сабағын көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен бірге, мектепте жобалар шеруі ұйымдастырылып, тәжірибелік бөлімде Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.С.Керимова «Даналық мектебінің» жұмысы аясында қатысушылармен бірге киіз үйді тігу бойынша шебер сабақ ұйымдастырды.
Шара соңында қатысушылар «Ашық микрофон» алаңында өз әсерлерімен бөлісіп, осындай көшпелі облыстық семинарлардың ұйымдастырылуы тәрбие жұмысының одан әрі дамуына өз септігін тигізетіндігін атап өтті.
Наренова А.М., қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId6d63824c17
«БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ ПӘРМЕНДІЛІГІ» ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР – КЕҢЕСІ
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 6 қаңтар күні жаңадан тағайындалған мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысын жоспарлау пәрменділігі» тақырыбында облыстық семинар – кеңесі ұйымдастырылды.
Семинар аясында қатысушылар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру жолдары», «Әлеуметтік жобалар», «Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын ұйымдастыру», «Буллингтің алдын алу жұмыстары», «Құқықбұзушылықтың алдын алуда Профилактикалық кеңес жұмысы», «Мектепішілік бақылау» тақырыптарында өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, жаңадан тағайындалған мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жобалармен ұштасуы талқыланып, сөз сөйлеушілер тәрбие қызметінің пәрменділігін арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдер мен практикалық тәжірибелерімен бөлісе білді.
Бұл семинар – кеңес білім беру мекемелеріндегі тәрбие сапасын арттыру және жаңадан тағайындалған тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына кәсіби дамуын қолдау мақсатында маңызды қадам болып табылады.
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId8f08c5fa14
«БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ
2024 жылдың 17 мамыр күні«Білім беру жағдайында тәрбие жұмысын жүргізу әдістемесі»тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға Байғанин ауданы бойынша 56 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.
Семинар аясында келесі мәселелер қаралды:
- «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру;
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру;
- Білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асырудың тиімді жолдары;
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніңдегі Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру.
А.М. Наренова,Қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің жетекшісі
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId754b00bc35
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ КЕЙС-СЕССИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруға арналған облыстық кейс-сессияның алғашқы отырысы өтті.
Тәжірибе алмасу алаңына қалалық, аудандық білім бөлімдерінің тәрбие әдіскерлері, облыстық білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Алғашқы кейс-сессияда Қарғалы, Ойыл аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері және облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бағдарламаны одан әрі тиімді жүзеге асыру бойынша өз кейстерімен бөлісті.
Ұсынылған кейстер тәрбие жұмысының мазмұнын жетілдіруге және білім алушылардың құндылықтық бағдарларын қалыптастыруға бағытталып, қатысушылар нақты тәжірибелерге негізделген ұсыныстарымен бөлісті.
Кейс-сессияның кестесіне сай өзге де аудандардың тәжірибелерін тарату жұмысы жалғасын табады.
https://bilimaktobe.kz/kz/programma-b-rt-tas-t-rbie#sigFreeId5f799e99bf
Ағымдағы жылдың 24–25 ақпан аралығында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласының білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының жағдайын зерделеу және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты – білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ұйымдастырылу деңгейін анықтау, құжаттамалардың жүргізілу сапасын зерделеу және әдістемелік қолдау көрсету.
Зерделеу барысында тәрбие жұмысының жылдық жоспарының орындалуы, тәрбие бағыттары бойынша өткізілген іс-шаралардың мазмұны мен сапасы, ата-аналармен жұмыс, құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстар қарастырылды.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарына нақты ұсыныстар беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Осындай жүйелі әдістемелік қолдау тәрбие жұмысының сапасын арттыруға және білім алушылардың жан-жақты дамуына оң ықпал етеді.

