Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

 


БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ НАВИГАТОРЫ: КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУДЫҢ ТИІМДІ ПРАКТИКАСЫ

2025 жылдың 20 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылына орай «Болашаққа жолдама» кәсіптік бағдарға бағытталған облыстық жоба аясында «Болашақ мамандықтарының навигаторы: кәсіптік бағдарлаудың тиімді практикасы» оқыту семинары өтті.

Семинар медицина саласы бағытында мамандық таңдауға арналды. Шара барысында ШЖҚ Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің кәсіптік бағдар беру ұйымының төрайымы Жумагалиева Айымгуль Сагитжановна «Мамандық таңдау маңызды іс»; Жоғары көпсалалы "Болашақ" колледжінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Омарова Гульназ Орынтаевна «Жалпы тәжіребедегі мейіргер ісі»; Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Жиенгулова Дина Самигуллаевна «Бүгінгі түлек-болашақ жас маман» тақырыптарында медицина саласы бойынша колледжінде оқытылатын мамандықтарымен таныстырып, жыл өткен сайын медицина саласы дамып келе жатқанын атап өтіп, медицина мамандығының маңызын айтып өтті.

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері, психолог. Педагогика ғылымдарының магистрі Байдуашова Сандигуль Базаркуловна «Мамандық таңдаудың мәні неде?» тақырыбында мамандыққа бейіндеуде психологиялық диагностикалармен қатар, әлеуметтік тренингтердің маңыздылығына мән берді.

Семинар соңында медицина мамандықтары бойынша сұрақтар қойылып, кері байланыс берілді.
Шараға білім беру ұйымдарының кәсіби бағдар жетекшілері және 9 сынып оқушылары қатысты

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Болашаққа жолдама» кәсіптік бағдарға бағытталған облыстық жоба аясында оқыту семинары өтті. Семинардың модераторы: психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, "Психология жәнепедагогика" мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі – М.Жубандықова мамандыққа бейіндеуде психологиялық диагностикалармен қатар, әлеуметтік тренингтердің маңыздылығына мән берді.

Қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.Смагулова кәсіптік бағдар бойынша облыстық жобаның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Үздіксіз білім берудің негізінде жобаны жүзеге асыруда білім алушылардың мамандықты нақты таңдай білуіне жауапты мамандарға 1 кластан бастап кәсіби профилі бойынша оқу кезеңіндегі басты мақсаттарын айқындап көрсетті.

Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің маманы, педагогика магистрі – С.Байдуашова «Перспектива» үлкен психологиялық ойынның жүргізілу ережесімен таныстырды. «Перспектива» іскерлік ойынның мақсаты – мамандықты таңдауда білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту және болашақ өмір мен кәсіпке жағымды қатынасын дамыту.

Ойын барысында білім алушылар өзіндік қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани алады. Мамандықтардың болашақ кәсіби айқындалуларында тигізетін әсерін көреді. Қатысушылар арасындағы жағымды қарым-қатынас нығаяды;

Семинар соңында «Болашаққа жолдама» жобасын жүзеге асыруға байланысты сұрақтар қойылып, кері байланыс берілді.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT