«ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК САБАҚТАРЫ: ТӘЖІРИБЕ, ӘДІС ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР»
https://bilimaktobe.kz/kz/uroki-bezopasnosti#sigFreeId3529e7a5ff
11 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК САБАҚТАРЫ: ТӘЖІРИБЕ, ӘДІС ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР» облыстық онлайн семинары өтті. Мақсаты – оқушылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тиімді әдістерді тарату және сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Іс-шараға 300-ге жуық мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты. Семинар барысында қауіпсіздік сабағын оқытудың заманауи тәсілдері, телеграм-бот мүмкіндіктері және жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру жолдары талқыланды. Қатысушылар интерактивті әдістер, практикалық жаттығулар және кейс-стадилер арқылы тәжірибе алмасты.
Іс-шара соңында педагогтарға заманауи әдіс-тәсілдерді күнделікті сабақта қолдану бойынша нақты ұсынымдар беріліп, семинар материалдары электрондық түрде таратылды. Осылайша, семинар оқушылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы педагогикалық тәжірибені жетілдіру және сынып жетекшілердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.

