Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

 

 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті  2025 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде «Жазғы кезеңдегі судағы іс- қимыл ережелері», «Балалардың терезеден құлауы, олардың алдын-алу» тақырыптарында тәрбие әдіскерлеріне және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық интерактивті сабақ көрсетілді.

Интерактивті сабаққа Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері капитан Туменов Арыстанбек Еділханұлы, Ақтөбе облысы ТЖД Төтенше жағдайларды алдын-алу басқармасының аға инженері  аға лейтенант Орынбасаров Жанболат Мәдіғалиұлы, ҚР ТЖМ Апаттық медицина орталығының дәрігері Кульжанов Жанат Базарбаевич жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қауіпсіздік ережелеріне тоқталды.

         Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 13 әдіскер, 380 директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. 

 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті  2025 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде «Жазғы кезеңдегі судағы іс- қимыл ережелері», «Өртсіз жазғы демалыстар. Жазғы кезеңдегі өрт қауіпсіздігі шаралары», «Жер сілкінісі кезіндегі тәртіп ережелері», «Балалардың терезеден құлауы, олардың алдын-алу» тақырыптарында 7-10 сынып білім алушыларына арналған кезекті облыстық интерактивті сабақ көрсетілді.

Интерактивті сабаққа төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері азаматтық қорғау лейтенанты Әбілтаев Аспандияр Қалыбекұлы және Төтенше жағдайлар жою басқармасының инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Жаңабай Нұрдәулет Төлегенұлы жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қауіпсіздік ережелеріне тоқталды.

         Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 405 мектеп, 5905 оқушы қатысты. 

 

 Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі шаралары

     Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті  2025 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде ағымдағы жылдың 3 сәуір   күні сағат 10.00 онлайн форматта «Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі шаралары», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Баланың отпен ойнаудың алдын алу», «Балалар арасында тұрмыстық жарақаттың алдын алу, жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету», «Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында 7-10 сынып білім алушыларына арналған кезекті облыстық интерактивті сабақ көрсетілді.

Интерактивті сабаққа Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт басқармасының бас маманы а/қ капитаны Мұхтар Аслан Берікұлы өрт қауіпсіздігі шараларына тоқталды; Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Кеңшіліков Биғалым Нұрбекұлы балалар тұрмыстық жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек әрекетерін көрсетіп өтті; Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Туменов Арыстанбек Едилханулы - суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелеріне тоқталды.

         Сабақ барысында жоғарыда көрсетілген тақырыптары бойынша қауіпсіздік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, білім алушыларға кеңестер берілді. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 415 мектеп, 6105 оқушы қатысты. 

Салқын тию мен үсіп қалу кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті  2025 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде ағымдағы жылдың 3 ақпан   күні сағат 10.00 онлайн форматта «Салқын тию мен үсіп қалу кезіндегі алғашқы медициналық көмек», «1 наурыз – Азаматтық қорғаныс күні», «Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар (боран, қарлы боран, қарлы бұрқасын) кезіндегі мінез-құлық ережелері» тақырыптарында 7-9 сынып білім алушыларына арналған облыстық интерактивті сабақ көрсетілді. 

Интерактивті сабаққаТөтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Аманшев Кайрат Искаерович кысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар (боран, қарлы боран, қарлы бұрқасын) кезіндегі мінез-құлық ережелерімен таныстырып өтті. Аппаттар медициналық орталығының маманы Жургенбай Дархан Темирланович салқын тию мен үсіп қалу кезіндегі алғашқы қандай медициналық көмек көрсетілу керектігін атап айтты.

Сабақ барысында қыс кезінде қауіпсіздік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға кеңестер берілді. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 220 мектеп, 3387 оқушы қатысты.

Ағымдағы жылдың 7 қараша күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруыменАқтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті2024 жылға арналған бірлескен жоспары негізінде«Жылыту кезеңіндкгі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Тұрмыстық электр құралдармен айналасу ережелері», «ҚР ІІМ ТЖК КТИ оқу орнына түсу мүмкіндіктері мен ерекшеліктері» тақырыптары бойынша онлайн форматта кезекті облыстық интерактивті сабақтар өтті.

Сабақ барысында қауіпсіздік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға кеңестер берілді. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 238 мектеп, 6454 оқушы қатысты.

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мен Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған бірлескен жоспар негізінде «Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік», «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында онлайн форматта кезекті облыстық интерактивті сабақ өткізді.

Сабақ барысында қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға кеңестер берілді. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 223 мектеп, 5897 оқушы қатысты.

Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде онлайн форматта «Төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында кезекті облыстық интерактивті сабақөтті.

Сабақ барысында қатысушыларға кеңестер беріліп, ұсыныстар айтылды. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша165 мектеп, 3707 оқушы қатысты.

 

 «PARTY PROFESSION» МАМАНДЫҚТАР МЕРЕКЕСІ ӨТТІ               

         Ағымдағы жылдың 20-21 мамыр аралығында «WorldSkills Aqtobe - 2025» аймақтық чемпионатының өтуіне орай, кәсіби бағдар  «Болашаққа жолдама» жобасы аясында «Party profession» кәсіби бағдар беру ісінің заманауи әдіс-тәсілдерін үйрету мақсатында 9 сыныптың білім алушыларына арналған мамандықтар мерекесі өтті. Қатысушылар заманауи және  нарықтық сұранысқа ие мамандықтардың ерекшелігі туралы ақпарат алып, мамандық бойынша қызмет ету тәжірибесін колледж студенттерінің практикалық  жұмысы барысында  көрді.    

     Аталған шараға  9 сынып білім алушылары, жалпы 2500 бала қамтылды.


БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ НАВИГАТОРЫ: КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУДЫҢ ТИІМДІ ПРАКТИКАСЫ

2025 жылдың 20 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылына орай «Болашаққа жолдама» кәсіптік бағдарға бағытталған облыстық жоба аясында «Болашақ мамандықтарының навигаторы: кәсіптік бағдарлаудың тиімді практикасы» оқыту семинары өтті.

Семинар медицина саласы бағытында мамандық таңдауға арналды. Шара барысында ШЖҚ Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің кәсіптік бағдар беру ұйымының төрайымы Жумагалиева Айымгуль Сагитжановна «Мамандық таңдау маңызды іс»; Жоғары көпсалалы "Болашақ" колледжінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Омарова Гульназ Орынтаевна «Жалпы тәжіребедегі мейіргер ісі»; Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Жиенгулова Дина Самигуллаевна «Бүгінгі түлек-болашақ жас маман» тақырыптарында медицина саласы бойынша колледжінде оқытылатын мамандықтарымен таныстырып, жыл өткен сайын медицина саласы дамып келе жатқанын атап өтіп, медицина мамандығының маңызын айтып өтті.

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері, психолог. Педагогика ғылымдарының магистрі Байдуашова Сандигуль Базаркуловна «Мамандық таңдаудың мәні неде?» тақырыбында мамандыққа бейіндеуде психологиялық диагностикалармен қатар, әлеуметтік тренингтердің маңыздылығына мән берді.

Семинар соңында медицина мамандықтары бойынша сұрақтар қойылып, кері байланыс берілді.
Шараға білім беру ұйымдарының кәсіби бағдар жетекшілері және 9 сынып оқушылары қатысты

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Болашаққа жолдама» кәсіптік бағдарға бағытталған облыстық жоба аясында оқыту семинары өтті. Семинардың модераторы: психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, "Психология жәнепедагогика" мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі – М.Жубандықова мамандыққа бейіндеуде психологиялық диагностикалармен қатар, әлеуметтік тренингтердің маңыздылығына мән берді.

Қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.Смагулова кәсіптік бағдар бойынша облыстық жобаның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Үздіксіз білім берудің негізінде жобаны жүзеге асыруда білім алушылардың мамандықты нақты таңдай білуіне жауапты мамандарға 1 кластан бастап кәсіби профилі бойынша оқу кезеңіндегі басты мақсаттарын айқындап көрсетті.

Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің маманы, педагогика магистрі – С.Байдуашова «Перспектива» үлкен психологиялық ойынның жүргізілу ережесімен таныстырды. «Перспектива» іскерлік ойынның мақсаты – мамандықты таңдауда білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту және болашақ өмір мен кәсіпке жағымды қатынасын дамыту.

Ойын барысында білім алушылар өзіндік қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани алады. Мамандықтардың болашақ кәсіби айқындалуларында тигізетін әсерін көреді. Қатысушылар арасындағы жағымды қарым-қатынас нығаяды;

Семинар соңында «Болашаққа жолдама» жобасын жүзеге асыруға байланысты сұрақтар қойылып, кері байланыс берілді.

 

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткен «Үздік фотосуреттер» байқауының нәтижелері

Қаңтар айында өткен облыстық«Үздік фотосуреттер»айлық байқауының қорытындылары шығарылды.

Байқауға14 мектеп пен 12 мектепке дейінгі ұйымқатысып, өз іс-шараларынан фотосуреттер ұсынды. Фотосуреттердерухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттайтынтүрлі сюжеттер бейнеленген.

Жеңімпаздар анықталды:

Мектепке дейінгі ұйымдар арасында:

1-орын:

  • Қарғалы ауданы"Бәйтерек"бөбекжай-балабақшасы;
  • Әйтеке би ауданы"Балауса"балабақшасы.

2-орын:

  • Ойыл ауданы"Балдырған"бөбекжай-балабақшасы;
  • Темір ауданы"Зере"бөбекжай-балабақшасы;
  • Ақтөбе қаласы №7"Арман"бөбекжай-балабақшасы.

3-орын:

  • Қарғалы ауданы"Айгөлек"бөбекжай-балабақшасы;
  • Ақтөбе қаласы №4"Көктем"мектепке дейінгі ұйымы;
  • Ақтөбе қаласы"Зейнет"мектепке дейінгі ұйымы.

Мектептер арасында:

1-орын:

  • Әйтеке би ауданы"Милы БББМ"КММ;
  • Мұғалжар ауданы"Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі"КММ.

2-орын:

  • Байғанин ауданы"№3 Қарауылкелді орта мектебі"КММ;
  • Шалқар ауданы"№6 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ;
  • Ырғыз ауданы"№1 қазақ жалпы білім беретін орта мектебі"КММ.

3-орын:

  • Ырғыз ауданы"Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ;
  • Ақтөбе қаласы"№28 орта мектебі"КММ;
  • Ақтөбе қаласы"№76 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ай сайын өтетін облыстық «Үздік фотосуреттер» байқауының желтоқсан айындағы қорытындылары шығарылды.

Желтоқсан айында байқауға20 мектеп,12 мектепке дейінгі ұйымжәне2 колледжқатысып, өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсетті. Қатысушылар ұсынған фотосуреттерде тәрбие мен білім берудегі біртұтастық қағидаттарын насихаттайтын түрлі сюжеттер бейнеленді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды:

Мектепке дейінгі ұйымдар арасында:

1 орын:

  • Байғанин ауданы, «Рауан» бөбекжай-балабақшасы;
  • Ақтөбе қаласы, №16 «Аққайың» бөбекжай-балабақшасы.

2 орын:

  • Қобда ауданы, «Нұрлы болашақ» балабақшасы;
  • Ойыл ауданы, «Балдырған» бөбекжай-бақшасы;
  • Қарғалы ауданы, «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы.

3 орын:

  • Шалқар ауданы, «Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы;
  • Хромтау ауданы, №8 «Тұлпар» бөбекжай-бақшасы;
  • Мәртөк ауданы, №5 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы.

Мектептер арасында:

1 орын:

  • Әйтеке би ауданы, «Талдысай ЖОББМ» КММ;
  • Қарғалы ауданы, «Петропавл орта мектебі» КММ.

2 орын:

  • Ырғыз ауданы, М. Төлегенов атындағы ЖББОМ;
  • Ақтөбе қаласы, «Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №66 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ.

3 орын:

  • Мәртөк ауданы, Кеңсахара ЖОББМ;
  • Ақтөбе қаласы, «№17 гимназия» КММ.

Колледждер арасында:

1 орын:

  • Ақтөбе қаласы, «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі» МКҚК.

2 орын:

  • Ақтөбе қаласы, «ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК.

Облыстық «Үздік фотосуреттер» байқауының нәтижелері

2024-2025 оқу жылында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ай сайын «Үздік фотосуреттер» атты облыстық байқауын ұйымдастырады. Байқауға «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру және Ата-аналар педагогикалық қолдау орталығының қызметі аясында өткізілген іс-шаралардың фотосуреттері қабылданады.

Қараша айында байқауға 18 мектеп, 14 мектепке дейінгі ұйым және 2 колледж қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында:
1 орын:Нуредилова Наурызгуль Кадыровна, Хромтау ауданы№9 «Жұлдыз-ай» балабақшасы;
2 орын:Сырымбетова Назира Өмірзаққызы, Хромтау ауданы№6 «Ақкөгершін» балабақшасы;Сарсенова Лаура Жетписбаевна, Мырзалина Алтынай Ерболсынқызы,Ақтөбе қаласы, №51 «Жарқын бала» балабақшасы;
3 орын:Жолтаева Базаргүл Бижанқызы, Шалқар ауданы«Бәйтерек» балабақшасы, Кулесова Гульмира, Ақтөбе қаласы №13 «Бөбек» балабақшасы.

Орта білім беру ұйымдары арасында:
1 орын:Набиева Женисгул Минайдаркызы, Хромтау ауданы, Ақжар орта мектебі;
2 орын:Рүстемова Айнагүл Есенғосқызы, Ырғыз ауданы, Ырғыз қазақ орта мектебі жәнеКустанаев Данияр Бактиярович, Қобда ауданы, Жарық орта мектебі;
3 орын:Жиеналина Айнур Кажигалиевна, Шалқар ауданы, №8 орта мектебі және Оразалина Назерке Есболатқызы, Байғанин ауданы, №2 Қарауылкелді орта мектебі.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында:
1 орын:Райжан Алданыш Қолғанатқызы, Ақтөбе қаласы«Дүние» колледжі.

2 орын:Әбуғалиева Амангүл Ерғалиқызы, Ақтөбе қаласыALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Орта білім беру ұйымдарындағы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметінің келешегін жоспарлау және жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ету шеңберінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мен «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми – практикалық институтының ұйымдастыруымен педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу бойынша «Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын дамыту шеңберінде мектеп пен отбасының өзара іс-әрекетін нығайту» тақырыбында өңірлік семинары 1 наурыз күні өтті.

Семинар барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директорыЖ.Д.НургалиеваӨңірде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын ұйымдастыру туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының Ақтөбе облысы бойынша аға оқытушыларыА.С. Тоқбасова, А.О.Елубаева«Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру, бала тәрбиесіне қатысу деңгейін арттыру, саралау және даралау принцптері негізінде ата-аналарға білім беру мазмұнын жаңарту» бойынша әдістемелік сүйемелеу көрсетті.

Тәжірибелік бөлімдеГ.У.Мамутова, Ж.С.Тұрақбай,А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары;Г.Б.Жумагазина,Ақтөбе қаласы №77 жалпы білім беретін орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;А.Б.Калдыбаева,Ақтөбе қаласы Мәлік Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;В.Қ.Клюмова,Хромтау ауданы, Хромтау №2 гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 

А.Наренова, қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің меңгерушісі

Сапалық құрам

20000
жалпы педагог саны
5000
педагог-модератор
4000
педагог-сарапшы
3500
педагог-зерттеуші
0
педагог-шебер

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT