Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

«SMART BALA» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР

2026 жылдың 5 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «SMART BALA» жобасын жүзеге асыруға арналған облыстық вебинар өтті.

Мақсаты - білім беру ұйымдарында «SMART BALA» жобасын тиімді жүзеге асырудың мазмұны мен тетіктерін таныстыру, білім алушылардың зияткерлік, цифрлық және тұлғалық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдерді педагогтерге ұсыну, сондай-ақ озық тәжірибелермен алмасу арқылы тәрбие жұмысының сапасын арттыру.

Вебинарда мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, жоба жетекшілері қамтылды.

Вебинар барысында AQTOBE ІТ HUB орталығының нақыт кейстері мен мүмкіндіктері таныстырылып, жоба аясында балабақша мен мектеп сабақтастығы қарастырылды. Сонымен қатар креативті ойлау мен инновациялық қабілеттерді дамыту алаңы ретінде заманауи ІТ шешімдер мен цифрлық білім беру құралдарын енгізудің маңыздылығы атап өтілді. Робототехника мен жасанды интеллекттің рөлі мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы жобаны жүзеге асырудың заманауи тәсілдері ұсынылды. Бұл бастамалар — болашақ ұрпақтың креативті ойлауын дамытып, цифрлық дағдыларын жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ағымдағы жылдың 27 – 31 қаңтар аралығында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Smart Bala» жобасы бойынша «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауы аудандық, қалалық білім беру ұйымдарында өткізілді.

Мақсаты: жас дарынды оқушыларды ғылым, техника және инновация саласында шығармашылық ойлауға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға ынталандыру.

Бұл конкурс жас ұрпақтың инженерлік және ғылыми қабілеттерін дамытуға, оларды жаңашылдық пен өнертапқыштыққа баулуға бағытталған. Сондай-ақ, қатысушылар конкурс барысында өздерінің инновациялық жобаларын таныстырып, түрлі салаларда қолдануға болатын жаңа шешімдер ұсына білді.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT