Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

«ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ – ӘРБІР АДАМНЫҢ БОРЫШЫ» ОБЛЫСТЫҚ АПТАЛЫҒЫ

2026 жылдың 6 – 10 сәуір аралығында Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарындағы білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлықпен күресу – әрбір адамның борышы» тақырыбында облыстық апталық ұйымдастырылды.

Апталықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда адал еңбек пен әділеттілік қағидаттарын дәріптеу болды.

Сонымен қатар, апталық аясында білім алушылардың жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсініктерін кеңейту, азаматтық жауапкершілік сезімін дамыту, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және адалдық қағидаттарын күнделікті өмірде ұстануға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Апталық барысында әр күнге жоспарланған мазмұнды іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, ашылу салтанаты ұйымдастырылып, барлық білім беру ұйымдарында сынып сағаттары өткізілді. Бастауыш сыныптар арасында «Мен – адал оқушымын!» тақырыбында, орта буында «Адалдық – адамдықтың белгісі», жоғары сыныптарда «Жемқорлықсыз болашақ – біздің таңдауымыз» тақырыптарында тәрбиелік сағаттар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында «Адалдық қабырғасы» бұрышы жасақталып, білім алушылар «Мен ешқашан...» тақырыбында өз ойларын жазып, адалдыққа қатысты ұстанымдарын білдірді. Сонымен қатар, сатушысыз қызмет көрсететін «Адалдық дүкені» акциясы ұйымдастырылып, білім алушылар арасында сенім мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Апталықтың ақпараттық күні аясында бастауыш сынып білім алушылары арасында «Адалдық еліне саяхат» сурет байқауы, ал 5–11 сыныптар арасында «STOP CORRUPTION!» инфографика байқауы өткізілді. Білім алушылар сыбайлас жемқорлықтың зиянын шығармашылық және заманауи цифрлық тәсілдер арқылы бейнелеп, өз көзқарастарын ұсынды.

Кездесу күні шеңберінде құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, қоғам белсенділері, еріктілер қозғалысының жетекшілері және жастар ұйымдарының мүшелерімен «TEDx» форматында кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулер барысында адалдық, әділеттілік, заң талаптарын сақтау және азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Шығармашылық күнінде бастауыш сыныптар арасында «Жоғалған әмиян» экспериментальды тәжірибесі өткізіліп, білім алушылардың шынайы өмірдегі адалдық қасиеттері сараланды. Сонымен қатар, 5–9 сынып білім алушылары арасында әлеуметтік желілерде #AdalBol челленджі ұйымдастырылып, адалдықты насихаттайтын бейнероликтер мен жазбалар жарияланды. Жоғары сынып білім алушылары арасында «Жемқорлыққа қарсы идеялар хакатоны» командалық жобалар сайысы өткізіліп, қатысушылар өздерінің тың бастамалары мен әлеуметтік жобаларын ұсынды.

Апталық қорытындысында жабылу салтанаты өткізіліп, белсенді қатысқан білім алушылар марапатталды.

Қорытындылай келе, «Жемқорлықпен күресу – әрбір адамның борышы» облыстық апталығы білім алушылар арасында адалдық, әділдік және құқықтық мәдениет құндылықтарын нығайтуға оң ықпал етті. Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастырып, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары мен қоғам арасындағы өзара байланыс нығайып, өскелең ұрпақ бойында парасаттылық пен әділдік қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығын көрсетті.

 

«ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ АСПЕКТІЛЕРІ» ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

2026 жылдың 26 наурыз күні «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу: құқықтық және тәрбие аспектілері» тақырыбында облыстық дөңгелек үстелі өтті.

Мақсаты - «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» құндылығы аясында білім беру ұйымдары мен мемлекеттік мүдделі органдар өкілдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, олардың ынтымақтастығын нығайту арқылы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ заң мен тәртіп құндылықтарын кеңінен насихаттап, тәрбиелік жұмыстың тиімді әдістерін талқылау.

Аталған іс-шараға қалалық, аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы әдіскерлері, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында білім беру, құқық қорғау, денсаулық сақтау және жастар саясаты салаларының мамандары сөз сөйлеп, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың себептері, киберқауіпсіздік, интернеттегі заңсыз әрекеттердің жауапкершілігі, профилактикалық жұмыстардың тиімді тәсілдері, жастар ұйымдарының рөлі, сондай-ақ жасөспірімдер денсаулығы мен тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелеріне тоқталды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан ұсыныстар қабылданып, өзара іс-қимылды күшейту бағыттары айқындалды. Дөңгелек үстел жұмысы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда тиімді тәжірибелерді таратуға және салааралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

«ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІ МОДЕЛІ» облыстық ашық алаң

Ағымдағы жылдың 26 қараша күні «Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру: профилактикалық жұмыстардың тиімді моделі» тақырыбында облыстық ашық алаң өтті.

Іс-шараның мақсаты – тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар мен сынып жетекшілеріне қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және профилактикалық жұмысты тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау көрсету.

Алаң жұмысына білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.

Ашық алаң барысында спикерлер төмендегі бағыттар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті:

  • Аскербекова Ақгүл Аскербекқызы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары – Алғы сөз;
  • Аймурзина Гүлназ Асқаровна, Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – «Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. ҚР заңнамасына және білім беру стандарттарына сәйкес тәрбие жұмысы»;
  • Кенжеғалиева Гаухар Жақсылыққызы, Ұ.Құлымбетов атындағы №64 мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – «Сынып жетекшісі: оқушы идеалы, адами құндылықтарды бойға дарытушы, мәдениетке, адалдыққа шақырушы тұлға» портфолиосы;
  • Суюмова Енілікгүл Тлекбаевна, №5 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – «Тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудағы мектепішілік бақылаудың рөлі»;
  • «ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРТІП: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ» ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ АЛАҢЫ

      

    Мақсаты - «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» құндылығы аясында білім беру ұйымдары мен мүдделі органдары өкілдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың заманауи тәсілдерін талқылау, құндылыққа негізделген тәртіпті тәрбиелеу арқылы білім алушылардың құқықтық санасын, азаматтық жауапкершілігін және заңға құрметін арттыруға бағытталған тиімді тәжірибелерді тарату.

    Ашық алаңға мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен интернат тәрбиешілері онлайн форматта қатысты.

    Ашық алаң барысында құндылыққа негізделген тәртіп бойынша тәжірибелер таратылып, құқықтық тәрбие беру әдістері талқыланды. Сонымен қатар, мектептер мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмыстарының тиімді жолдары көрсетілді.

  •  

    Қалдыбаева Ақмарал Боранбаевна, Мәлік Ғабдуллин атындағы №70 мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және
    Қуанышбекова Данагүл Тынықбайқызы, осы мектептің аға тәлімгері – «Мейірім мен мәдениетке негізделген “ДОСБОЛLIKE” жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу бағдарламасының жүзеге асырылуы»;
  • Шагиров Жанибек Асылбекұлы, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі – Интернет алаяқтықтың алдын алу мәселелері.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында өзара пікір алмасу өткізілді.

Бұл кездесу педагогтердің бірлескен кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және мектептердегі қауіпсіз білім беру ортасын нығайтуға маңызды үлес қосты.

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ПЕДАГОГТІҢ РӨЛІ» ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕСІ

2026 жылдың 23 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы педагогтің рөлі» облыстық семинар-кеңесі өтті.

Мақсаты – Педагогтердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы рөлін айқындау, білім беру саласында адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын нығайту, сондай-ақ педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Вебинарға 100-ден аса мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.

Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Махмутов Нұрболат Байұзақұлы білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда педагогтердің жауапкершілігі мен ықпалына тоқталды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелері талқыланып, педагогтің кәсіби және азаматтық ұстанымына қойылатын талаптар айқындалды. Білім беру ұйымдарында адалдық қағидаттарын енгізу жолдары, тәрбие үдерісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді тәжірибелері ұсынылып, тәрбие жұмысының бұл бағыттағы әлеуетінің жоғары екенін көрсетті.

«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ» ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАРЫ

12 мамыр 2024 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру.

Семинарды өткізу түрі: офлайн және онлайн.

Семинар модераторы облыстық білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы Г.Бакиева семинар спикерлерімен таныстырып, қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселелерге тоқталды.

Семинар барысында «Терроризмге қарсы комиссия жұмысын үйлестіру», «Дін саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жастардың рухани әлеуметтенуі және қазіргі қоғамдағы ұлттық тәрбие мәселесі», «Деструктивті діни сана белгілері бар отбасылардағы балалардың психологиялық ерекшеліктері», «Жастар арасындағы діни фанатизм», «Қақтығыс аймағынан келген оқушылар және ата-аналарымен жүргізілетін психологиялық жұмыстың маңызы» тақырыптарында ақпараттар берілді.

Семинарға облыс әкімінің аппараты, терроризмге қарсы комиссия жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі С.Бектенгалиев, облыстық Дін істері басқармасының бас маманы М.Аманбекұлы, философия ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі Ү.Сәрсембин, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері М.Сарсенгалиева, дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың теологы Ә.Ұзақбай, Ақтөбе қаласындағы №28 ОМ психологы А.Тагибергенова және колледждердің тәрбие орынбасарлары мектеп психологтары, мектептің әлеуметтік педагогтары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Қатысушылар саны: офлайн – 120, онлайн – 725 адам.

Семинар соңында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

«ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРТІП: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ» ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ АЛАҢЫ

 

Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» құндылығы аясында «Құндылыққа негізделген тәртіп: құқықтық тәрбиенің жаңа форматы» облыстық ашық алаңы өтті.

Мақсаты - «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» құндылығы аясында білім беру ұйымдары мен мүдделі органдары өкілдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың заманауи тәсілдерін талқылау, құндылыққа негізделген тәртіпті тәрбиелеу арқылы білім алушылардың құқықтық санасын, азаматтық жауапкершілігін және заңға құрметін арттыруға бағытталған тиімді тәжірибелерді тарату.

Ашық алаңға мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен интернат тәрбиешілері онлайн форматта қатысты.

Ашық алаң барысында құндылыққа негізделген тәртіп бойынша тәжірибелер таратылып, құқықтық тәрбие беру әдістері талқыланды. Сонымен қатар, мектептер мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмыстарының тиімді жолдары көрсетілді.м

 

 

 

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚҰНДЫЛЫҒЫ АЯСЫНДА «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ» ОБЛЫСТЫҚ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ОНКҮНДІГІ

 

         Ағымдағы жылдың 12 – 23 қаңтар аралығында Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» құндылығы аясында «Жасөспірім және заң» облыстық профилактикалық онкүндігі өтті.

         Онкүндіктің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасында жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру арқылы қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын кеңінен насихаттау.

Сонымен қатар, онкүндік барысында білім алушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ата-ана, мектеп, құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту көзделді.

Аталған шара аясында сынып сағаттары, плакаттар байқауы, психологиялық тренингтер, квест-ойындар, зияткерлік ойындары, дебат турнирлері, спорттық шаралар, құқықтық сабақтары, әлеуметтік роликтер челленджі, кездесулер және танымдық шаралар ұйымдастырылды.

Қорытындылай келе, аталған профилактикалық онкүндік жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға деген құрметін арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға оң ықпал етті. Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың заң талаптарын түсіну деңгейін арттырып, жауапты әрі саналы азамат болып қалыптасуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары мен ата-аналар, құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланыс нығайып, қоғамда «Заң және тәртіп» құндылығын ілгерілетуге бағытталған жүйелі жұмыстардың маңыздылығын көрсетті.

 

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT