Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ» ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАРЫ

12 мамыр 2024 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру.

Семинарды өткізу түрі: офлайн және онлайн.

Семинар модераторы облыстық білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы Г.Бакиева семинар спикерлерімен таныстырып, қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселелерге тоқталды.

Семинар барысында «Терроризмге қарсы комиссия жұмысын үйлестіру», «Дін саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жастардың рухани әлеуметтенуі және қазіргі қоғамдағы ұлттық тәрбие мәселесі», «Деструктивті діни сана белгілері бар отбасылардағы балалардың психологиялық ерекшеліктері», «Жастар арасындағы діни фанатизм», «Қақтығыс аймағынан келген оқушылар және ата-аналарымен жүргізілетін психологиялық жұмыстың маңызы» тақырыптарында ақпараттар берілді.

Семинарға облыс әкімінің аппараты, терроризмге қарсы комиссия жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі С.Бектенгалиев, облыстық Дін істері басқармасының бас маманы М.Аманбекұлы, философия ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі Ү.Сәрсембин, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері М.Сарсенгалиева, дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың теологы Ә.Ұзақбай, Ақтөбе қаласындағы №28 ОМ психологы А.Тагибергенова және колледждердің тәрбие орынбасарлары мектеп психологтары, мектептің әлеуметтік педагогтары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Қатысушылар саны: офлайн – 120, онлайн – 725 адам.

Семинар соңында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы керуен» дөңгелек үстел 

Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні  білім беру саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің мәдениет лекторы, қоғам қайраткері Таганов Еркебулат Серикович аудан, қала білім беру мекемелерінің басшыларымен, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы керуен» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормаларымен, сыбайлас жемқорлық түрлерімен таныстырып, академиялық адалдықты сақтаудың, парасаттылық пен әділдік қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда тәрбиелеу субъектілерінің серіктестігі 

Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні «Балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда тәрбиелеу субъектілерінің серіктестігі»  тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

          Мақсаты: Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтардың алдын- алу жұмыстарын жүргізу үшін құқықтық негіздерді мектеп жағдайында қалыптастыру.  Алғы сөз  Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы  директорының міндетін атқарушы Скакова Жеміс Бердигалиевна жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың Ақтөбе облысы бойынша санының артуы жөнінде сөз қозғады. Ол статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, соңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасында орын алған құқық бұзушылық фактілерінің көбейіп келе жатқанын атап өтті.

          Шара барысында Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Қойшыбаев Манарбек Әзбергенұлы «Ақтөбе облысы бойынша жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың орын алуы» тақырыбында баяндама жасады. Ол құқық бұзушылықтың негізгі түрлеріне, себептеріне және алдын алу шараларына тоқталып, құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелерінің өзара іс-қимылының маңыздылығына тоқталды.

Ақтөбе қаласындағы №58 жалпы білім беретін мектептің директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сисенова Замира Максутовна «Мектепішілік бақылау — тәрбие үдерісін тиімді басқарудың негізі» тақырыбында сөз сөйлеп, мектепішілік тәрбие жұмысының құрылымы, бақылау тетіктері және ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар туралы тәжірибесімен бөлісті.

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскер педагог-психологы Телағысова Ментай Ырзабайқы «Буллингтің алдын алу: тәрбие және психологиялық қызметтің ықпалдастығы» тақырыбында баяндама жасап, буллингтің психологиялық салдарлары мен оны болдырмау үшін мектеп пен психологтардың тығыз байланыста жұмыс істеу қажеттілігін атап көрсетті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Смагулова Алия Темиргалиевна «Балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда тәрбиелеу субъектілерінің серіктестігі» тақырыбында баяндама жасап, тәрбие жұмысын жүзеге асыруда мектеп, отбасы және қоғам арасындағы тиімді әріптестіктің үлгісін ұсынды.

Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық, қалалық білім беру ұйымдарында 9-11 сынып оқушыларына «Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»  тақырыбында  сынып сағаттары өтті

 КҮН САНЫ

Мемлекет басшысы белгілеген Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Балалар көзқарасы» челленджіне 1 миллионнан астам оқушы қатысты

 Челлендж кітаптың маңызын ұғынуға арналған ауқымды алаңға айналды — оқушылар оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісіп, әдеби кейіпкерлердің бейнелерін талқылады.

 Сонымен қатар 2023 жылдан бастап елімізде «Балалар кітапханасы» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында мектеп кітапханаларының қорына 1,6 миллион дана көркем әдебиет қосылып, жалпы кітап қоры 141 миллионнан асты.

Ақтөбе облысында 180 мың оқушы бір мезетте Абай шығармаларын оқыды

Бүгін Ақтөбе облысында «Абайды оқы, таңырқа!» атты бірыңғай оқу сағаты ұйымдастырылды. Игі шараға облыстың барлық білім беру ұйымдарындағы 180 мыңнан астам оқушы бір мезетте қатысып, ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін тебірене оқыды.

Таңғы сағат 10:00-де облыстағы 433 мектептің барлығында бір мезетте поэтикалық оқылымдар, театрландырылған қойылымдар мен әдеби композициялар ұйымдастырылды. Ауқымды шараға 180 мың оқушы қатысты.

Оқу сағатының мақсаты – Абай шығармашылығын кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болды.

Іс-шара бастауыш, орта және жоғары буын оқушыларына арнайы ұсынылған шығармалармен жүргізілді. Бүлдіршіндер Абайдың «Жаз», «Қыс», «Күз», «Ғылым таппай мақтанба» секілді өлеңдерін оқыса, орта және жоғары сынып оқушылары ақынның терең философиялық ойлары мен ұлт тағдырына арналған қара сөздерін мәнерлеп жеткізді.

Білім мен тәрбиені ұштастырған бұл рухани сағат оқушыларға үлкен әсер қалдырып, ұлы Абай мұрасын жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Тоғыз айға 9 іс-шара” Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында “Оқуға құштар мектеп” жобасы, “Балалар кітапханасы” бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткізілген Республикалық “Менің сүйікті кітабым-Абай шығармалары” атты челленджде  Ақтөбе облысы “Абай өлеңдерін жатқа айту” бағытын Көкшетау қаласынан қабыл алып, “Абай Құнанбайұлының лирикалық поэзиясын” орындауды Қонаев қаласына жолдады.

Кітап оқуды насихаттау ісіндегі жаңа мүмкіндіктер»

Ағымдағы жылдың 29 қараша күні«Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында облыстық жоспардың жүзеге асырылуы және тәжірибе алмасу мақсатында«Кітап оқуды насихаттау ісіндегі жаңа мүмкіндіктер» атты онлайн облыстық семинар өтті.

Семинар барысында:Байғанин ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері А.Қалданова «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүргізілуі бойынша өткізілген іс-шаралар есебін берді.№3 Қарауылкелді орта мектебініңкітапханашысы Ж.Бирмаганбетова «Балалар кітапханасы: жетістіктер мен болашағы»мектепішілік атқарылғаніс-шараларға тоқталып, мектепте ашылған “Кітап TIME” жобасымен таныстырды.Байғанин орта мектебінің кітапханашысыМ.Кулданбаева «Инклюзивті білім беруде TOPIQ бағдарламасының тиімділігі» тақырыбында инклюзив оқушыларды кітап оқуға қызығугылығын арттыруға болатындығын көрсетті.Тірек мектебінің кітапханашысы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында жасалған жұмыстарға тоқталды. «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар отбасы» тақырыбында №2 Қарауылкелді орта мектебінің кітапханашысы С.Жубатканова оқушыларды оқуға шақыруда отбасының рөлі маңызды екенін көрсетті.Қ.Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Алиева«Өнегелі кітап-өмірлік серігің»тақырыбында мектептегі оқушыларға арналған шкафтарға танымал және жергілікті ақын-жазушылардың кәтаптарына қолжетімділік барын, QR кодын сканерлеу арқылы қалаған кітабын оқуға мүмкіндік барын көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Сапалық құрам

20000
жалпы педагог саны
5000
педагог-модератор
4000
педагог-сарапшы
3500
педагог-зерттеуші
0
педагог-шебер

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT