ӘРІПТЕСТІК МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

 Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Атырау «APEC PetroTechnic» жоғары колледжі арасында өзара ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы екіжақты меморандумға қол қойылды.

Меморандум мақсаты:

Оқу, тәрбие және ғылыми-зерттеу қызметінде жаңа технологиялар мен озық тәжірибені беру арқылы кәсіби мамандар даярлау жүйесін жетілдіру, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастық жүргізу;

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жас маман» жобасы бойынша халықаралық стандарттарға сай бағдарламалармен жұмыс жасаудың жолдарын жоспарлау;

Дуальді оқытуды дамыту шеңберіндегі бірлескен ынтымақтастықты күшейту;

Өзара қызығушылық тудыратын ғылыми зерттеулер саласында, сондай-ақ проблемалық зертханалар мен тірек алаңдарын, құзыреттер орталықтарын дамыту саласында ынтымақтастықты жүзеге асыру. Іссапар барысында колледждің оқу процесін тиімді ұйымдастырудың ерекшеліктері таныстырылды, әріптестік меморандумы аясында жүзеге асырылатын іс-шараларды ұйымдастырудың жолдары талқыланды.

 БАТЫС ӨҢІРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

 Ақтөбе облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік жылдарындағы Ақтөбе облысы білім саласының дамуы" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында Батыс өңіріндегі әдістемелік орталықтардың директорларымен тәжірибе бөлісіп, педагогтердің кәсіби дамуын арттырудағы әдістемелік қызметтің тиімділігін талқылап, өзара әріптестік және серіктестік қарым-қатынастарды жүзеге асыру мақсатында меморандум жасалды.

Конференцияға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Жаманбаева Дина Узакбаевна, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының директоры Кубашева Гульмира Камаловна, Атырау облысы білім басқармасы әдістемелік орталығының директоры Баймашева Данагүл Қонысқызы және Маңғыстау облысы білім басқармасы «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталығының директоры Тұрланова Зейнет Тұрланқызы қатысты.

 АГРАРЛЫҚ САЛА ҒЫЛЫММЕН БІРГЕ ДАМИДЫ

 Аграрлық ғылым мен білімді дамытуды көздеген бір топ мамандар республикалық форумға барды. «Аграрлық салада ғылым мен өндірістің ұштасуы – сапалы маман дайындаудың кепілі» деп аталатын жиынға өңірден ауылшаруашылық бағытында оқытатын колледждің өкілдері қатысты.

Конференцияда ТжКББ бөлімінің меңгерушісі Г. Кулсейтова облыстағы аграрлық сала бойынша кәсіби маман даярлаудың жағдайы туралы баяндама жасады. Ш.Берсиев атындағы жоғары ауылшаруашылық колледжінің директорының орынбасары А.Турмагамбетова "Академиялық дербестікті сақтай отырып оқу бағдарламасын құру" тақырыбында өз пікірін білдірді.

Шымкент қаласы "Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі" базасында ұйымдастырылған конферецияда сондай-ақ, "Жас маман" жобасы, академиялық дербестік, үлгілі оқу бағдарламасы сөз болды.

 




 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1