2024 жылғы 3-5 қыркүйек аралығында Корея Ұлттық зейнетақы қызметінің делегациясы "БЖЗҚ"АҚ кеңсесінде болды. Екі елдің зейнетақы жүйелері, сын-тегеуріндер мен оларды шешудің ықтимал жолдары, сондай-ақ, ынтымақтастық келешегі талқыланды. Кореяның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қысқаша шолу жасайық. Оңтүстік Корея өзінің зейнетақы жүйесін екі негізгі министрлік арқылы басқарады: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі, сондай-ақ, Еңбек және жұмыспен қамту министрлігі. Әлеуметтік қамсыздандыру түрлері: 1 Ұлттық зейнетақы: жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қамтиды. Жарналар қызметкер мен жұмыс беруші арасында тең бөлініп, кірістің 9% құрайды (әрқайсысы 4,5%). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 9% жарнаны өздері төлейді. Бұл келесі төлемдерді қамтамасыз етеді: ? Зейнет жасына толуға байланысты зейнетақы ?Мүгедектік бойынша зейнетақы ?Асыраушысынан айрылу бойынша зейнетақы ?Біржолғы өтемақы төлемдері 2 Медициналық сақтандыру: кірістің 7,09% мөлшерлемесі. Келесіні қамтиды: ? Медициналық жәрдемақылар ? Жүктілік және босану бойынша жәрдемақылар 3 Жұмыспен қамтуды сақтандыру: жарналар кірістің 1,8% құрайды. Келесіні қамтиды: ? Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы ? Қайта даярлау және жұмыс табуға көмектесу 4 Жазатайым оқиғалардан сақтандыру: кірістің 1,47% мөлшерлемесі. Келесіні қамтамасыз етеді: ? Мүгедектік және асыраушысынан айрылу бойынша зейнетақы ? Жерлеуге арналған біржолғы гранттар мен төлемдер Зейнетақы жүйесінің құрылымы: 1 Базалық зейнетақы (0 деңгей): 64 жастан асқан азаматтардың шамамен 70% алып, мемлекеттік бюджет есебінен белгіленген қаражат негізінде төленеді. 2 Ұлттық зейнетақы (1 деңгей): 18 жастан 59 жасқа дейінгі барлық тұрғындарды қамтиды. Кем дегенде 10 жыл төленуі тиіс жарналар мен жұмыс істеген жылдар негізінде төленеді. 3 Корпоративтік және жеке зейнетақы (2 және 3 деңгейлер): корпоративтік зейнетақы кіріске, ал жеке зейнетақы — жинақ сомасы мен ерікті жарналарға тәуелді. 4 Арнайы кәсіптік зейнетақы: мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге және ерекше есептеу шарттары бар мұғалімдерге арналған.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1