Ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке тұлға – салымшы өз табысы есебінен өз пайдасына, сондай-ақ,  жеке немесе заңды тұлға болып есептелетін салымшы, алушының пайдасына аудара алады. ЕЗЖ кезеңділігін салымшы дербес айқындайды.

Бұл ретте жұмыс беруші өз қызметкерлерінің пайдасына ЕЗЖ аударуды жүзеге асыра отырып, салық салу кезінде артықшылықтарға ие болады. Өйткені, салық агенті қызметкердің пайдасына өз қаражаты есебінен төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Ал жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомалары қызметкердің табысы ретінде қарастырылмайды және жеке тұлғаға салық салу кезінде табыс салығы есепке алынбайды.

 

Қызметкер үшін бұл ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасының және тиісінше БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері мөлшерінің ұлғаюына оң әсерін тигізеді. Бұдан басқа, қызметкердің жұмыс берушіге өтініш беру мүмкіндігі де бар. Соның негізінде жұмыс беруші өтініш берушінің не үшінші тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға ЕЗЖ-ны тұрақты түрде аударатын болады.

 

БЖЗҚ-да ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын ашуға БЖЗҚ-ға жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына түскен бастапқы ЕЗЖ/уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ЕЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімі негіздеме бола алады.

 

Салымшы (алушы) ЕЗЖ сомасы түскен күннен бастап ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

 

ЕЗЖ-ны екінші деңгейдегі банктер және "Қазпошта"АҚ бөлімшелері арқылы аударуға болады. Кейбір екінші деңгейдегі банктер жарналарды онлайн (ұялы қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аударуға мүмкіндік береді.

 

ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғалардың тізбесімен және бұл үшін қажетті құжаттар топтамасымен БЖЗҚ сайтындағы мына бөлімде таныса аласыздар. 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1