2022 жылы 19 тамызда облыстық тамыз педагогикалық конференциясы аясында «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі - білім беру үдерісіндегі сапа кепілі» тақырыбында дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерінің панельдік сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Республикалық жарыстардын жүлдегерлерін дайындаған пән мұғалімдері, әр аудан бойынша жауапты мамандар қатысты.
Сессия жұмысы барысында «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен танысып, енгізілген өзгерістер талқыланды.
Панельдік сессия жұмысының бірінші бөлімінде Ақтөбе қаласының білім бөлімінің әдіскері Сраж Серик Аманжолович, Қобда ауданы И.Тайманов атындағы гимназияның АӘТД пәнінің мұғалімі Мадетхан Нұрбол, М.Құсайынов ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының АӘТД пәнінің мұғалімі, «педагог-зерттеуші», облыстық АӘТД пәні ассоциация көшбасшысы Көшербаев Әлібек Арнауытұлы, Ақтөбе қаласы № 30 қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, «педагог-зерттеуші» Ораз Бердіғали Базарханұлы мен Сағындық Алтынбек Хасенұлы қатысып әдістемелік нұсқау хат бойынша өзгерістер, Әскери - патриоттық оқыту мен тәрбиелеуді жетілдірудегі мұғалімнің кәсіби шеберлігін айқындайтын әдіс-тәсілдер, заманауи педагогикалық технологияларды енгізу арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, дене шынықтыру сабақтарында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру туралы шығармашылық жұмыс барысымен бөлісіп, ойларын ортаға салды.
Панельдік сессия жұмысының екінші бөлімінде Ақтөбе қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Срымов Рамиль Маратович, Ақтөбе қаласы №9 орта мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Коршикова Елена Николаевна, Хромтау ауданы №2 Хромтау мектеп-гимназиясының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Жемисов Амансерик Айтуганович оқыту процесінде қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану жолдарымен, дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту түрлі әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, шебер-кластар көрсетті.
Сессия жұмысы қорытындыланып, ұсыныстар берілді.