2022 жылғы 19-тамызда Облыстың педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында білім беру мекемелеріндегі математика және физика пәні мұғалімдеріне арналған «Мектепте математика және физика бағытында  білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар» тақырыбында панельдік сессиясы болып өтті.

       Сессияға 100-ге тарта математика және физика пәндері мұғалімдері, облыстық ассоциация мүшелері қатысты.

     Панельдік сессия жұмысы Ы.Алтынсарын атындағы Ұлттық білім Академиясының жаратылыстану-математикалық ғылымдар бағытындағы пәндер және STEAM білім беру зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Шуиншина Шолпан Мырзақасымқызының «Білім беру  мазмұнында құндылықтардың жүзеге асуы және оның оқу бағдарламасындағы маңыздылығы» тақырыбындағы  алғы сөзімен ашылды.

    Сессия жұмысының бірінші бөлімінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі Құлшымбаева Нұргүл Естілеуқызы «Мұғалім рефлексиясының тәжірибені дамытуға әсері», Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі, Ақтөбе қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Ешимбетов Айболат Кенжегалиевич     «Математика пәні аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру», Ақтөбе қаласы №9 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Куанышбаева Алтынай Кадырбековна «STEM – оқытудың жаңа әдістемесі»  тақырыптарында ой талқылады.

 Панельдік сессия талқылауының соңында кері байланыс жасалып, ұсыныстар қабылданды.

       Сессия жұмысының екінші бөлімінде Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі, облыстық ассоциация төрағасы Саржанов Орынбасар «Теңсіздіктерді орталардың көмегімен дәлелдеу әдістері», М.Құсайынов атындағы  дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының физика пәні мұғалімі Жилгельдин Сабыржан Жексенгалиевич «Бір-бірімен өзара байланысқан денелердің динамикасы», Қарғалы ауданы  №2 Бадамша орта мектебінің физика пәні мұғалімі Кумарова Мая Аманжоловна «Физика сабағында контекстік тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру», Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі Қалдығұлова Ақбөбек Базаралықызы «Заманауи сабақ: білім беру платформалары, веб сервистер және педагог шеберханасы», Шалқар ауданы №1 мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі  Мұхамедияр Қамқа Сидаққызы «Математика пәнін басқа пәндермен интеграциялаудағы интербелсенді әдістер», Мәртөк ауданы №2 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі, педагог-шебер Каратаева Шұға Таласбаевна «Мектеп курсындағы комбинаторика есептері», Ақтөбе қаласы №9 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Шакимова Дина Бахыткереевна «STEM- технология будущего»  тақырыбында шебер-кластар көрсетті.

Сессия барысында қатысушылар жаңа оқу жылының міндеттері туралы ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

 

 Ғ.Байсейтова  Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1