Инклюзивті білім беру бойынша жұмыстың оң тәжірибесін тарату шеңберінде 2021 жылдың 26 қазанында «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру құқығын жүзеге асырудың аспектілері мен педагог-ассистенттің қызметі туралы» тақырыбында онлайн режимінде семинар-практикумы өткізілді.

Шараға инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін облыстың білім бөлімінің бас мамандары мен әдіскерлері және педагог-ассистенттері, мектеп психологтары қатысты.  

Семинардың басты спикері Нұр-Сұлтан қаласының «Болашақ» корпоративтік қоры «Каждый ребенок достоин школы» жобасының кураторы Г.Сулейманова «Инклюзивті қолдау кабинетінің» қызметімен  таныстырды және педагог-ассистенттердің республика көлемінде өткізіліп жатқан кәсіби құзыреттіліктерін шыңдауға бағытталған біліктілік арттыру курс  жұмыстарына тоқталды.

Іс-шараның практикалық бөлімінде бағдарламаға сәйкес өз іс- тәжірибесімен бөліскендер: Ақтөбе қаласының №19 жалпы орта білім беру  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Беисова «Сопровождение  ученика с ООП педагогом-ассистентом»,  педагог-ассистенттер: А. Саматқызы «Педагог-ассистенттің құжаттары»,  А.Нугманова «Педагог-ассистенттің жұмысы»; № 29 ЖОББМ «Инклюзивті қолдау кабинетінің» мұғалімі Е.Глущенко, педагог-ассистент О.Тофан «Функции и этапы комплексного сопровождения детей с ООП  в условиях общеобразовательной школы»; № 26 ЖОББМ «Инклюзивті қолдау кабинетінің» мұғалімі К.Золина, педагог-ассистент А.Дарибаева «Формирование базовых академических навыков альтернативными методами».

Спикерлер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктерін  ескеру, педагог-ассистенттердің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, нормативтік-құқықтық актілерін қолдану, жаңа әдіс- тәсілдер бойынша шебер-кластар көрсетіп, мол мағлумат берді.        

Семинар-практикум  қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

 

Әдіскер М. Раисова

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1