2010 жылдан бастап Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде, оның негізгі қағидаты, тиісті жағдайлар жасалған жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала дені сау құрдастарымен бірлесіп оқуға құқығы бар.

Инклюзивті білім беру аясында бала оқу процесіне бейімделмеуі керек, керісінше – оқытудың сипаты мен қарқыны баланың қажеттіліктеріне бейімделеді. Бұл туралы 2021 жылғы 17 тамызда онлайн режимінде өткен инклюзивті және арнайы білім беру педагогтары секциясында да айтылды.

Секцияны ұйымдастырушы-Ақтөбе облысының білім басқармасы.

Облыстық ПМПК, облыстық оңалту орталығы, Ақтөбе қаласының № 16, 19, 26 ЖОББМ ресурстық орталықтарының өкілдері ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараға қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытатын білім беру ұйымдары білім беру бағдарламаларын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке даму ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес бейімдеуі тиіс екенін атап өтті.

Модератор-Ақтөбе облысы білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Қуандықұлы Алдажаров қолжетімді білімге ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың құқықтарын кемсітусіз іске асыруға және оларды оқытудың барлық деңгейлерінде инклюзивті білім берумен қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік-құқықтық құжаттарды түсіндірді.

Іс-шараға қатысушылар арасында сындарлы диалог болды.

Бөлім басшысы А. Наренова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1