2020 жылдың 30 қарашасы мен 2021 жылғы 20 қаңтар аралығында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әдіскерлері мен педагогтары арасында «Ең жаңашыл ұстаз» атты кәсіби байқауы ұйымдастырылды.

Байқауда педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттыру және олардың жаңа, тың, рухани  құнды дүниелер тудыратын әрекеттеріне, бастамаларына, ізденістеріне қолдау көрсету және мадақтау мақсаттары көзделді.

Байқаудың  «Педагог жетістіктері» 1-кезеңінде байқауға қатысушы өзінің және студенттерінің жетістіктерін 2 мин видео және эссе түрінде жолдаса,  2 -кезең «Шығармашылық бастама»  бойынша қатысушы педагог өзекті, практикалық және рухани құндылығы бар  жаңа ой, идея немесе зияткерлік еңбегінің нәтижесін жоба түрінде ұсынуы арқылы сайысқа түсті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!! 

«Креативті педагог» номинациясы бойынша

Тобажанова Роза Рустемовна- Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі оқытушысы

Тормина Ирина Анатольевна -Дүние колледжі, оқу бөлімінің әдіскері

Бегентаева Венера Кайрбаевна- Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі оқытушысы

«Жаңашыл педагог» номинациясы бойынша 

Калдыбаева Нагима Кураловна- Кеңес Одағының Батыры М.Мәметоваатындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі оқытушысы

Колганатова Разия Жугинисовна-  Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушысы

 

 

Орындаған: М.К. Жұбандықова техникалық және кәсіптік білім және кәсіби бағдар беру бөлімінің  бөлім меңгерушісі, М.Т. Абенова бөлім әдіскері.

FaLang translation system by Faboba

 

 

Хабарландыру

Нургалиева Жанилсин Достангалиевна

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директоры

толығырақ

Соңғы жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мен Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған бірлескен жоспар негізінде
24.04.2024
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 24 сәуір күні «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Кітапхана – жастар үшін мүмкіндіктер кеңістігі» тақырыбында әдістемелік-с
24.04.2024
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың сәуір айының 23 жұлдызында облыстық мамандандырылған лицей-интернат психологтарының іс-тәжі
23.04.2024
Облыстық, республикалық жобалар
19.04.2024

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1