Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Бүгінде еңбек кітапшасы қажет пе? Зейнетақыны есептеу үшін еңбек өтілін кім және қалай растауы тиіс?

 

 Бұл зейнетақы төлемдері мен қызметкердің зейнеткерлікке шыққанға дейінгі жалақысының арақатынасын, яғни оның зейнетақысы жалақысын қаншалықты алмастыра алғанын көрсетеді.

 

 БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: қалай есептеледі және қайда жүгіну керек 

Зейнетақы жинақтарының есебін БЖЗҚ жүргізеді. Талап етілмеген зейнетақы жинақтары инвестициялануын жалғастырып, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарында алушылар не олардың мұрагерлері (салымшы қайтыс болған жағдайда) талап еткенге дейін сақталады.

«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) зейнеткерлік жасқа жақындаған не толған алушыларға да, Қорда зейнетақы жинағы бар, бірақ зейнет жасына жетпей марқұм болған салымшылардың/алушылардың мұрагерлеріне де зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін уақытылы жүгіну қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады.

Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерін проактивті форматта мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырады.

Егер:

Зейнеткер жинағынан төлем ресімдеуге өтініш бермесе 

БЖЗҚ зейнетақы жүйесіне қатысты түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізіп келсе де, сауалдар азаяр емес. Жарналардың қандай түрлері бар?  Жұмыс беруші оларды қалай, ең бастысы, қаншалықты аударып жатыр? Зейнетақы қалай тағайындалады? Тізе берсек шегі жоқ. Ірі қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындары бұл сұрақтардың жауабын БЖЗҚ кеңсесіне барып, кәсіби мамандармен тікелей жүздесе отырып ала алады. Ал шалғай ауыл-аймақтардағы отандастырымыздың сұранысын қалай қанағаттандыруға болады?  Олқылықтың орнын толтыру мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жылжымалы “Мобильді кеңсені” іске қосты.

01.06.2025 жылғы жағдай бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – шамамен 37,3 млрд теңге, бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) сақталған. Оның ішінде БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтеріне сәйкес:

 БЖЗҚ сайты мен мобильді қосымшасындағы арнайы бөлімнен келесі анықтамаларды алуға мүмкіндігіңіз бар: 

Актуарлық модельдеу дегеніміз не?

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 14,86 млн АҚШ доллары сомасына 117 495 өтініш орындалды (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 9,20 млн АҚШ доллары сомасына 71 488 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 5,66 млн АҚШ доллары сомасына 46 007 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.

Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.

Соңғы жылдары салымшылардың БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсететін қызметтеріне деген қызығушылығы айтарлықтай өскені байқалды. Маңыздысы – мұндай қызметтердің 7/24 режимде қолжетімді болуы.

«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) зейнеткерлік жасқа жақындаған не толған алушыларға да, Қорда зейнетақы жинағы бар, бірақ зейнет жасына жетпей марқұм болған салымшылардың/алушылардың мұрагерлеріне де зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін уақытылы жүгіну қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады.

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 13,34 млн АҚШ долларына 108 694 өтініш орындап, өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 7,95 млн АҚШ долларына 64 325 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 5,38 млн АҚШ долларына 44 369 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.

    Зейнетақы және нысаналы жинақтар (ҚР кәмелетке толмаған азаматтарына "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде есептелетін) – БЖЗҚ-да шоты ашылған жеке тұлғаның меншігі. Тиісінше, бұл жинақтар мұраға беріледі.  

           Зейнетақы жарналарын – міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу бірінші жарна түскен кезде жүргізіледі. Пайдасына зейнетақы жарналары жүзеге асырылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру жарналарды аудару кезіндегі төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректердің (ТАӘ, ЖСН, туған күні) негізінде жүзеге асырылады. БЖЗҚ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы және өзге де барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша, ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ, өйткені зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша шот автоматты түрде ашылады.

           Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) агенттер төлейді. Агент – БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен МЗЖ, МКЗЖ, ЖМЗЖ, ЕЗЖ аударатын, ұстап қалатын (есептейтін) жеке немесе заңды тұлға. Оларға Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар да жатады. 

            БЖЗҚ қызметтерінің 90%-дан астамы автоматты, электрондық және қашықтықтан тәулік бойы (24/7) ұсынылады.

         Қазақстанның басқа азаматтарының зейнетақы жинақтары сияқты, фрилансерлердің зейнетақы жинақтары да инвестицияланады. Инвестициялаудың негізгі мақсаты - ұзақ мерзімді перспективада нақты табыс табу. Сондықтан оларды басқару нәтижелерін объективті бағалау үшін кем дегенде 1 жыл кезеңіндегі деректерді талдау қажет. Мұндай мерзім ұзақ мерзімді перспективада инвестициялардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

 - Болашақта алатын зейнетақыңыздың мөлшерін арттыра түскіңіз келсе, зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын да аударып отырсаңыз болады. Ерікті зейнетақы жарналарының артықшылығы көп. Мәселен, Сіз жарна мөлшері мен төлеу кезеңділігін, жинақталған зейнетақы қаражатын алу тәртібін өзіңіз белгілейсіз. Ерікті аударымдарды екінші деңгейдегі банктердің ұялы қосымшалары арқылы төлеуге болады. Бұл БЖЗҚ салымшылары үшін тиімді әдіс.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Сізді қырағы болуға шақырып, дербес деректеріңізді мұқият қорғау қажеттілігі туралы ескертеді.

«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды және БАҚ өкілдерін 2025 ж. 11 маусымында «Ашық есік күні» аясында өтетін онлайн-кездесуге шақырады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшыларына қолдау көрсетуге және ақпараттандыруға бағытталған кең ауқымды қызметтерді белсенді түрде ұсынып келеді. 2025 жылғы 1 қаңтар мен 1 мамыр аралығында халыққа шамамен 19,4 млн қызмет көрсетілді.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асыру барысында "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 9,30 млн аса АҚШ долларына 83 937 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 5,37 млн астам АҚШ долларына 48 626 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 3,93 млн АҚШ долларына 35 311 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді. Келісімге сай, әрбір ЕАЭО мемлекеті өз аумағында жинақталған еңбек өтілі үшін зейнетақы тағайындайды және төлейді.

      Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы төлемдерін алу құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да міндетті, міндетті кәсіптік (МЗЖ, МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.

  Зейнетақыңыздың көлемі Сіздің зейнетақы жинақтарңыздың көлеміне тікелей байланысты, ол өз кезегінде міндетті зейнетақы жарналарының толық көлемде уақытында төленуі арқылы қалыптасады. Жеке кабинет арқылы өз шоттарыңызды үнемі бақылап отыру – болашақта алатын зейнетақыңыздың көлемін шынайы бағалауға мүмкіндік береді және жинақтарыңызды арттыру үшін қажетті шараларды қабылдауға көмектеседі.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT