Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды және БАҚ өкілдерін 2025 ж. 11 маусымында «Ашық есік күні» аясында өтетін онлайн-кездесуге шақырады.

Кездесудің тақырыбы: «Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз, алаяқтықтан сақтану жолдары».

Онлайн-кездесуде зейнетақы жинақтары бойынша халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтылады. 

Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы толық ақпарат береді,  сондай-ақ, ақпаратты тек ресми дереккөздерден және тікелей Қордан алудың маңыздылығын, заңды қызметтер мен алаяқтық әрекеттерді қалай ажыратуға болатынын, сондай-ақ ақылы кеңес ұсынатын бөгде тұлғалардан қандай қауіптер туындайтынын түсіндіреді. 

Сонымен қатар, Қор қызметкерлері зейнетақы төлемдерін алу тәртібімен таныстырады. Бұдан бөлек, шарттар мен ресімдеу тәсілдері, enpf.kz сайтынан төлемдерді ресімдеу тәртібі жөнінде ақпаратты табу жолдары туралы айтылады.

Сіз зейнетақы жинақтарының қыр-сырын түсінуге көмектесетін және барлық сұрақтарыңызға жауап беретін сарапшылармен әңгімелесе аласыз.

 Қалай қатысуға болады?

∙ Іс-шараға тіркеліңіз. Сілтемелер Instagram-профильдің жоғарғы бөлігінде қолжетімді.

∙ Кестеге сәйкес онлайн-сессияға қосылыңыз.

∙ Сұрақтарыңызды қойып, толық жауап алыңыз. 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT