Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Сізді қырағы болуға шақырып, дербес деректеріңізді мұқият қорғау қажеттілігі туралы ескертеді.

Интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Ондай кезде қаскүнемдер өздерін мемлекеттік органдардың немесе қаржы ұйымдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізуге тырысады.

Назар аударыңыз:

  • "БЖЗҚ" АҚ қызметкерлері телефон арқылы қоңырау шалмайды.

o ЖСН, жеке куәлік нөмірі;

o банктік карталар немесе шоттар туралы мәліметтер;

o SMS растау кодтары;

o қолданбалар мен басқа қызметтердің құпия сөздері

туралы мәліметтерді беруіңізді өтінбейді.

  • "БЖЗҚ" АҚ телефон арқылы ықтимал күдікті әрекеттер немесе "қаражатты бұғаттау" туралы хабардар етпейді.
  • Кез келген ресми ақпарат салымшының жеке кабинеті, Қордың ресми сайты арқылы немесе салымшы "БЖЗҚ"АҚ филиалына жеке өтініш жасаған кезде беріледі.

Өзіңізді қалай қорғауға болады:

  • Өздерін "БЖЗҚ" АҚ немесе мемлекеттік құрылымдардың қызметкері ретінде таныстырса да, құпия деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз.
  • Түскен ақпараттың дұрыстығын ресми дереккөздер (www.enpf.kz сайты, 1418 байланыс орталығы) арқылы тексеріңіз.
  • Күмәнді қоңыраулар жасалып, хабарламалар алған жағдайда — қарым-қатынасты дереу тоқтатып, алаяқтық әрекет туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Зейнетақы жинақтарыңыз бен жеке мәліметтеріңізге сақ болыңыз! Оларды сауатты қорғай біліңіз!

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT