Телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 2 ай бұрын egov.kz сайтындағы құжаттар тізбесіне сілтеме жасай отырып,зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын маңдағы бөлімшесіне уақтылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Яғни мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшін тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.
Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жасау бойынша белсенді қызмет көрсету мақсатында зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және оларды алуға өтініш білдірмеген тұлғаларға қатысты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп осы азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоғын жыл сайын салыстырып, тексеру жүргізеді. Жыл сайын жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ оларға мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде, яғни өтінішсіз зейнетақы төлемдерін жасайды.