Техникалық және кәсіптік білім беру және кәсіби бағдар беру бөлімі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіруге, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарын жүзеге асыруда алға қойған мақсаттар мен міндеттерді қамтамасыз етуге және педагог кадрлардың кәсіби құзырлылығы арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған.
Бөлімнің мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инновациялық әлеуетін арттыруға ықпал ету, кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда білім беру мекемелерін білікті ақпараттық-әдістемелік, оқу–әдістемелік, ұйымдастыру-жобалық ертіп жүру мен қолдау жүйесін құру негізінде, басқару және педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін тиімді механизмдері мен жағдайларын құру.
Техникалық және кәсіптік білім және кәсіби бағдар беру бөлімі бірнеше бағытта жұмыстар атқарады:
-аналитикалық қызмет;
-әдістемелік-ұйымдастыру қызметі;
-колледжде оқу–әдістемелік жұмысынжүргізу қызметі (байқаулар, шебер-кластар,семинарлар, конференциялар, отырыстар, вебинарлар);
-педагогтерді аттестаттауда портфолиосына сараптама жасау қызметі;
-педагогтердің іс-тәжірибесінен көмекші әдістемелік құралдарды баспаға ұсыну, әдістемелік қолдау көрсету.
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары бойынша «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына үміткерлер мен қайта растайтын қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Жаңашыл идеялар мен озық тәжірбие: авторлық әдістеменің негіздері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Облыс деңгейінде кемінде 3 ауданда тәжірбиені тарату мақсатында ұйымдастырылған облыстық семинарға Ақтөбе қаласы, Мұғалжар, Қобда, Темір, Шалқар, Байғанин аудандарының қосымша білім беру педагогтері авторлық бағдарламаларын таныстырды.
«Ұлттық қолөнер–ұлттық құндылықтар»
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы, Қалалық көкремсурет лицейінің қосымша білім беру педагогі, Қазақстан ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мүшесі, Қазақстан Этнодизайнерлер одағының мүшесі Таженова Ләйла Мырзалиевна жетекшілігімен «Ұлттық қолөнер–ұлттық құндылықтар» тақырыбындағы шығармашылық шеберхананың кезекті отырысы және қосымша білім беру ұйымдарының көркемсурет топтарының, бейнелеу және көркем еңбек бөлімдерінің педагогтеріне арналған «Қосымша білім берудегі шығармашылыққа үйретудің инновациялық әдістері мен технологиялары» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.
Шара барысында Ақтөбе қаласы, Қалалық көркемсурет лицейі, қосымша білім беру педагогі Таженова Лэйла Мырзалиевна «Гобелен тоқу өнері», Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің бейнелеу өнері үйірмесінің жетекшісі Жулкерова Гульназ Шамильевна «Шығармашылық пен ізденіске қол жеткізу арқылы жаңа технологияларды тиімді пайдалану», «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК-нің қосымша білім беру педагогі Төребекова Римма Көпбергенқызы «Жүнмен шығыңқы бейне жасау», Ырғыз аудандық көркемсурет мектебінің бейнелеу өнері үйірмесінің жетекшісі Махаева Жанат Бекбулатовна «Шелкография әдісі», «Бұйымдарды безендіру», «Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК-ның «Қолданбалы қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Өришанова Гүлжанат Балтабайқызы «Тұмар картинкасы»,Қазанғап атындағы Өнер мектебінің қосымша білім беру педагогі Жангасиева Самал Айсагалиевна «Сәндік қолданбалы өнерінің декоративтік элементтері» тақырыбында шебер-кластарда теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдерді көрсетіп, шығармашылық шеберхана мүшелері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында қортындыланып, шеберхана мүшелерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын тындалып, кері байланыс жасалды.
Айтыс түрлері және оның көркемдік ерекшеліктері
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы» КММ -нің «Сөз барымтасы» айтыс үйірмесінің жетекшісі, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының мүшесі, республикалық айтыстардың жүлдегері, қосымша білім беру педагогі Керімбек Аруна Берікқызының «Айтыс түрлері және оның көркемдік ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық шығармашылық шеберхана отырысы өткізілді.
Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының бөлім әдіскері А.М.Нарегеева және Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы»КММ-нің әдістемелік бөлім меңгерушісі Ж.З.Қонысова сөз сөйлеп, Шығармашылық шеберхана бағдарламасы мен мақсатын таныстырып, спикерге сәттілік тіледі.
Шығармашылық шеберхана жетекшісі «Қосымша білім беру ұйымдарында айтыс үйірмесінің маңызы», «Айтысқа дайындау барысында жіберілетін қателіктер», «Мақам таңдауда дәстүрлі ән мектептеріне назар аудару», «Айтыс өнеріндегі негізгі ұстанымдар» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Отырыс соңында қатысушы әріптестермен кері байланыс жүргізіліп, сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Состоялось очередное заседание областной мастерской на тему «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»
ОБМЕН ОПЫТОМ ПЕДАГОГОВ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
«Применение игровых пособий в воспитательно- образовательном процессе» СОСТОЯЛОСЬ II ЗАСЕДАНИЕ ОБЛАСТНОЙ ТВОРЧЕСКОЙ МАСТЕРСКОЙ
Областной мастер-класс на тему «Балалардың сенсомоторлы ерте дамуы: ойындар мен жаттығулар»
© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр