https://bilimaktobe.kz/kz/profilakticheskij-sovet#sigFreeId9f93b61070
«ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІ МОДЕЛІ» облыстық ашық алаң
Ағымдағы жылдың 26 қараша күні «Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру: профилактикалық жұмыстардың тиімді моделі» тақырыбында облыстық ашық алаң өтті.
Іс-шараның мақсаты – тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар мен сынып жетекшілеріне қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және профилактикалық жұмысты тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау көрсету.
Алаң жұмысына білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.
Ашық алаң барысында спикерлер төмендегі бағыттар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті:
- Аскербекова Ақгүл Аскербекқызы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары – Алғы сөз;
- Аймурзина Гүлназ Асқаровна, Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – «Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. ҚР заңнамасына және білім беру стандарттарына сәйкес тәрбие жұмысы»;
- Кенжеғалиева Гаухар Жақсылыққызы, Ұ.Құлымбетов атындағы №64 мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – «Сынып жетекшісі: оқушы идеалы, адами құндылықтарды бойға дарытушы, мәдениетке, адалдыққа шақырушы тұлға» портфолиосы;
- Суюмова Енілікгүл Тлекбаевна, №5 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – «Тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудағы мектепішілік бақылаудың рөлі»;
-
«ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРТІП: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ» ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ АЛАҢЫ
Мақсаты - «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» құндылығы аясында білім беру ұйымдары мен мүдделі органдары өкілдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың заманауи тәсілдерін талқылау, құндылыққа негізделген тәртіпті тәрбиелеу арқылы білім алушылардың құқықтық санасын, азаматтық жауапкершілігін және заңға құрметін арттыруға бағытталған тиімді тәжірибелерді тарату.
Ашық алаңға мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен интернат тәрбиешілері онлайн форматта қатысты.
Ашық алаң барысында құндылыққа негізделген тәртіп бойынша тәжірибелер таратылып, құқықтық тәрбие беру әдістері талқыланды. Сонымен қатар, мектептер мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмыстарының тиімді жолдары көрсетілді.
-
Қалдыбаева Ақмарал Боранбаевна, Мәлік Ғабдуллин атындағы №70 мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және
Қуанышбекова Данагүл Тынықбайқызы, осы мектептің аға тәлімгері – «Мейірім мен мәдениетке негізделген “ДОСБОЛLIKE” жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу бағдарламасының жүзеге асырылуы»; - Шагиров Жанибек Асылбекұлы, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі – Интернет алаяқтықтың алдын алу мәселелері.
Іс-шара соңында қатысушылар арасында өзара пікір алмасу өткізілді.
Бұл кездесу педагогтердің бірлескен кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және мектептердегі қауіпсіз білім беру ортасын нығайтуға маңызды үлес қосты.
https://bilimaktobe.kz/kz/profilakticheskij-sovet#sigFreeId64bf701778
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ» ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАРЫ
12 мамыр 2024 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру.
Семинарды өткізу түрі: офлайн және онлайн.
Семинар модераторы облыстық білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы Г.Бакиева семинар спикерлерімен таныстырып, қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселелерге тоқталды.
Семинар барысында «Терроризмге қарсы комиссия жұмысын үйлестіру», «Дін саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жастардың рухани әлеуметтенуі және қазіргі қоғамдағы ұлттық тәрбие мәселесі», «Деструктивті діни сана белгілері бар отбасылардағы балалардың психологиялық ерекшеліктері», «Жастар арасындағы діни фанатизм», «Қақтығыс аймағынан келген оқушылар және ата-аналарымен жүргізілетін психологиялық жұмыстың маңызы» тақырыптарында ақпараттар берілді.
Семинарға облыс әкімінің аппараты, терроризмге қарсы комиссия жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі С.Бектенгалиев, облыстық Дін істері басқармасының бас маманы М.Аманбекұлы, философия ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі Ү.Сәрсембин, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері М.Сарсенгалиева, дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың теологы Ә.Ұзақбай, Ақтөбе қаласындағы №28 ОМ психологы А.Тагибергенова және колледждердің тәрбие орынбасарлары мектеп психологтары, мектептің әлеуметтік педагогтары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Қатысушылар саны: офлайн – 120, онлайн – 725 адам.
Семинар соңында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
https://bilimaktobe.kz/kz/profilakticheskij-sovet#sigFreeId32a470f3df
«ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРТІП: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ» ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ АЛАҢЫ
Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» құндылығы аясында «Құндылыққа негізделген тәртіп: құқықтық тәрбиенің жаңа форматы» облыстық ашық алаңы өтті.
Мақсаты - «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» құндылығы аясында білім беру ұйымдары мен мүдделі органдары өкілдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың заманауи тәсілдерін талқылау, құндылыққа негізделген тәртіпті тәрбиелеу арқылы білім алушылардың құқықтық санасын, азаматтық жауапкершілігін және заңға құрметін арттыруға бағытталған тиімді тәжірибелерді тарату.
Ашық алаңға мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен интернат тәрбиешілері онлайн форматта қатысты.
Ашық алаң барысында құндылыққа негізделген тәртіп бойынша тәжірибелер таратылып, құқықтық тәрбие беру әдістері талқыланды. Сонымен қатар, мектептер мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмыстарының тиімді жолдары көрсетілді.м
https://bilimaktobe.kz/kz/profilakticheskij-sovet#sigFreeIdba40339a1a
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚҰНДЫЛЫҒЫ АЯСЫНДА «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ» ОБЛЫСТЫҚ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ОНКҮНДІГІ
Ағымдағы жылдың 12 – 23 қаңтар аралығында Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» құндылығы аясында «Жасөспірім және заң» облыстық профилактикалық онкүндігі өтті.
Онкүндіктің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасында жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру арқылы қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын кеңінен насихаттау.
Сонымен қатар, онкүндік барысында білім алушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ата-ана, мектеп, құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту көзделді.
Аталған шара аясында сынып сағаттары, плакаттар байқауы, психологиялық тренингтер, квест-ойындар, зияткерлік ойындары, дебат турнирлері, спорттық шаралар, құқықтық сабақтары, әлеуметтік роликтер челленджі, кездесулер және танымдық шаралар ұйымдастырылды.
Қорытындылай келе, аталған профилактикалық онкүндік жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға деген құрметін арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға оң ықпал етті. Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың заң талаптарын түсіну деңгейін арттырып, жауапты әрі саналы азамат болып қалыптасуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары мен ата-аналар, құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланыс нығайып, қоғамда «Заң және тәртіп» құндылығын ілгерілетуге бағытталған жүйелі жұмыстардың маңыздылығын көрсетті.

