2024 жылғы 22-26 сәуір күндері аралығында Ақтөбе облысының мектеп түлектеріне арналған «Өндірістегі бір күн» кәсіби бағдар беру апталығы өтті
Бұл шараның мақсаты – мектеп оқушыларының болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына ықпал ету, техникалық және кәсіптік мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ, оларды еңбек нарығына бейімдеу. Ақтөбе облысында өткен кәсіби бағдар беру апталығы өңіріміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының белсенді қатысуымен өтті, осы арқылы 500-ден астам мектеп оқушысына кәсіби бағыт-бағдар берілді.
Апталық аясында оқушылар түрлі кәсіпорындар мен өндіріс орындарында экскурсияға қатысып, өздерінің болашақ мамандықтары туралы нақты түсінік алуға мүмкіндік алды. Колледждер мен кәсіби білім беру ұйымдары өзара бірлесіп, «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты», «Данай» ТҚКС, «Зерде-Керамика Ақтөбе», «Адина» ательесі, «Шафран» мейрамханасы, «Қазақстан темір жолы–Жүк тасымалдау» АҚ, «Ақтөбе ЖТ бөлімі», “Dodopizza” желісі, «Көктем» шаруа қожалығы, Полиция департаментінің базасы, «Ембі Жылу», «Адсана», Ақтөбе теміржол станциясы, Ақтөбе теміржол вокзалы, «Іскер маман», «IZET Greenhouse» сияқты әлеуметтік серіктес мекемелерінде экскурсия ұйымдастырды.
Бұл экскурсиялар барысында оқушылар өндіріс орындарындағы мамандардың бір жұмыс күнімен танысып, заманауи технологиялар мен өндірістік инновациялармен танысты. Олар жұмысшы мамандықтарының нақты мазмұнын, ерекшеліктерін, еңбек нарығының талаптарын және қазіргі заманғы еңбек үрдісіндегі өзгерістерді көре отырып, өздерінің болашақ кәсіби таңдауын жасауға қажетті ақпарат алды. Экскурсиялар барысында білім алушылар кәсіби дағдыларды меңгеру жолындағы алғашқы қадамдарын жасап, болашақта сұранысқа ие мамандықтар туралы толық түсінік қалыптастырды.
Бұл апталық оқушылардың жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттырып, олардың еңбек нарығындағы табысты болашаққа деген сенімін күшейтуге зор ықпал етті.
Состоялось очередное заседание областной мастерской на тему «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»
ОБМЕН ОПЫТОМ ПЕДАГОГОВ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
«Применение игровых пособий в воспитательно- образовательном процессе» СОСТОЯЛОСЬ II ЗАСЕДАНИЕ ОБЛАСТНОЙ ТВОРЧЕСКОЙ МАСТЕРСКОЙ
Областной мастер-класс на тему «Балалардың сенсомоторлы ерте дамуы: ойындар мен жаттығулар»
© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр