Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Тоғыз айға 9 іс-шара” Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында “Оқуға құштар мектеп” жобасы, “Балалар кітапханасы” бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткізілген Республикалық “Менің сүйікті кітабым-Абай шығармалары” атты челленджде Ақтөбе облысы “Абай өлеңдерін жатқа айту” бағытын Көкшетау қаласынан қабыл алып, “Абай Құнанбайұлының лирикалық поэзиясын” орындауды Қонаев қаласына жолдады.
https://bilimaktobe.kz/kz/proekt-balalar-k-tapkhanasy-o-u-a-shtar-mektep#sigFreeId2858e9ed30
Кітап оқуды насихаттау ісіндегі жаңа мүмкіндіктер»
Ағымдағы жылдың 29 қараша күні«Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында облыстық жоспардың жүзеге асырылуы және тәжірибе алмасу мақсатында«Кітап оқуды насихаттау ісіндегі жаңа мүмкіндіктер» атты онлайн облыстық семинар өтті.
Семинар барысында:Байғанин ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері А.Қалданова «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүргізілуі бойынша өткізілген іс-шаралар есебін берді.№3 Қарауылкелді орта мектебініңкітапханашысы Ж.Бирмаганбетова «Балалар кітапханасы: жетістіктер мен болашағы»мектепішілік атқарылғаніс-шараларға тоқталып, мектепте ашылған “Кітап TIME” жобасымен таныстырды.Байғанин орта мектебінің кітапханашысыМ.Кулданбаева «Инклюзивті білім беруде TOPIQ бағдарламасының тиімділігі» тақырыбында инклюзив оқушыларды кітап оқуға қызығугылығын арттыруға болатындығын көрсетті.Тірек мектебінің кітапханашысы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында жасалған жұмыстарға тоқталды. «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар отбасы» тақырыбында №2 Қарауылкелді орта мектебінің кітапханашысы С.Жубатканова оқушыларды оқуға шақыруда отбасының рөлі маңызды екенін көрсетті.Қ.Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Алиева«Өнегелі кітап-өмірлік серігің»тақырыбында мектептегі оқушыларға арналған шкафтарға танымал және жергілікті ақын-жазушылардың кәтаптарына қолжетімділік барын, QR кодын сканерлеу арқылы қалаған кітабын оқуға мүмкіндік барын көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.