Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымдық жиында эпистолярлық стильде жазылған «Абайға жүгінелік» кітабының тұсаукесері өтті.
Кітап авторы — қаламгер Мәтжан Қанатбай Елеусізұлы жиынға қатысып, Абай мұрасына деген көзқарасы мен шығармашылық тәжірибесі жайлы ой бөлісті.
Шара барысында Абайдың Қара сөздері мен өлеңдері оқылып, күйлері тыңдалды. Рухани туындымен танысқан оқырмандар өз пікірлері мен түйген ойларын ортаға салды.
Жиынға білім беру ұйымдарының басшылары, пән мұғалімдері, ардагер ұстаздар, кітапханашылар, қоғам белсенділері, сондай-ақ өңірдің зиялы қауымы мен білім саласының өкілдері арнайы шақырылды.
Абай мұрасын ұлықтаған бұл шара – рухани тәрбиенің, адамгершілік пен парасаттылықтың жарқын үлгісі болды.
https://bilimaktobe.kz/ru/proekt-balalar-k-tapkhanasy-o-u-a-shtar-mektep#sigFreeId43ba821f32
«БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КІТАПХАНА ІСІ: ЖАҢА НОРМАТИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ» ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ
Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні «Білім беру ұйымдарындағы кітапхана ісі: жаңа нормативтер және олардың қолданылуы» тақырыбында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кітапханаға жауапты әдіскерлері мен мектеп кітапханашыларына арналған облыстық оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты:
Білім беру ұйымдарындағы кітапхана ісіне қатысты жаңа нормативтік-құқықтық құжаттармен кітапхана мамандарын таныстыру, осы нормативтердің мазмұнын түсіндіру және оларды практикалық қызметте тиімді қолдану жолдарын үйрету арқылы кітапхана жұмысының сапасын арттыру. Озық тәжірибе алмасу және тиімді әдістерді енгізу.
Қаралған негізгі мәселелер:
- Жаңа нормативтік құжаттардың мазмұны және құрылымы;
- Кітапхана ісін жоспарлау мен ұйымдастырудағы өзгерістер;
- Кітапхана қызметіндегі цифрландыру мен заманауи әдістер;
- Кітапханашыларға арналған есеп және құжат жүргізу тәртібі;
- Тәжірибе алмасу және үздік практика үлгілерімен танысу.
Қатысушыларға әдістемелік ұсыныстар мен нормативтік құжаттар пакеті таратылды. Қатысушылар өз пікірлерімен, ұсыныстарымен бөлісіп, кәсіби тұрғыда тәжірибе алмасты.
«КІТАПХАНАНЫҢ КІТАП ОҚУДЫ ЫНТАЛАНДЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ» ОБЛЫСТЫҚ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 30 сәуір күні Ақтөбе қаласындағы №56 жалпы орта білім беретін мектебінде «Кітапхананың кітап оқуды ынталандырудағы маңызы» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті.
Семинар аясында мектеп кітапханашылары мен педагогтер оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен, соның ішінде креативті жобалармен, библио-кафе, кітап көрмелері мен әдеби көріністер ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, іс-шара барысында әдеби көріністер мен сахналық қойылымдар көрсетіліп, оқушылармен бірлескен шығармашылық жобалар ұсынылды. Қатысушылар кітапты насихаттаудың заманауи тың жолдарын талқылап, өзара тәжірибе алмасты.
Семинар білім беру ұйымдарындағы кітапхана жұмысының жаңа бағыттарын дамытуға, оқырман мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
КҮН САНЫ
Мемлекет басшысы белгілеген Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Балалар көзқарасы» челленджіне 1 миллионнан астам оқушы қатысты
Челлендж кітаптың маңызын ұғынуға арналған ауқымды алаңға айналды — оқушылар оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісіп, әдеби кейіпкерлердің бейнелерін талқылады.
Сонымен қатар 2023 жылдан бастап елімізде «Балалар кітапханасы» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында мектеп кітапханаларының қорына 1,6 миллион дана көркем әдебиет қосылып, жалпы кітап қоры 141 миллионнан асты.
https://bilimaktobe.kz/ru/proekt-balalar-k-tapkhanasy-o-u-a-shtar-mektep#sigFreeIdfb31041d3a
Ақтөбе облысында 180 мың оқушы бір мезетте Абай шығармаларын оқыды
Бүгін Ақтөбе облысында «Абайды оқы, таңырқа!» атты бірыңғай оқу сағаты ұйымдастырылды. Игі шараға облыстың барлық білім беру ұйымдарындағы 180 мыңнан астам оқушы бір мезетте қатысып, ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін тебірене оқыды.
Таңғы сағат 10:00-де облыстағы 433 мектептің барлығында бір мезетте поэтикалық оқылымдар, театрландырылған қойылымдар мен әдеби композициялар ұйымдастырылды. Ауқымды шараға 180 мың оқушы қатысты.
Оқу сағатының мақсаты – Абай шығармашылығын кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болды.
Іс-шара бастауыш, орта және жоғары буын оқушыларына арнайы ұсынылған шығармалармен жүргізілді. Бүлдіршіндер Абайдың «Жаз», «Қыс», «Күз», «Ғылым таппай мақтанба» секілді өлеңдерін оқыса, орта және жоғары сынып оқушылары ақынның терең философиялық ойлары мен ұлт тағдырына арналған қара сөздерін мәнерлеп жеткізді.
Білім мен тәрбиені ұштастырған бұл рухани сағат оқушыларға үлкен әсер қалдырып, ұлы Абай мұрасын жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.
https://bilimaktobe.kz/ru/proekt-balalar-k-tapkhanasy-o-u-a-shtar-mektep#sigFreeIdc49f034bee
29 ноября текущего года в рамках проекта«Школа стремящаяся учиться»в целях реализации регионального плана и обмена опытомПроведен региональный онлайн-семинар« Новые возможности в популяризации книжного чтения ».
В ходе семинара:Калданова А.А., методист Байганинского районного отдела образования, выступила с докладом о деятельности проекта «Школа,увлеченная чтением». Библиотекарь Караулкельдинской средней школы №3 Ж.Бирмаганбетова рассказала о внутришкольной деятельности «Детская библиотека: достижения и будущее» и представила открытый в школе проект «Кітап TIME». Библиотекарь Байганинской средней школы Кулданбаева М. показала, что можно повысить интерес инклюзивных учащихся к чтению книг по теме «Эффективность программы TOPIQ в инклюзивном образовании». Библиотекарь опроной школырассказала о работе, проделанной в рамках проекта «Детская библиотека» . Библиотекарь Караулкельдинской средней школы № 2 С. Жубатканова показала о важной роли родителей в поощрении учащихся к занятиям по теме «Школа, желающая учиться – семья, желающая учиться». Учитель казахского языка и литературы средней школы-гимназии имени К.Муханбеткалиулы Л.Алиева показала, что в школьных шкафчиках для учащихся есть доступ к книгам известных и отечественных поэтов-писателей по теме «Особая книга-спутник жизни» , и что можно прочитать нужную книгу, отсканировав QR-код, поделился своим опытом.
«МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ ТРЕНДТЕРІ» Областной обучающий вебинар
https://bilimaktobe.kz/ru/proekt-balalar-k-tapkhanasy-o-u-a-shtar-mektep#sigFreeId240c26ed31
Цель:
Раскрыть роль школьной библиотеки в образовательном процессе с новой позиции, представить её современные функции и направления развития, а также повысить профессиональную компетентность библиотекарей.
В вебинаре приняли участие заместители директоров по воспитательной работе организаций образования, руководители проекта «Балалар кітапханасы», школьные библиотекари и классные руководители.
Своим опытом поделились педагоги средней школы №40:
«Мектеп кітапханасының коворкингке айналуы: заманауи функциялар мен трендтер» — Куанова Рыскул Аскербековна, заведующая библиотекой;
«Кітапхана – заманауи оқырман қалыптастыратын орта: көркем әдебиетті оқытудағы бірлескен жұмыс» — Хамидуллина Асель, учитель казахского языка и литературы;
«Кітаптан кодқа дейін: “Scratch” программасы арқылы оқу мотивациясын арттыру» — Жаманова Нургул Мекешовна, учитель информатики;
««Балалар кітапханасы» жобасындағы цифрлық форматтар: кітап пен технологияның үйлесімі» — Жумагулова Нуржамал Амреевна, школьный библиотекарь.
В рамках вебинара было убедительно продемонстрировано, что современная школьная библиотека представляет собой не только пространство для хранения книг, но и многофункциональный коворкинг, а также центр цифрового и творческого развития обучающихся.
Ақтөбе облысы республикалық «Менің сүйікті кітабым» челленджіне қатысты.
https://bilimaktobe.kz/ru/proekt-balalar-k-tapkhanasy-o-u-a-shtar-mektep#sigFreeIdbfecc81d89
еліміздің оқушыларын кітап оқуға шақыру арқылы оқу
белсенділіктерін арттыру. Ақтөбе облысы әдеби эстафетаны Ақмола облысынан қабыл алып , Алматы облысына жолдады
Ақтөбе облысы бойынша таңдалған шығарма — Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы . Оқушылар шығарма желісі мен кейіпкерлер тағдырын талдап, «Сұрақ – шырақ» , «Неге шырақ?» әдістері арқылы өз көзқарастарын білдірді. Челлендж Zoom платформасы арқылы онлайн форматта өткізілді.
Кітап оқу – ойды тереңдетіп, рухты байытады!

