Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

«КІТАПХАНАНЫҢ КІТАП ОҚУДЫ ЫНТАЛАНДЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ»  ОБЛЫСТЫҚ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 30 сәуір күні Ақтөбе қаласындағы №56 жалпы орта білім беретін мектебінде «Кітапхананың кітап оқуды ынталандырудағы маңызы» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті.

Семинар аясында мектеп кітапханашылары мен педагогтер оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен, соның ішінде креативті жобалармен, библио-кафе, кітап көрмелері мен әдеби көріністер ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, іс-шара барысында әдеби көріністер мен сахналық қойылымдар көрсетіліп, оқушылармен бірлескен шығармашылық жобалар ұсынылды. Қатысушылар кітапты насихаттаудың заманауи тың жолдарын талқылап, өзара тәжірибе алмасты.

Семинар білім беру ұйымдарындағы кітапхана жұмысының жаңа бағыттарын дамытуға, оқырман мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

 КҮН САНЫ

Мемлекет басшысы белгілеген Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Балалар көзқарасы» челленджіне 1 миллионнан астам оқушы қатысты

 Челлендж кітаптың маңызын ұғынуға арналған ауқымды алаңға айналды — оқушылар оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісіп, әдеби кейіпкерлердің бейнелерін талқылады.

 Сонымен қатар 2023 жылдан бастап елімізде «Балалар кітапханасы» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында мектеп кітапханаларының қорына 1,6 миллион дана көркем әдебиет қосылып, жалпы кітап қоры 141 миллионнан асты.

Ознакомьтесь и информацией в интернете:
https://bilimaktobe.kz/ru/proekt-balalar-k-tapkhanasy-o-u-a-shtar-mektep#sigFreeIdcc4e5c3c7a

Ақтөбе облысында 180 мың оқушы бір мезетте Абай шығармаларын оқыды

Бүгін Ақтөбе облысында «Абайды оқы, таңырқа!» атты бірыңғай оқу сағаты ұйымдастырылды. Игі шараға облыстың барлық білім беру ұйымдарындағы 180 мыңнан астам оқушы бір мезетте қатысып, ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін тебірене оқыды.

Таңғы сағат 10:00-де облыстағы 433 мектептің барлығында бір мезетте поэтикалық оқылымдар, театрландырылған қойылымдар мен әдеби композициялар ұйымдастырылды. Ауқымды шараға 180 мың оқушы қатысты.

Оқу сағатының мақсаты – Абай шығармашылығын кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болды.

Іс-шара бастауыш, орта және жоғары буын оқушыларына арнайы ұсынылған шығармалармен жүргізілді. Бүлдіршіндер Абайдың «Жаз», «Қыс», «Күз», «Ғылым таппай мақтанба» секілді өлеңдерін оқыса, орта және жоғары сынып оқушылары ақынның терең философиялық ойлары мен ұлт тағдырына арналған қара сөздерін мәнерлеп жеткізді.

Білім мен тәрбиені ұштастырған бұл рухани сағат оқушыларға үлкен әсер қалдырып, ұлы Абай мұрасын жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.

Ознакомьтесь и информацией в интернете:
https://bilimaktobe.kz/ru/proekt-balalar-k-tapkhanasy-o-u-a-shtar-mektep#sigFreeId1afb285302

29 ноября текущего года в рамках проекта«Школа стремящаяся учиться»в целях реализации регионального плана и обмена опытомПроведен региональный онлайн-семинар« Новые возможности в популяризации книжного чтения ».

В ходе семинара:Калданова А.А., методист Байганинского районного отдела образования, выступила с докладом о деятельности проекта «Школа,увлеченная чтением». Библиотекарь Караулкельдинской средней школы №3 Ж.Бирмаганбетова рассказала о внутришкольной деятельности «Детская библиотека: достижения и будущее» и представила открытый в школе проект «Кітап TIME». Библиотекарь Байганинской средней школы Кулданбаева М. показала, что можно повысить интерес инклюзивных учащихся к чтению книг по теме «Эффективность программы TOPIQ в инклюзивном образовании». Библиотекарь опроной школырассказала о работе, проделанной в рамках проекта «Детская библиотека» . Библиотекарь Караулкельдинской средней школы № 2 С. Жубатканова показала о важной роли родителей в поощрении учащихся к занятиям по теме «Школа, желающая учиться – семья, желающая учиться». Учитель казахского языка и литературы средней школы-гимназии имени К.Муханбеткалиулы Л.Алиева показала, что в школьных шкафчиках для учащихся есть доступ к книгам известных и отечественных поэтов-писателей по теме «Особая книга-спутник жизни» , и что можно прочитать нужную книгу, отсканировав QR-код, поделился своим опытом.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT