Техникалық және кәсіптік білім беру және кәсіби бағдар беру бөлімі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіруге, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарын жүзеге асыруда алға қойған мақсаттар мен міндеттерді қамтамасыз етуге және педагог кадрлардың кәсіби құзырлылығы арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған.
Бөлімнің мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инновациялық әлеуетін арттыруға ықпал ету, кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда білім беру мекемелерін білікті ақпараттық-әдістемелік, оқу–әдістемелік, ұйымдастыру-жобалық ертіп жүру мен қолдау жүйесін құру негізінде, басқару және педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін тиімді механизмдері мен жағдайларын құру.
Техникалық және кәсіптік білім және кәсіби бағдар беру бөлімі бірнеше бағытта жұмыстар атқарады:
- аналитикалық қызмет;
- әдістемелік-ұйымдастыру қызметі;
- колледжде оқу–әдістемелік жұмысын жүргізу қызметі (байқаулар, шебер-кластар,семинарлар, конференциялар, отырыстар, вебинарлар);
- педагогтерді аттестаттауда портфолиосына сараптама жасау қызметі;
- педагогтердің іс-тәжірибесінен көмекші әдістемелік құралдарды баспаға ұсыну, әдістемелік қолдау көрсету.
БӨЛІМНІҢ АТАУЛАРЫ