«Кішкентай зерттеуші» вариативтік бағдарламасы ересек жас топ балаларының бойында ізденіс және эксперименттік әрекет дағдыларын яғни мақсатты түрде жаңа материалдармен эксперимент, үлгі жасау және заттар арасындағы жалпы белгілерді ажырата білуді қалыптастыруға бағытталып, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленген. Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балалардың бойында қалыптасқан дағдыларын өзіндік іс-әрекет жағдайларында қолдану мүмкіндіктерін арттыру арқылы зерттеушілік қабілетін дамыту, сол арқылы қалыптан тыс міндеттер мен проблемалық жағдайлардың шешімін өздігінен таба білу қажеттіліктерін қолдап, одан әрі жетілдіруге ынталандыруды қөздейді.