Жан-жағына жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздың бірі — біздің білім шаңырағындағы математика пәнінің мұғалімі, «Ақтөбе облысының үздік педагогі» төсбелгісі иегері, педагог шебер Абдуллин Нұрбек. Заман талабына сай жаңадан құрылған, ұлттық өнеге берер, болашақ қазақ мектебінің қандай болмағы мұғалімдерге үлкен міндет артады, шығармашылықпен жұмыс істеп, тынбай ізденуін қажет етеді.

Оқушылардың танымдық қызметін жоғарылатуда білім сапасын арттырудың маңызы зор. Осы мақсатқа жету үшін ол өз сабағында оқушыларға  топтық, жұптық тәсілдер қолданады. Соңғы жаңалықтарды оқушы санасына жеткізе қалыптастыруда, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, олардың танымдық белсенділігін жетілдіруде қиындығы жоғары есептер шығарудағы шеберлігі әр сабақта көрініс табады.

Нұрбек Кадыралиұлы жоғары білімін үнемі жетілдіріп, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды қолданып отырады. Кәсіби байқаулар мен олимпиадалар сынды бәсекелестік шараларынав қатысымы өте жоғары. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысын иеленген әріптесімізге атематика пәні мұғалімдерінің ІІ республикалық шығармашылық байқауында  бірінші дәрежелі диплом табысталған болатын.

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының математика пәні мұғалімдері арасында ұйымдастырылған аймақтық «Математикалық регата» турнирі, «Инновациялық педагогикалық білік – мектеп тәжірибесінде» тақырыбындағы республикалық педагогикалық жобада екінші қатардан көрініп, математика пәні мұғалімдерінің ІІІ халықаралық шығармашылық байқауында үздіктер шоғырының қатарында лайықты марапатталды.  

Мектептің нәтижелілігі мұғалімдердің оқушыларға беретін білімінің сапасымен, олардың оқушыларға қолдау көрсету және ынталандыру, сонымен қатар оқушы бойындағы ерекше қабілеттерді, дағдыларды анықтай алу қасиетімен өлшенеді. Нұрбек шыңдаған шәкірттер математика пәнінен озық танылып, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанды. Әріптесіміз дәріс беретін пәні бойынша білім сапа көрсеткіштерін үнемі көтеріп отырады.

Белсенді кәсіподақ мүшесі ретінде қоғамдық жұмысқа араласып, жас мамандармен тәрбие және біліктілік жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді. Біздің алтын ұямыз алпыс жылдан астам тарихы бар, бүгінгі биігіне жеткенше талай сатыдан өткен, дәуір үдерісіне ұлттық үрдісте даму үлгісін таңдап, бағыт-бағдары айқындалған, білім мазмұны заманауи сипат алған білім ордасы. Осы білім ордасында білім алған кейіпкеріміз мәртебелі мектебінде ұстаздық қызмет атқаратындығын әрдайым мақтан етеді.

– Ойлап отырсам, мұғалім мамандығына кездейсоқ келген жоқ екенмін. Біздің мектеп қабырғасында оқып жүрген жылдар оқуға, білімге құштарлығымыз бір шөліркеген жанның сусынға ұмтылысындай еді-ау. Интернатта әр жоғары класс оқушысы төмен кластағы оқушыларға қамқор болушы еді. Әрі анам да педагогикалық жолда ұзақ жылдар еңбек еткен жан. Сондықтан менің ұстанымым білімді, білікті тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатқа  жету үшін озық тәжірибелі педагогтердің іс тәжірибесі мен педагогикалық технологияларды қолдану нәтижесінде жоғары нәтижеге қол жеткіздім, – дейді ол бізбен әңгімесінде.

Бұл  мұғалім болуды арман еткен, бүгінгі таңда еңбегімен шәкірт махаббатына бөленген нағыз педагогтың жүрек жарды пайымы екендігі анық. Жас болса да, мол тәжірибесі бар ұстаздың бүгінде мектеп мұғалімдерінің шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына ерекше үлес қосқаны мақтауға да мақтануға да лайықты ізденісті еңбек.   

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1