«Өз жақсылармызды өзіміз ұлықтамасақ, өз жайсаңдарымызды өзіміз қызықтамасақ онда ол өз ырысымызды өзіміз тепкендік, өз тілеуімізді өзіміз кескендік те болар еді», – дейді қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаев. Адам өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, ерекше адамгершілікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық ол – ұстаздық.

 

Бұлай айтудың өзі ұстаз еңбегі біріншіден, адам өмірі тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі оқушыларымен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуде. «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын», – облысымыз ғана емес республика аумағына танымал, ұрпаққа білім мен тәрбие беруде алдыңғы қатарда үздік атанған біздің білім ордасындағы ұлағатты ұстаз Дәмежан Қыстаубаева туралы сөз қозғамақпыз.

Ол өзінің 35 жыл өмірін бүлдіршіндерге қалам ұстатудан бастап, сауатты, жан-жақты тұлға қалыптастыруға арнап келеді. Әріптестері арасында жолдастық құрмет, аналық қамқорлығы мол, шебер ұйымдастырушы, жан-жақты жетілген білгір, әдісқой маман ретінде ұжымы мен ата-ана, оқушылары арасында үлкен беделге ие болып жүрген тағылымды тәжірибесі мол тәлімгер. МАНПиИТ ұйымдастырған «Жыл үздігі» медалының иегері.

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен екі мәрте марапатталған парасатты педагогтың осы саладағы еңбегі өлшеусіз. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр. Олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. 

Дәмежан Мырзағалиқызы бала тәрбиесіне жаны ашып, асқан жауапкершілікпен қарай білетіндіктен отбасы құндылықтарын дәріптеп, мектептегі әрбір қыз балаға ибалылық, адамгершілік тәбие берумақсатында бес жыл бұрын қыздар клубының жұмысын үйлестірсе, қазіргі кезде «Дәмежан апайды тыңдайық!» жаңа жобасымен танылуда. Өнегелі өміріндегі көп жылдық тәжірибесінде көңілге түйгендерін қыз балалардың санасына ұялату жолында қажырлы қызмет атқарып келеді.

Бергенінен берері көп, тәжірибелі ұстаз бүгінде мектеп-лицей мұғалімдерімен қоса облыс ұстаздарын да шығармашылық тұрғыда шыңдап келеді. Жергілікті ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Үздік сабақ жоспары» облыстық байқауында бас жүлдемен марапатталған кейіпкеріміз «Проблемалық оқытудың  10 тәсілі», «Бастауыш сыныптарда дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру», «Бастауыш кластарға  арналған  диктанттар жинағы», «Жаратылыстану пәні арқылы  зерттеу ойлау және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбындағы әдістемелік құралдары мен облыстық «Педагогикалық  шолу» журналына  «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда шәкірттерді шығармашылыққа тәрбиелеу» тақырыбында ұсынған іс-тәжірибесі кейінгі буын жас мамандар үшін таптырмас көмекші құрал болары даусыз. Ұлағатты ұстазға мықты денсаулық пен игі жақсылықтар тілейміз!

Новый орта мектеп-лицейінің
ұжымы, Ақтөбе қаласы

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1