Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», жалпы білім беретін орта мектептерде оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіруге, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарын жүзеге асыруда алға қойған мақсаттар мен міндеттерді қамтамасыз етуге және педагог кадрлардың кәсіби құзырлылығы арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған.
Мақсаты: Педагог мамандардың ғылыми-теориялық әдістемелік шеберлік кәсіби деңгейлерін жетілдіру арқылы білім сапасын көтеруді қамтамасыз ету.
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімі бірнеше бағытта жұмыстар атқарады:
- аналитикалық қызмет;
- әдістемелік-ұйымдастыру қызметі;
- оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу қызметі (байқаулар, шебер-кластар, семинарлар, конференциялар, отырыстар, вебинарлар);
- педагогтерді аттестаттауда портфолиосына сараптама жасау қызметі;
- пәндік ассоциациялар жұмысын үйлестіру, облыстық жоспар, жобаларды іске асыру қызметі;
- педагогтердің іс-тәжірибесінен көмекші әдістемелік құралдарды баспаға ұсыну, әдістемелік қолдау көрсету.